Менің Отаным –Қазақстан ХХІ-ғасыр көшбасшысы.

Тақырыбы: Менің  Отаным –Қазақстан

ХХІ-ғасыр көшбасшысы.

Мақсаты:Оқушыларды  Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің  Туын, Елтаңбасын, Әнұранын  қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер :  Қ.Р рәміздері атты плакаттар. Слайд.

Қамтылатын  кезеңдер:

  1. Бәйге
  2. Қызықты жетілік
  3. Жорға

І –кезең . «Бәйге»

Бұл кезеңде сіздерге берілген  15 сұраққа дұрыс жауап беруге тырысыңыздар. Әр дұрыс  жауап үшін 10 ұпай . жауаптарыңызды алдарыңыздағы  қағазға  жазып көтересіздер. Ең аз ұпай  алған 3 оқушы ойыннан шығады.

  1. Қазақстан қандай мемлекет. (егеменді, тәуелсіз)
  2. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жыл (1991 жылы 16 желт)
  3. Қазақстан Республикасының Ата заңы   қашан қабылданды.  (1995 ж  30 там)
  4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.  (қазақ тілі)
  5. Қазақстан Республикасының валютасы. (теңге)
  6. Қазақстанның астанасы қай қала. (Астана)
  7. Қазақстан Республикасының президенті кім? (Н.Ә. Назарбаев)
  8. Қазақстанда қанша  облыс бар.   (14 обл )
  9. Қазақстан Рәміздері қай  жылы қабылданды. ( 1992 ж 4 маусым)
  10. Қазақстан Республикасының Президенті қай жылы  дүниеге келді . (1940 ж)
  11. Қай жылы «Қ.Р-ң астанасы Ақмола қаласын Қ.Р  -ңастанасы Астана  қаласы» деп  ат берді. (1998 ж 6 мамыр)
  12. Ұлттық теңге қай жылы айналымға енді?  (1993 ж 15 қараша)
  13. Қай жылы Қазақстан Президентінің тұңғыш сайлауы болды. (1991 ж 1жел)
  14. Қазақстан БҰҰ мүшелігіне қабылданған жыл . ( 1992 ж )
  15.  СҚО әкімі кім?   (Серік Сұлтанғазыұлы Біләлов)

 

 

ІІ- кезең.   «Қызықты жетілік»

Бұл  кезеңде Бәйге  кезеңінен аз ұпай жинаған оқушы  бастайды. Бұл кезеңде сіздер өздеріңіз таңдап алған сұраққа жауап бересіздер. Жауап  болмаса кім бірінші  қол көтерген оқушы жауап береді. Екі кезең бойынша  аз ұпай жинаған       3 оқушы ойыннан шығады.

 

Ту10 ұпай20 ұпай30 ұпай40 ұпай50 ұпай
Елтаңба10 ұпай20 ұпай30 ұпай40 ұпай50 ұпай
Әнұран10 ұпай20 ұпай30 ұпай40 ұпай50 ұпай

 

 

 

 

Ту:            10 ұпай: Тудың түсі қандай?  (көк, сары)

20 ұпай:  Қазақстан Республикасының  мемлекеттік  туының авторы.      (Шәкен Низбеков)

30 ұпай:  Тудың орысшасы қалай  аталады. (флаг)

40 ұпай:  Тудың түсі нені білдіреді. (ашық аспан, Бейбітшілік)

50 ұпай: Тудың  ені мен ұзындығының арақатынасы: (1:2 метр )

 

Елтаңба: 10 ұпай: Елтаңбаның пішіні қандай?  (Дөңгелек)

20 ұпай: Елтаңбаның авторы кім?       (Ж. Мәлібеков, Ш.Уалиханов)

30 ұпай:  Мемлекеттік елтаңбада  не бейнеленген: (шаңырақ, қоспырақ, ұлттық өрнек, елдің аты)

40 ұпай:  Елтаңбаның орысшасы, ағылшынша аудармасы. ( Герб,     )

50 ұпай: Елтаңбаның шаңырақ  нені білдіреді. ( Отбасының негізі)

 

Әнұран:   10 ұпай: Әнұранның сөзін жазған кім? (Н.Ә.Назарбаев, Ж.Нәжмеденов)

20 ұпай: Әнұранның қайырмасының бірінші жолы қалай басталады.  (Менің елім, менің елім)

30 ұпай: Әнұранның әнін жазған кім? (Ш.Қалдаяқов)

40 ұпай: Жаңа мемлекеттік  Әнұран қай жылы бекітілді: (2006 ж 6қаңт )

50 Ұпай: Гимнің қазақшасы қалай аталады.  (Әнұран,)

 

ІІІ- кезең.  «Жорға»

Бұл  кезеңде  дайындалған  10  сұрақтан  әр қайсысына  жауап  берулеріңізге қарай  ұпай  жинауға  болады.  Әр сұраққа  дұрыс  жауап үшін  10 ұпай.

  1. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата? (Әнұран, ту , елтаңба)
  2. Қазақстан Республикасының рәміздері қашан қабылданды. (1996 ж)
  3. Тудың ұзындығы неше метр? (2 метр)
  4. Бірінші маусым қандай  мереке? (Балаларды  қорғау күні)
  5. Елтаңбадағы ең негізгі белгі?  (шаңырақ)
  6. Тудағы ою қандай ою түріне жатады. (қошқар  мүйіз)
  7. Тудың ені неше метр? ( 1 метр)
  8. Елтаңбадағы шаңырақ нені білдіреді. (шексіз өмір нышанын)
  9. Елтаңба гректің қай сөзінен шыққан. (herb)
  10. 25 – қазан  қандай мереке? (Республика күні)