Тәрбиелі- тәртіптің құлы, Тәртіпті-елдің ұлы.

 

Тақырыбы:                 Тәрбиелі- тәртіптің құлы,  Тәртіпті-елдің ұлы.

Мақсаты:          Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала

құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, өз құқығын

білуге, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету. Ата Заң-

ды, ата-ананы құрметтеуге баулу. Оқушыларды өз

өз бетінше ізденіп, шығармашылықтарын дамыта

білуге баулу. Құқықтық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Бала еңбегін қанау туралы  бейнетаспа, Қ.Р-ның Конституциясы.

Барысы:         1.Ұйымдастыру.

Сынып 2 топқа бөлінді.

1-топ “Таразы’’

2-топ ‘’Әділет ’’

Мұғалім :    Бала деп 18-ге толмаған адамды айтады.                         Халықаралық құқықты нормаларда бала   Құқықтық қорғауға мұқтаж деп жарияланған.  БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1989 ж. 20 ХІ. Бала құқықтары туралы конвенциясын  қабылдады. Конвенцеяның негізінде 2002 жылы                                     Қазақстанда «­Қ.Р-ғы балалардың құқығы туралы» заң қабылданды.

2 топтың таныстыруы ( әр қайсысына 10 ұпай )       

Бала құқығының қорғалуы туралы 2 көрініс қойылады.

І бөлім. “Біз-құқықты,зайырлы,демократиялы мемлекеттің ұланымыз ” тақырыбына постер қорғау.(А.Еңсеповтың “Детство” күйі орындалып тұрады.10 ұпайдан)

ІІ бөлім.”Әліппе” ойыны арқылы оқушылар сұрақтарға жауап береді. (1 ұпайдан)

1.Өзін-өзі басқару, мемілекеттің кейбір бөлігінің ішкі істерін өзі шешу құқығы (көбінесе ұлттық кезінде)   Автономия.

  1. «Дат» сөзі қандай мағына берген? Әділ заң, әділдік,өтініш.

3.18 жасқа толмаған адамды қалай атайды? Бала.

  1. Ерте ортағасырлық Русьтегі ауыр қылмыс өтемі. Вира.
  2. Византияда құл иеленушілік құрлысты нығайтуды, меншік құқын қорғауды көздеген заңдар жинағы қай император тұсында жазылды, яғни заңдар жинағы қалай аталды?Юстиниан заңдары.
  3. Монғол мемлекетінің заңдар жинағы қалай аталған? Яса.

ІІІ бөлім “Жылдар сөйлейді”  2 топқа:

1-маусым-Балаларды қорғаудың  халықаралық күні

20-қараша –Дүниежүзілік балалар күні

1959жыл Әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу декларациясының жариялаудан басталды.

28-қаңтар 1993 ж Қазақстанның Конституциясы қабылданды.

30-тамыз 1995 ж Қ.Р-ның Конститутциясы 2-рет қабылданды.

беріліп, жауап алынады.

Слайдта:

         Бала құқығы

 

пікірін білдіруге                     демалуға                       ұлтын таңдауға

 

Әрбір бала өз отбасында,ата-анасымен     Қалаған спорт                  Денсаулығын  бірге өмір сүруге құқылы      түрімен шұғылдануға              сақтауға   құқылы

Бейнетаспа көрсетіледі.

IV бөлім.Жағдайды талқыландар ( үлестірмелер  арқылы оқушылар жауап береді.)

“Таразы” тобының тапсырмасы

Нұрлан 5-сыныпта оқиды.Нұрланның білім алуға талабы жақсы.Оқыса,жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар.Бірақ ата-анасының тәрбиесі баланы дұрыс жолдан тайдырады.Нұрланның ата-анасы бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды.Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады,кейде тіпті  апталап қалдыратын кездері болады.Мектепте,сыныпта ата-аналарға байланысты өтетін жиналыстарға мүлде келмейді.

Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып,ата-анасымен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды.Ата-анасы құрғақ уәде беріп шығарып салады.Бір жетіден соң жаңағы жағдай қайталанады.Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра,соны орындауға ата-анасы салғырттық танытады.

Сұрақтар:

1.Нұрланның ата-анасының қылығын қалай бағалайсыңдар?

2.Сынып жетекшісінің орнында болсаңыз не істер едіңіз?

3.Ата-ананың бала алдындағы міндеттері қандай?

“Әділет ” тобының тапсырмасы

4-сыныпта сәтті аяқтаған Жалғас жазда жақсы демалып,тынығып,қыркүйекте мектепке келеді.Биыл орта буын,яғни 5-сыныпқа келген соң, өзін-өзі бір есейіп қалғандай сезінді.Әрбір істеген жұмысына бір есеп беріп  отыратын болды.Жалғастың қыркүйектегі тынымсыз,еңбекке толы күндері өтіп жатты.Ол енді мектептегі үйірмеге қатысып,бойындағы бір ерекше қабілетін шыңдауды мақсат санады.Сөйтіп,мектептегі “Тұмар” пікір-сайыс  клубына жазылмақшы болды.Осы ойын ата-анасына жеткізді.Ата-анасы қарсы болды.Оны анасы ағылшын өтетін үйірмеге өзі жаздырып қойғанын, қазіргі заманға ағылшын тілі мамандарының өте қажет екенін,заман ағымына сай өмір сүру керектігін баса айтты.Ал Жалғастың бар ойлағаны,өзінше жасаған шешімі құмға сіңген судай жоқ  болды да кетті.Үнемі ата-анасының айтқанын дұрыс санап,басты назарға алатын Жалғас тағы да ата-анасымен келісуге мәжбүр болды.

Сұрақтар:

1.Жалғастың ата-анасының іс-әрекетін қалай бағалайсыңдар ?

2.Осы жерде баланың қандай құқығы шектеліп тұр ?

3.Жалғастың ата-анасының шешімімен келісуі дұрыс па ?

Ата Заң туралы оқушылар өлеңдер оқиды. Салтанат:

Ата Заңың қымбатты,ол-Ата Заң

Онсыз басқан қадамын қайырлы емес

Темірдей тәртіп күшті Ата Заңды

Ардақтай білетіндер жалындап өс.

Асем:

Конституция-ол сенің бас қорғаушың

Шырылдап туған күні- ақ көмектескен.

Ата-анаң болса дағы шын қорғаушың

Құқығыңды бап-бабымен елеп шешкен

Қорытындылау слайдта:

 

Мақаш Тәтімов:                Бала

 

 Әкеден ерліктің,   адамгершіліктің,  имандылықтың, іскерліктің

 

Анадан парасаттылықтың сұлулықтың, мейірімділіктің ,     қайырымдылықтың 

өнеге үлгісін үйренеді

2 топтың ұпайлары есептеліп,марапатталады.