Көңілді тапқырлар
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы
Тихонов мектеп-балабақша кешені.
2 санатты бастауыш сынып мұғалімі Кабулова Жайнагул Коптлеуовна
Тақырыбы: Көңілді тапқырлар
Мақсаты: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау. Мұндағы өлең-есептер, қызықты есептер арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ-жауап, ізденушілік, ойын
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, топшамалар
Өту барысы:
Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 3 «а», «б» сыныптар арасында өтетін «Көңілді тапқырлар» атты математикалық сайысқа қош келдіңіздер!
Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Көңілді кеш жасайық.
Бүгінгі сайысқа түсетін екі топпен таныстырып өтейін.
1-топ «Алғырлар» 2-топ «Білгірлер»
Сайыстың шарттарымен таныс болайық.
- Кім білімді?
- «Баспалдақ» ойыны
- «Сан ретін тап»
- «Қызықты тапсырма»
- Ойлан, тап!
- «Теңдеулер» шаhары
Алғырлар тобыны
«Кім білімді?»
- Ең кіші сан.
- Қабырғалары тең тік төртбұрыш қалай аталады?
- Қосу амалындағы сандардың атаулары.
- Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?
- Санды 1-ге көбейткенде неше шығады?
«Білгірлер тобына»
- Ең үлкен екі таңбалы сан
- Азайту амалындағы сандардың атаулары
- 1 аптада неше күн бар?
- Геометриялық фигураларды ата
- Санды 0-ге көбейткенде неше шығады?
«Баспалдақ » ойыны «Алғырлар» тобына
10+90
20 х 5
80 : 40
50 х 9
90 : 3
30 х 10
20 : 5
100 -40
«Білгірлер» тобына
90-50
20 х 10
60 : 30
50 х 0
80 : 10
40 х 7
30 : 0
«Сан ретін тап»
«Алғырлар» тобына
10, 25, 60, 6, 15, 50, 9, 0, 30.
«Білгірлер» тобына
90, 1, 65, 50, 100, 76 , 4, 12, 20, 45.
«Қызықты тапсырма»
«Алғырлар»
3 түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды?
«Білгірлер» тобына
Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?
«Ойлан, тап»
«Алғырлар» тобына
Ақгүлде 21 текше, Майрада 11 текше, Гүлнұрда 8 текше, ал Назирада 5 текше бар. Қыздардың қайсысы өзінің барлық текшелерінен текше құрастыра алады?
А) Ақгүл
Б) Майра
В) Гүлнұр
Г) Назира
Д) Ешкім құрастыра алмайды
«Білгірлер» тобына
Рита, Арман, Лаура, Асан сенбілікке келді. Рита Лаурадан кейін, Арман Ритадан бұрын Асаннан кейін келді. Асан Лаурадан бұрын келді. Бірақ бірінші емес.
Балалардың қайсысы сенбілікке үшінші болып келді?
А) Рита Б) Лаура В) Арман Г) Асан
«Теңдеулер» шаһары
«Алғырлар» тобына
х + 43 = 72 6 · х = 54
«Білгірлер» тобына
600 – в = 346 с : 7 = 9
Қортынды: Жеңімпаз топты анықтау, марапаттау.
Бүгінгі 3-сыныптар арасында оздырылған «Көңілді тапқырлар» атты математикалық сайысымыз аяқталды.