«Сыр сұхбат» бағдарламасы «Өзіңе зиян келтірмей, күнмен қалай достасуға болады? медбикемен кездесу.
Тақырыбы: «Сыр сұхбат» бағдарламасы «Өзіңе зиян келтірмей, күнмен қалай достасуға болады? медбикемен кездесу.
Мақсаты: Лагерь медбикесімен кездесіп, күн өткенде көрсетілетін алғашқы көмек туралы білімдерін толықтыру. Медицина қызметкерлері күнімен құттықтау.
Жүру барысы:
-Армысыздар, көрермендер!
-Біз бүгін әдеттегідей кейіпкерімізді жасырмай балалардан керісінше барынша дайындалып келуін сұрап едік.
-Бүгінгі қонағымыз балаларға етене таныс №20 жалпы орта білім беретін мектебіміздің мейірбикесі Еңсепова Нұрсұлумен кездесеміз.
-Қош келдіңіз хабарымызға!
-Көңіл-күйіңіз қалай?
-Хабарымыздың дәстүрі бойынша біз кейіпкеріміз туралы дайындалған шағын анықтамадын бастаушы едік. Экранға назар аударайық.
Еңсепова Нұрсұлу 1959 жылы Жылыой ауданы Құлсары қаласында туған.
Атырау медколледжінің түлегі.
Еңбек жолын Аудандық жұқпалы ауруханада, медбике болып қызметін бастады.
1990 жылы «Алтын қолдар» аудандық сайысында жүлделі 1 орын алды.
1992 жылы «Ең үздік медбике» облыстық сайысында «Мейірбан-медбике» номинациясын алды.
2000 жылы «Ең үздік шипагер» облыстық сайысында жүлделі ІІІ орын алды.
2010 жылы «Ақ халатты абзал жан» аудандық сайысында бас жүлдемен марапатталды.
-Біздің хабарымыздың мақсаты балалар сізді медбике ретінде емес , сіздің жасырын, қарапайым өмірдегі болмысыңызды ашу.
-Олай болса балалардың сұрақтарына жауап берем, тапсырмаларды орындаймын деп уәде беріңіз.
—Кезекті балалардың сұрақтарына берейік.
Альбина: Сіз бала кезіңізде мектепішілік лагерьде демалдыңыз ба?Сол жөнінде айта кетсеңіз?
Наркиза:Мектепті нешемен оқыдыңыз?Сүйікті пәніңіз бар ма?
Әсемгүл: — Сіз ақ халатты абзал жансыз? Ең алғашқы укол салғаныңыз есіңізде ме?
Жүргізуші:-Әр бір маман иесінің сол мамандыққа келу себебі болады? Пір тұтатын адамы, үлгі көрер апалары болады. Сізді осы ізгі істі таңдауға кім немесе не себепші болды?
Айым:- Жанұяңыз туралы айта кетсеңіз? Жанұяда сізден басқа дәрігер бар ма?
Фархад:- Сіздің өміріңіздегі ең қызықты оқиғаны айтып беріңізші?
Дәулет:-Қаншалықты ақын жазушылардың шығармаларын оқисыз? Оқып жатқан кітабыңыз бар ма?
Кезек тапсырмаға да келіп жеттік.
Шілде айының ыстық күндері далада жалаңбас шешініп жұмыс істеп жүрген диқандар, сор далада мал соңынан ерген малшылар, өндірістік ыстық цехтарда, от жағатын қазандықта, адамы көп автобуста, адам көп болған желдеткіші жоқ қапырық үйлерде, дария, көл жағасында күнге қыздырынып, ыстық құмға жатып маужыраған жастар арасында ұзақ уақыт төбеден төнген күн сәулесінен, адамның екі шекесі солқылдап, басы ауырады, беті қызарады.
-Өзіңе зиян келтірмей, күнмен қалай достасуға болады?
-Балалар үшін күннен қорғанудың маңыздылығы?
— Күн өткенде көрсетілетін алғашқы көмекті көрсетіп беріңізші.
—Рахмет, кезекте тағыда балалардан сұрақтар береміз.
Аружан:-Осы мамандықтың артықшылығы мен кемшілігін айта кетсеңіз?
Мейірхан:-Дәрігірлік жолда қолдау немесе тосқауыл болған адамдар болды ма?
Ұлпан: Балалық шағыңыз туралы айтып беріңізші?
Мейрамбек:-Өмірде немен бақыттысыз?
Жүргізуші: Сіздің балаларға айтар тілігіңіз бар ма?
Құрметті Байжанқызы Нұрсұлу сізді медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Бүгін ерекше мереке…Бүгін ерекше жандардың күні…
Бүгін өмірлерінде бірде-бір рет қателесуге қақысы жоқ, мамандық иелерінің төл мерекесі…
Бүгін ақ халатты абзал жандардың еңбектері еленетін күн…
Аурудың жасқа да, кәріге де қарамастан, ұрымтал жерден соға беретіні ақиқат. Сондықтан ине мен пышақты өмірлеріне серік еткен ақ халатты, алтын қолды медбикелер қауымына бесіктегі баладан есіктегі қартқа дейінгі адамдардың айтар алғысы шексіз болар…
Бүгінгі шырқалатын әндер, биленетін билер бәрі сіз үшін.
Дәулет:Жасынан- ақ пысық боп жаратылды,
Қатарынан ерекше дара тұрды.
Мектепті бітірген соң жас бойжеткен,
Дәрігерлік білімге басын бұрды.
Ұлпан:Туған жерге дәрігер боп оралды,
Жігерлікпен бас медбике бола алды.
Білгір маман табылып өз ішінен,
Ел, халқының жағдайында оңалтты-
Аружан:Ауру түрін тіпті де таңдамайтын,
Шаршағанын ешқашан аңдамайтын.
Келерде сүйретіліп жеткенімен,
Алдынан жазылмайтын жан қалмайтын-
Альбина:Бар өмірі еңбекқорлық күйде өтті,
Жастарды да шымырлыққа үйретті.
Қуанышқа бөленгің келсе егер,
Ең алдымен өз ісіңді сүй,-депті.
Наркиза:Бір өзіңді барлық адам сағынады,
Артында шипалы қол табы қалды.
Нұрзия, Гүлсім, Кенжетайлар
Өзіңізге ізбасар боп табылады-
Мейрамбек:Ақ желекті абзал жандар,
Науқастарға ғұмырын арнағандар.
Адамзаттың байлығын қорғайтұғын,
Адамгершілік иесі- асыл жандар
Жүргізуші: «Жұлдызша» тобының орындауында ән «Ақ халаты абзал жан» қошеметпен қарсаламыз.
Жүргізуші:«Бар байлығым — денсаулық,
Бар өмірім — денсаулық» -дейкеле лагерь демалушылары салауатты өмір салтын ұстанады. Келесі өлең жолдары денсаулық туралы болады.
Тілекқабыл:Денің сауда күштісің бұл әлемде
Денің сауда сұлусың жер бетінде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жеңерсің ауыр заман тәлкегін де.
Аманбек:Денің сауда жетерсің арманыңа
Жоспарлап алға қойған мақсатыңа
Денің сауда көрерсің бұл дүниенің
Бар қызық, рахатын, жарығын да.
Аманбай:Денсаулық – шексіз бақыт халқым менің
Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа.
Қолда барда біл оның қасиетін
Күтіп, баптап аяла әр уақытта.
Расул:Салауатты салтты ұғып,
Таңда жолдың дұрысын,
Спортпенен жаттығып,
Жаз денеңнің құрысын.
Денсаулық- ол шыныққан
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық – ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі
Денсаулық- ол келуің
Көңіл күйдің жадырай
Денсаулық- ол жүруің
Ешбір жерің ауырмай.
Жүргізуші:
Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – ақ жаулық,
Үшінші байлық – он саулық-дегендей денсаулық туралы мақал-мәтелдергеде кезек жетті.
1.Ауру қалса да әдет қалмайды.
2. Ауру батпандап кіреді, мысқалдап шығады.
3. Денсаулық – зор байлық.
4. Денсаулық кепілі – тазалық.
5. Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі.
6. Әлсіз денеге ауру ұялағыш.
7. Аман болса бұл басым, тағы шығар шашым.
8. Ауырып тұрдың, аунап тұрдың.
9. Жаның сау болса, сорлымын деме,
Тәнің сау болса, жарлымын деме.
10. Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады
Би: «Шынықсын денеміз» қошемет.
Жүргізуші:
-Хабарымыздың соңғы дәстүрінеде келіп қалдық.
-Сіз мыналардың не екенін білесіз бе? Бұны балалар өз көңіл-күйлерін білдіру үшін ғаламторда, ұялы байланыс кезінде қолданады. Сізге тапсырма біздің хабардан қандай әсер алдыңыз? Қазір қандай көңіл күйде отырсыз. Осылардың ішінен біреуін таңдап бізге көрсетіп өз жүзіңізбен қайталап беруіңіз керек.
Құттықтау сөз кезегі «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің басшысы Отарбаева Әлияға беріледі.
Жүргізуші: Дәрумен жеп қолынан,
Өскен сәби баламыз.
Құттықтап біздер мерекеңізбен,
Айтамыз сізге мың алғыс- дейкеле «Сыр сұхбат» бағдарламасын «Ақ көгершін» тобының орындауында «Мен дәрігер болмамын» әнімен аяқтаймыз.
Хабарымыздың соңғы дәстүрі фотаға түсу.