Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы

 

Тақырыбы:  Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы

Тәрбие сағатында қолданылатын оқу құралдары: Қанатты сөздер жазылған плакаттар, ішіне қырық тілек жазылған түрлі-түсті қырық шар, интерактивті тақта

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына, мектебіне деген балалық алғыстарын, сүйіспеншіліктерін білдіру.

Сабақтың барысы:  

1-жүргізуші. Ассалаумағалейкум!

2-жүргізуші. «Сәлем-сөз анасы»  демекші, армысыздар ағайын!

1-жүргізуші. «Бір күн таныстыққа қырық күн сәлем» деген, біз осы қай жерде тұрмыз?

2-жүргізуші. «Мектеп-ғылым патшасы» емес пе, біз №21 лицейінде тұрмыз.

1-жүргізуші. «Миуалы ағашқа барлығы да қарайды» дегендей, бұл ауданымыздағы тұңғыш темір жол мамандарын дайындайтын лицей екен ғой.

2-жүргізуші. «Оқу-білім бұлағы, білім-өмір шырағы». Ендеше бұл оқу ордасын ертеңгі болашақ – бүгінгі бүлдіршіндеріміздің құттыхана мешіті десе де болады.

1-жүргізуші. «Жас келсе – іске » демекші, лицейдің  дені талантты жас ұстаздар көрінеді. «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» деген сөз бекер айтылмаған – ау, сірә.

2-жүргізуші. «Ақылды басшың болса, елдің алды боларсың, ақылсыз басшың болса, елдің соңы боларсың» дегендей, лицей басшылығына ел дән риза.

1-жүргізуші. Біз осы мақал – мәтелдер сайысында тұрған жоқпыз ба?!

2-жүргізуші. «Аталар сөзі – ақылдың көзі» демей ме, қара қылды қақ жарған Әйтеке би, Төле би, Қазбек билердің ұрпағы емеспіз бе?

1-жүргізуші. «Атаңнан қалған теберік, сақтау орны тым берік» . Ендеше ұлы баларымыздың өсиет сөздерімен егемен ел болғалы сусындап келе жатырмыз – ау шамасы.

2-жүргізуші. Сен білесің бе, қазақта «Сөздің көркі – мақал » деген ұғым бар.

1-жүргізуші. Білемін. Ал сен білесің бе, мақал – мәтелдердің қай – қайсысын алсақ та, замана қиындықтарын танытарлық құдірет бар.

2-жүргізуші. Мақал – мәтел, ақыл – нақыл сияқты аталы сөздердің пайда болу тарихын, қай кезде тұңғыш рет кім айтқанын білу қиын. Дегенмен, кейбір мақал – мәтелдердің шығу тарихы жайлы аңыздар аз емес.

1-жүргізуші. Демек, мақал – мәтел, ақыл – нақыл аталы сөздердің адам баласы өміріне араласпайтын саласы жоқ дегеніміз дұрыс – ау.

2-жүргізуші. Мына сұраққа жауап берші: дүниеде өтелмейтін неше парыз бар?

1-жүргізуші. Білемін. Үш парыз. Олар:1) ата – ана алдындағы; 2) ұстаз алдындағы; 3)көрші алдындағы парыз.

2-жүргізуші: Сары үрпек балапандай жапырласып,

Алғаш біз мектеп кірдік есік ашып

Күлімдеп өзің сонда қарсы алғансың,

Еппенен әр жүректің кілтін басып

Жылынған қызғалдақтай күн көзіне,

Жаутаңдап қарайтын ек біз өзіңе

Ержетіп біз де сондай болсақ  дедік

Еліктеп қимылыңа, мінезіңе

Сонда да қажымадың, қамықпадың,

Сонда да мәпелеуден жалықпадың

Күнде ойлап келешегін әр бөбектің

Арманның қанатында қалықтадың.

 

 

1-жүргізуші:Ақкөңіл ізгі қамқоршым,

Ақылшым,асыл,ұстазым!

Ашып тұр Отан құшағын,

Алғыспен оны құшамын.

Ұстазым, маған, сене бер,

Биікке талмай ұшамын.

Бар баланың сенгені өздеріңіз

Сол сенімді ақтаумен өрледіңіз.

Құтты болсын, ұстазым, жемісіңіз

Жана берсін жасампаз еңбегіңіз.

 

2-жүргізуші: Ұстаз — өз уақытын аямаған,

Өзгенің бақытын аялаған,

Ұстаз – деген күн нұрымен пара – пар.

Жүрегінен мейірім, шуақ таралар.

Шәкіртімен мадақталып, мақталып

Тек шәкіртпен биіктерге бара алар.

 

1-жүргізуші:

Мұғалім – ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың,

Өмірде сенің алар орыныңды

Бірі де жеткізе алмас балалардың

Өткізіп өз алдыңнан талай бала

Бойына құйдың ақыл, ой мен сана

Сарп етіп сан жылды еңбегіңді

Ақылшым, тәрбиешім сен ғой ұстаз!

 

2-жүргізуші:

«Ұстаз – ұлылық, шәкірт – мәңгілік» Ұстаз! Осы бір сөз әрбір жас өріннің көңіліне ыстық. Олай болса мұғалім, ең жауапты міндет орында. Ол адамды қалыптастыратын мәңгі нұрдың егесі. Сондықтан да мұғалім – мектептегі басты зор тұлға.

 

1-жүргізуші: Әр шәкірттің сезімі бір, әні бір,

Шаттық пенен қайғы, мұңға жаны бір.

Балғын шәкірт жүрегінен жол тапқан,

Ұстаз бенен мейірімнің мәні бір.

 

2-жүргізуші:

«А» әрпін алғаш рет үйреткен

Оқушысын еркелеткен, билеткен

Білім менен тәрбиенің ордасы

Мектебіме бас иемін ізетпен

Мектеп – ана қанатымды шыңдадың

Сырын аштың сыр сандықтай шыңдардың

Дәл сол үшін әлі саған қарыздар

Оқып жүрген ұлдарың мен қыздарың.

 

1-жүргізуші: Ұстаз болу – жүректің батылдығы,

Ұстаз болу – сезімнің алтындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу – адамның асылдығы.

 

Соңы.

2-жүргізуші:Сырымды менің бес саусақтай біледі,

Бір мен үшін бөлек жаны, жүрегі.

Ұстаздан асқан қамқоршы жанды көргем жоқ,

Біздер үшін бақыт іздеп жүреді.

 

1-жүргізуші: «Білімді бол, оқы, үйрен», -деп  өсірді,

Жақсылыққа баулып та жүр не түрлі.

Бала үшін бәйек болған күн – түні,

Құрметтейік, «Ұстаз» деген есімді.

 

2-жүргізуші:Жарқылдап тойға келген асыл жандар,

Гүлдей боп көзімізге басылғандар.

Қол жетпес арманды іске асырғандар.

Ұстаздар асыл жандар, асыл жандар!

 

1-жүргізуші: Өміріне серік еткен үмітті,

Еңбегімен еліне ол сүйікті.

Өзгелердің бақыты үшін  тер төгіп,

Өзгелерге тілеп жүрер биікті.

 

Бірге:

Біз сіздерді шыдамдылықтарыңыз үшін

Кешірімді мінездеріңіз үшін

Мазасыз күндеріңіз үшін

Біз үшін ағарған шаштарыңыз үшін

Қашанда қарыздармыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                        Сынып сағатын өткізген:

                                                                                                   ТМК-10 тобының жетекшісі

                                                                                                    Камелхан Имашхан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                  2011 жылы

 

 

 

Күні: 20.10.06

Сыныбы: 11а

Тақырыбы: «Математика озаты»

Қолданылатын құралдар:Шарлар, жалаушалар, қанатты сөздер.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімдерінің сапасын арттыру, логикалық ойлауын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру, есептеу дағдыларын жетілдіру.

Сабақтың барысы:

1-оқушы:

Сәлеметсіздерме оқушылар!

Математикаға қызығушылар

Естігенін есте тұтып

Оқығанын миға тоқушылар.

2-оқушы:

Сәлеметсіздерме ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар

Сіз оқытқан оқушылардың

Сәті келді сыналар.

Бүгін біз 11а сыныбында «Математика озаты» атты математикалық сайысты жүргізгелі отырмыз. Ойынға 4 баладан 3 топ қатысады.

1-оқушы:

Есепті түрлі-түрлі шығарамыз

Арасында ойын ойнап жарысамыз

Ойламды сұрақ, қиын сұрақ бәрі де бар

Әзіл есепке де отырамыз

2-оқушы:

Олай болса бұл не тұрыс

Кешімізді бастайық

Әділ бағаға қалтасы толы

Әділқазыларды шақырамыз

1-оқушы: Әр команданы ортаға шақырып, өтілу тәртібімен таныстырайық. Ойын 6 турдан тұрады.

1тур.Сәлемдесу. Әр топ өздерін таныстырады (аты, ұраны)

2тур. Үй жұмысы. Әр топ өздері үйден дайындап келген жұмыстарын көрсетеді. Әр топ математикаға арналған қызықты, әзіл-сықақ араласқан көріністер көрсетеді.

3тур.Формулалар сайысы. Бір парақ қағаз беріледі. Әр топ оқушылары өздері білетін формулаларды жазады. Оқушылар 3 минут ішінде формулалар жазып үлгергенше көрермендерге әзіл есептер, сұрақтар беріледі:

А)5 мысық 5 тышқанды 5 минут ұстаса, онда 1 мысық 1 тышқанды неше минут ұстайды? (5 минут)

Ә)Жылдың неше айында 28 күн бар? (барлық күнінде)

Б)Қалай 2 литрлік сүтті 1 литрлік ыдысқа сыйғызуға болады? (қоюлатылған сүтке айналдырамыз)

4тур. Фигуралар құрастыру. Әрбір топқа төрт есеп беріледі. Олардың жауаптары фигура бөліктеріне жазылған, есепті дұрыс шешіп фигураны құрастыру керек. (Ұшақ, зымыран, үй. құс)

Мысалы:Ұшақты құрастыру үшін мынандай есептерді шешу керек:

2.Теңдеуді шешіңіздер:

(2х2+7х-8)(2х2+7х-8)-6

3.С бұрышы тік, катеті АС=12 болатын теңбүйірлі тікбұрышты АВС үшбұрышы және екі қабырғасы үшбұрыштың катеттерінде, ал Е төбесі гипотенузасында жататындай СДЕҒ квадраты берілген. Квадраттың периметрін табыңыздар.

  1. f(x)=x3+sin3x функциясының алғашқы функциясын табыңыздар.

Оқушылар фигураларды құрастырғанша тағы да қызықты сұрақтар беріледі.

А)50-ді ½-ге бөліп, 3-ті қосқанда нәтижесі қандай?

Ә)Тауда 7 ағаш, әр ағаштың түбінде 7 ін, әр інде 7 түлкі, әр түлкіде 7 күшік. Барлығы неше күшік? (2401)

Б)Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12кг тартады.Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады? (12)

В)Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? (10,100)

5-тур. Математикалық сөздік. Математикалық терминдер орыс тілінде айтылады, әр топ оның қазақша баламасын табу керек.

Биссектриса – жарма

Вертикаль – тік

Аксиома – ақиқат

Горизонт – көкжиек

Квадрат – шаршы

Дискриминант – айқындауыш

Конус – шошақ

Оператор – амалгер

Куб – текше

Цилиндр – айналма

6тур. Кім жылдам? Қойылған сұрақтарға  тез және дұрыс жауап берген топ жеңіске жетеді.

1.Ең алғаш әйел математик? (С.Ковалевская)

  1. «Эврика» кімнің сөзі? (Архимед)

3.Квадраттық функцияның графигі (Парабола)

4.Катет қандай үшбұрышта болады? (Тікбұрышты үшбұрыш)

5.Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы (3,14)

6.Көбейту және бөлу таңбаларын енгізген кім? (Г.Лейбниц)

7.Математикаға координаттар әдісін енгізген француз математигі әрі физигі (Рене Декарт)

8.Әрі қиылыспайтын, әрі параллель емес түзулер (Айқас түзулер)

9.Мектепте оқылатын  «Геометрия»  пәнінің негізін салушы (Евклид)

  1. Вектор дегеніміз не? (Бағытталған кесінді)

Кеш соңында жеңімпаз ойыншы анықталып, қазылар алқасы кеш қорытындысын жариялайды. Кешке белсене қатысқан оқушылар марапатталады.