Ж. Аймауытов «Ақбілек» романы
Бір ел – бір кітап
Ж. Аймауытов «Ақбілек» романы
Жоспар
- Кіріспе
- Ж. Аймауытовтың өмірбаяны
- Шығапмашылығы
- Ақбілек романымен танысу
- Қорытынды
Кітапханашы:
Құрметті кітапсүйер қонақтар, оқушылар оқырман конференциясына қош келдіңіздер.
«Бір ел-бір кітап» жобасы АҚШ-та дамыған. Акция «Бір кітап – бір Чикаго» және «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны кітапты оқыса» деген жобаларға негізделген. Шарт бойынша қала тұрғындары бір мезгілде бір шығарманы оқуға тиіс. «Бір ел-бір кітап» жобасы Испания, Латын Америкасы елдері және Оңтүстік Корея да пайдалануда.
Біздің елімізде ұлттық академияның кітапханасы мен Қазақстан Республикалық кітапханашылар ассоциясының бастамасымен алғаш рет 2007 жылы өткізілді.
«Бір ел-бір кітап» акциясының мақсаты: ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыларды оқу және насихаттау, рухани мұрамыздды сақтау, ана тіліне деген қызығушылығын ояту, оқырманды кітап оқуға тарту.
Біз бүгін «Бір ел-бір кітап» акциясына көрнекті тұлға Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романын таңдадық.Конференцияға өз ойларыңызды айтып, пікірлеріңізді ортаға салуға шақырамыз!
ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгердің қатарында ақын , прозашы, дарамашы,аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі ерекше орын алады. Ж. Аймауытов қазақ әдебиетінің жаңа биіктерге шығуына зор еңбек сіңірді.
Оқушы:
Ж. Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Он бес жасына дейін туған алында болған ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Ескіше едәуір білім жинайды. Соның нәтижесінде ауыл арасында өзі де азды-көпті молдалық құрады. 1907 жылы молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс-қазақ мектебіне түседі.
1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне түсіп, оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп Алаш қозғалысына қатысады. «Абай» журналын шығаруға атсалысады. 1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес үкіметінің жұмыстарына араласады. 1920 жылы Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АКСР Халық ағарту комиссарының орынбасары болып тағайындалды. Мұнан соң 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ тілі» газетінің редакторы, 1922 – 1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі болып жұмыс атқарды. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі, 1926-1929 жылдары Шымкент педагогикалық техникумының директоры қызметтерін атқарады. 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып «халық жауы» деген жаламен 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған.
Кітапханашы:
Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы бұдан кейінгі алпыс жыл бойы ескерілмей келген. Кеңес үкіметі кезінде ол туралы айтуға да, жазуға да тыйым салынған. Тек кеңес үкіметі ыдырап, коммунистік идеологияның құрсауы босағаннан кейін ғана қаламгер мұрасы халыққа жете бастады. Ж. Аймауытов аз ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанырларында еңбек етіп, құнды шығармалар қалдырған. 1989 жылы бір томдық кітабы жарық көрді. Зерттеу жұмыстары басталып, 1997 жылдан Ж. Аймауытов шығармаларының бес томдық жинағы басылып шығарылды.
Оқушы:
Бес томдық шығармалар жинағына оның өлеңдерімен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансапқорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия — Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнекейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертегілері, сын мақалалары мен аудармалары енген. Мұнан басқа мұғалімдерге арналған «Комплекспен оқыту жолдары» атты көмекші құрал, «Психология» оқулығы бар.
Оқушы:
Ж. Аймауытов қаламынан туған мұралары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ-қарасын айыруға арналған. Еуропа үлгісіндегі театрды енгізіп, режиссуарының негізін салған. Ол А. Пушкин, Н. Гоголь шығармаларын қазақ тіліне аударған. Жүсіпбек – көркем сөздің зергері. Ол ақын, жазушы, журналист, публицист, сыншы, шебер аудармашы және педагог-ағартушы. Музыка өнерінің терең сырына қанық, әнші, музыкант өнерпаз. Осындай қасиетін халық үшін еңбек етуге арнаған адам.
Оқушы:
1926 жылдан кейін Шымкент қаласында Ахмет Байтұрсынов атындағы педтехникум директоры қызметін атқарып жүрген кезде саяси айып тағылып, 1929 ж. Ж. Аймауытов тұтқынға алынды.
Жүсіпбек 1930 жылы москваға апарылып, Бутырка түрмесіне қамалған екен. Оған бір кірген адам жарық дүниеге қайта шығуы мүмкін емес еді. Сонда жүргенде Жүсіпбек он шақты шумақ толғау жазып қалдырыпты. Соның ішінде:
Шықпаса жаным шынымен,
Не салса тағдыр көнем мен.
Бір өзім үшін өлмеймін,
Бір ғана соған көнем мен.
Кеудеде әзір жүрек бар,
Тілек бар соған сенем мен.
Артымда қыруар елім бар,
Өлседе денем, мен өлмен!..-деген жолдары бар.
Ақынның өзі өлседе, артында қалдырған мұралары еш уақытта өлмейді. Халқының жүрегінде мәңгілікке қалды. Халық арасында Алаш ұраны болған «Ұран», «Әскер марсельзасы» атты өлеңдері кең тараған. Өлеңдерде ұрандық сипат мол. Ол күрес жолындағы ұпақты рухтандыруға, оны алға шақыруға жазылған. «Ұран» өлеңінде:
Арғы атам – ер түрік,
Біз –қазақ еліміз.
Самал тау, шалқар көл,
Сарыарқа жеріміз.
Ер түрік ежелден,
Оқ тескен етіміз.
Қаймығып еш жаудан,
Қаймығып бетіміз, — деген жолдармен елдің еркін қорғап, Алашты қорғап үндеу тастаған.
Ж. Аймауытов шығармаларын жаңа, жас ұрпаққа арнады. Оларды адамгершілікке тәрбиелейтін кітаптар жазды.
Оқушы:
Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романы кезінде кітап болып шықпаған. Ол 1997 жылы Қазақстанда 5 томдық шығармалары жарық көрді.Романдағы оқиғалар шынайы өмірден алынған. Сол кезеңдегі қазақ аулының өмірі, салт-дәстүрі, әдеп-ғұрпы, ең бастысы сол замандағы қазақ қызының тағдырын кеңінен суреттеген.Шығармадағы басты тұлға – Ақбілек әке-шеше, бауырларының алдында аяулы да ерке боп өскен. Құрбыларымен әзілі жарасып, ақылына көркі сай болатын. Осы әсем шақты теріс ойлы , суыт жүрісті төрт қара ниетті адамдар бұзды.Олар бейбіт жатқан ауылдың ойранын шығарып, Мамырбайдың шаңырағын ортасына түсірді. Бәйбішесін атып, қызы Ақбілекті атқа өңгеріп ала кетуі. Бұдан кейінгі Ақбілектің өткізген күндері, тартқан азабы мен көрген зорығы мен қорлығын адам баласына тілемес те еді.
Он екі де бір гүлі ашылмаған Ақбілек ниеті жамандардың, қарамұрттының ермегі болғаны қазақ қызының ертеңгі күнге деген сенімін жоғалтты. Орыс офицерінің Ақбілекті әйелдікте ұстауы – бір қыздың ғана емес, бүкіл ұлттың намысына тиетін ауыртпалық. Ақбілектің бостандыққа шығып, болашаққа ұмтылғанымен, ел бетін көре алмай, әкесі мен атастырылған күйеуінің қашқақтауы, ел-жұрттың бір түрлі көз қарасы оған өлімненде ауыр болатын. Себебі ел түсінігінде орыс атаулы жау, діннен безген болды. Бұл тұйықтан халықты қазақ төңкерісі, кеңес өкіметі алып шықты.
Ақбілектің одан кейінгі өмірі ел көзіне көріне алмай ауылдан қалаға кетіп сонда оқып, адам қатарына қосылып, жар тауып, бақытты өмірге қадам бастауы.
Қорытынды:
«Ақбілек» романын ұлттық таным мен парасатты, ұлттық болмыс-бітімін көрсететін тәрбиелік мәні зор салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптар деуге болады. «Ақбілек» романы – бір ғана қазақ қызының тағдырымен қатар, әеуметтік төңкеріс тұсындағы қазақ ауылының өзгерісін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі.
Роман ұлтымыздың бүгіні, ертеңі болашақ ұрпағымызға ой салалары анық.
Ақжігіт орта мектебі
кітапханашысы К. Қонысова
Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы