Отаным,Елім, Жерім
Тақырыбы: Отаным,Елім, Жерім
Мақсаты: 1.ҚР туралы оқушылардың жиған білімін жинақтап, одан әрі танымдығын арттыру
- Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту.
- Өз ойларын еркін жеткізе білуге қалыптастыру, туған халқына,Отанына оның тарихи
тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Көрнекілік: проектор, шарлар
Жоспары: 1 бөлім «Өткел» капитандар сайысы 30 сек ішінде 5 сұраққа тез жауап беру
2 бөлім «Белес» ұпайы көп топ бастайды Қосымша көмек беріледі 2мин 2 сұрақ беріледі
3 бөлім «Бекет» жанкүйерлер сайысы
4 бөлім «Асу» 12 терезеден тұратын сұрақтар
5 бөлім «Жерұйық» соңғы сайыс
Қатысушылар : 8 класс «Ақбұлақ» тобы
9 класс «Меңді — болат» тобы
10 класс «Атамекен» тобы
Барысы : Армыздар, қадірменді ұстаздармен тәуелсіз елдіміздің ұрпақтары!
Бүгін «Отаным, елім, жерім» атты танымдық ойынымызға қош келдіңіздер!
Қазақстан!Туды алтын дәуірің
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын
Алтын заңын құтты болсын,бауырым
Туған күнің құтты болсын,Алыбым
Тауларың бар таңырқатқан шыңымен
Ұл-қызыңдай даламыз бар-ұлы кең
Алдарыңа басымды иіп,өр халқым
Құттықтаймыз!Тәуелсіздік күнінмен!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,халқымыздың тұғыры биік,халқымыздың еңсесі жоғары,егемендігіміз баянды болсын!!!
Туған өлкеміздің құпиялы,қызықты жерлерін ашуға ұмтылумен қатар,ойлау қабілетін ,ұжымдық бірлікті қалыптастыруға бейімдеу мақсатында ұйымдастырылып отырған «Отаным,елім,жерім» тақырыбы аясында өтетін «Атажұрт» танымдық ойынын бастауға рұқсат етіңіз.
Өмірге қуанышпен келіп едім
Жігіттер,бақытым бар тегі менің
Осы елде туған адам шын бақытты
Ал бұл ел-байтақ жатқан елім менің
Басқызбаған жауға Отан топырағын+
Жұлғызбаған жалғыз жасыл жапырағын
Жалынын өлеңімнің мәңгі өшірмей
Күзетіп кірпік қақпай отырамын
Отан,туған жер,атамекен,елім,ауылым деген-жүрек тебіреніп,шаттық сезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын,шежіресін білу-әрбір ұрпақтың азаматтық борышы.
Олай болса танымдық ойымызды бастаймыз.
Ойынымызға қатысып отырған оқушылар өздерін таныстырады.
Ал,іске сәт дей отырып 1 бөлім «Өткел» бөлімін бастаймыз.
Мұнда әр команда капитандары 30 сек.ішінде 5 сұраққа тез жауап берулері керек.
«Ақбұлақ»тобына сұрақтар:
1.Кемерши ауылының солтүстіктегі шеткі нүктесі-Түгіскен
- Жаңатаң ауылының 1950 жылдағы атауы- Молотов
- ҚР- сының Әнұранының авторы- сөзі: Нәжмеденов Ж. Назарбаев Н әні: Ш. Қалдаяқов
4.Биыл ҚР Тәуелсіздігіне неше жыл-16жыл
5.Қ.Жазықов қай жерде дүниеге келді-Ақтөбе обл, Байғанин ауд,Көктүбек елді мекенінде
«Меңді-Болат» тобына сұрақтар.
1.Кемерши ауылының оңтүстіктегі шеткі нүктесі-Үйтас
2.Бұлақтыкөл ауылының 1950 жылдағы атауы-Ворошилов
3ҚР-ның туының авторы-Шәкен Ниязбеков
4.Биыл Ақтөбе облысының құрылғанына неше жыл- 82жыл
5.Жергілікті жерден шыққан «Даңқ» орденінің иегері кім? Сәрсенғали Ешпаев
«Атамекен» тобына сұрақтар
1.Кемерши ауылының шығысындағы шеткі нүктесі – Көкпекті
2.Кемерши ауылының 1950 жылдағы атауы –Жем
3.ҚР – сының елтаңбасының авторы –Ж.Мәлібеков, Ш,Уәлиханов
4.Жем орта мектебіне Кеңес Одағының Батыры Қ.Жазықов есімі қай жылы берілді – 1995 жыл
5.Қызылбұлақ селолық округінің орталығы – Кемерши
Ұпай санын белгілеу
Келесі «Белес» бөлімімізге өтейік.Көп ұпай жинаған команда бастайды.
Әр командаға 2 сұрақ беріледі, әр сұраққа таңдауға 1 минут беріледі.Жауапты таба алмаған жағдайда қосымша көмек беріледі.Сондай – ақ қарсылас топ жауап бере алмай тұрған топтың сұрағына жауап беруге болады. Егер 1 топ өз кезектерін жауап берместен күдіктеніп немесе білмеген жағдайда жол берсе, онда қарсы топ сұраққа дұрыс жауап берсе өз топтарына ұпай қосылады, ал жауап бере алмаса, бастапқы өз кезегін берген топқа ұпай саны қосылады.
«Ақбұлақ»тобына сұрақтар:
1.Жем өзенінің оң жағасында Ақтөбе облысының оңтүстігінде 350км жерде орналасқан ауыл.Жақын теміржол станциясы Қараукелдіден 110 км қашықтықта.Халқы 1999 жылғы санақ бойынша 1734 адам.Бұрын Таскемер деп аталады. Бұл қай ауыл?
Қосымша көмек: 1929 жыл Табын ауданының орталғы болып жарияланды Жарқамыс
2.Жем өзенінің бойында орналасқан шоқы.Көшпелі тұрмыс кезінде қазақтарға қалмақтар, түркмендер, соғыс ашып, малдарын ұрлап барымта жасап тыныштық бермеген.Сондықтан биік тастардың үстінен қарауыл кетпей бақылап тұрған. Бұл шоқы қалай аталады.
Қосымша көмек: Шоқының басы қарауыл кетпей құр тұрмайды Құртұрмас
«Меңді-Болат» тобына сұрақтар
1.Талас өзенінің теміржолмен қиылысқан жеріндегі дөңеске Талас – Асы орталығында орналасқан қала. Қала сауда мен қолөнер орталығы болып есептелген.Ферғана мен Ташкентке баратын жолда орналасқан қандай қала?
Қосымша көмек: Ұлы Жібек жолында ірі сауда орталығы болған Тараз
2.Аудан территориясын мекендеген Адай –Табын руларының қысқы қонысы Қысқы ауа – райы жұмсақ дегенмен қар аз түседі.Ұлы Отан соғысы кезінде малды бағып- күту қиынға соғатынын ойластырған аудан басшылығы осы жайылысты пайдалануға шешім жасайды.Бұл қысқы қоныс қалай аталады?
Қосымша көмек: Бұл қысқы қонысқа көшу 1960 жыл тоқтатылды Сам
«Атамекен» тобына сұрақтар:
1.Бұл қала Қазақстанның ірі индустриялы қаласы жабдықтың сол жақ саласы.Елек өзені жағасынан биіктігі 250-400 метр.Орал маңы,яғни Жем үстіртінің орталық бөлігінде орналасқан қала.1869ж іргесі қаланып ,бекініс есебінде пайда болған.
Қосымша:Бұл қала үстінен ХХ ғ басында Орынбор – Ташкент теміржолы өткен. Ақтөбе
2.КСРО Қорғаныс министрлігі тарапынан қуатты ядролық қару Байғанин ауданының қай жерінде сынақтан өткізілді?
Қосымша:Жарқамыс селолық округіндегі ауыл. Қалдайбек
Келесі «Бекет» бөліміне көшейік.
«Ақбұлақ» — жанкүйерлермен сайыс.
Ауыл ортасындағы ескерткіш қай жылы,не үшін салынды?
«Меңді-Болат» — жанкүйерлермен сайыс.
Елді мекеніміздің сол жағындағы үлкен терең сай.Жер аты,сол сайдың баурын қуалай өскен бұталарға байланысты. Қарағандысай
«Атамекен» — жанкүйерлермен сайыс
Елді мекеніміздің оң жағындағы 17-18 км жердегі сай.Бұл сайдың атауы,киіктердің сол мекенде көп төлдеуіне байланыст алынған. Лақтыбай
Келесі бөлімге көшейік.
«Асу» — мына тақтайшада 12 цифр бейнеленген.Осы тақтайшадан қалаған 12 цифрдан біреуін таңдап ашып сұрақтарға жауап беру,
«Жерұйық»
Бұл бөлімде