Адам көркі- жақсы іс
Адам көркі- жақсы іс
Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы
ГКС-12 орта мектебі,
Бастауыш сынып мұғалімі
ұзартылған күн тобы мұғалімі
Төлеуова Әлима Аманжолқызы
Мақсаты: Отбасындағы адами қасиеттерді оқушылар бойына қалыптастыру.
Барысы:
1-бөлім: Отбасындағы адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына деген сүйіспеншіліктен басталады. (Н. Назарбаев)
Бала бойындағы қасиеттер: қарапайымдылық, ақылдылық, ізеттілік, шыншылдық, сыпайылық, адамгершілік. Бүгінгі өнеге сағатымызда осындай нақыл сөздермен бастай отырып, кешіміздің қонақтарын ортаға шақырамыз.
1.Ұлпан апа
Үрбибі апа
Бақыт апа
Несібелі апа
Рая апа
Психолог ортаға шақырамыз. Сұхбатымызды бастамас бұрын Инусова Айзат «Асыл анам» әнімен.
1-бөлім.
Сұрақтар:
- Балаңыздың ең жақын досы кім?
- Бос уақытын қалай өткізеді?
- Үй ішіндегі татулық кімге байланысты?
4.Балаға үлгі болатын адам кім?
5.Ең қатты қуанған кезіңіз болды ма?
2-бөлім. Ата- ана ақыл- салулы қара жолмен тең ( мағынасын ашып айтсаңыз)
«Сізге ұнаған сұрақ»
3-бөлім. Жағдаяттар: «Біз қабылдаған шешім»
1-жағдаят: Көктем мезгілі. Бала сабақ оқуын азайтып, ойынға көп көңіл бөлгендіктен сабақ үлгерімі төмендеді.
2-жағдаят: Күннің суықтығына байланысты балаңыз ауырып көп сабақ жіберіп алды. Осының салдарынан ол сыныптас достарын көп уақыт көрмеді.
3-жағдаят: Бала үйге сырттан қатты ашуланып келіп бөлмесінен шықпай қойса не істейміз? Берілген смайлики бойынша бүгінгі көңіл күйіңіз.
4- бөлім. Балалар іс-қимылын жасырады, ал ата-ана соны табу керек.
- Маған ілгегімді тауып берші.
- Мен көйлегімді кірлетіп тастадым, жуып берші.
- Мен ыдыстарды жуамын, сен маған балмұздаққа ақша берші.
- Мен сабақ оқуым керек, сондықтан үй жинамаймын.
- Менің көйлегім үтіктелмеген, сооны үтіктеп берші.
5- бөлім.
Қорытынды: Бүгінгі өнеге сағатымызға келіп өнегелі әңгіме айтқан апаларымызға үлкен рахмет айта отыры, алдағы аналар мейрамымен құттықтаймыз. Әрбір отбасына амандық, қуаныш тілейміз. Балаларыңыз мына күннің шуағындай болып жайнап тек қуанышқа бөлей берсін. Келгендеріңізге рахмет!.