Мектепішілік шара «Жұлдыздар шеруі » озат және мектеп белсенділерін марапаттау рәсімі

Мектепішілік шара «Жұлдыздар шеруі » озат және мектеп белсенділерін марапаттау рәсімі

1- жүргізуші:

2-Шежін ауылының Жалпы білім беретін орта мектеп-балабақшасында өткізіліп отырған   «Білімді жастар – ел болашағы» атты «Жұлдыздар шеруі-2012» қош келдіңіздер! 2011-2012 оқу жылы бойынша оқу озаттарын және мектепішілік, аудандық, облыстық  іс-шараларда белсенділік танытқан оқушыларды марапаттау рәсімі өткізілмек.

Жеңіс туын көтерген,

Жарыстарда сан қилы.

Жетіп бізге шет елдің,

Көкке әнұран шалқиды

2- жүргізуші:

Шәмші атаның сазды үні,

Жігер беріп қайратты.

Бәрімізді мәз қылып,

Жаңғыртады аймақты       Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалсын!

  І-жүргізуші: 

Қонақ деген ырысың мен мерейің,

Енді аяңдап қонақтарға келейін.

Жұлдыздар слетінің  салтанатына ортақ болған,

Қонақтарды таныстырып өтейін!

Ауыл округінің әкімі Сариев Абат Мағауұлы

 2-жүргізуші:  Зейнеткер ұстаздар  Сеитова Әния Гумаровна  және

Кужекешева Шолпан  Сабыровна

  І-жүргізуші:  Ата-аналар комитетінің төрайымы Жумашева Миргүл

  2-жүргізуші:  Жоғары санатты, география пәнінің мұғалімі Хаиров Ораз Ғұбашұлы

І-жүргізуші:  Жоғары санатты, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Шакаева Алтын Боранбаевна

2-жүргізуші:            Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпен өзіңізге,

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз,

— дей отырып,  алғашқы құттықтау сөз ауыл округінің әкімі Сариев Абат Мағауұлына       және мектеп-балабақша директоры   Айман Нұрғалиқызы Уразалиеваға беріледі.

  І-жүргізуші:            Күмбірлей күй естілсе домбырадан,

Көңілге шаттық сезім қондырар ән.

Шымырлап шыққан кезде шырқау көкке

Елітіп тұла бойың балбырыған.  — деп сахнаға «Бал-балалық» әнімен

1-сынып оқушысы Тулубаева Анариданы  шақырамыз,  қабыл алыңыз!

2-жүргізуші:  Қымбатты, достар! Бүгінгі слетті Жұлдызды деп белгілейміз. Ойлап қарасаң әр

адамның жұлдызы бар емес пе? Сондықтан да мінезі мен іс-әрекеттері сол жұлдызнамамен анықталады.

І-жүргізуші:  Біздер бүгін шынында да солай ма екенін тексеріп көрейік деп шештік.

Аспан  әлемінде 12  жарық  жұлдыз  бар. Оның  әрқайсысы үш-үштен  төрт  табиғат құбылысына бөлінеді.. Олар: От, Жер, Ауа, Су.

 

2-жүргізуші:  Бірінші От табиғат құбылысының  жұлдыздарын  ортаға  шақырамыз.

От — таусылмас күш  қуаттың  қайнар  көзі. От табиғат құбылысы  адамдардың өмірлік  ұстанымы — өзін-өзі  жетілдіру!  Жебеуші  ғаламшарлары: Марс, Күн,  Юпитер

Тоқты- түсі қызыл, алтын сары.  Апта  күні — сейсенбі.  Бақытты саны — 9. Болмысы билікті және мінездері қуатты адамдар. Өмірлік  мақсаты — кез келген  істе  көшбасшы  болу! Болашақ көшбасшыларды  қарсы алайық:

 

І-жүргізуші:  3-сынып оқушысы Абылғалиев Армат — оқу озаты, мектепішілік «Жас эрудит» байқауының ІІ орын жүлдегері, футбол ойнағанды жанымен жақсы көреді .

 

2-жүргізуші:  Ал қазір Арыстандарды  шақырайық. Түсі- сары, қызыл сары. Бақытты саны- 1және 11.  Өмірлік  ұстанымы – кез келген  істе  мықтылық  көрсету! Арыстан – патшалықтың және ерліктің символы. Бұл жұлдызда дүниеге келген адамдар батыл, күшті және мейірімді. Өз

өздеріне сенімді, әр кезде көмекке келуге дайын. Қарсы алайық:

 

1-жүргізуші:  4-сынып оқушысы  Базарбаева Аружан— оқу озаты, мектепішілік пән олимпиадасының ІІІ орын жүлдегері,

 

2-жүргізуші:  3-сынып оқушылары  Рамазанова Мадина— оқу озаты, аудандық «Жас эрудит» байқауының қатысушысы,  Мақсотов Нұрбек –оқу озаты,  мектепішілік «Жас эрудит» байқауының жеңімпазы және аудандық кезеңінің қатысушысы.

 

  1-жүргізуші:   Отты табиғат құбылысын аяқтайтын Мергендер: түсі – көк, күлгін.  Апта  күні- бейсенбі.  Бақытты саны – 3. Мергендер бізге әсемділік, құлпырған денсаулық, ұзақ бақытты өмір береді. Сондай-ақ олар қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Ұраны –биік  шыңдарға ұмтылу! Міне, біздің Мергендер:

 

2-жүргізуші:   8-сынып оқушысы  Айжарикова Ақтоты –аудандық пән олимпиадасында І орын, аудандық «Жас экологтар» байқауы І орын және аудандық шығарма байқауларының жүлдегері, би өнерімен айналысады.

 

1-жүргізуші:   10-сынып оқушысы  Ахметова Жадра –аудандық «Ғарыш әлемін ашамыз» байқауы ІІ орын, аудандық «Балалар Даму Ассоциясы» іздестіру-зерттеу конференция ІІІ орын және ғылыми конференциясының қатысушысы,

 

2-жүргізуші:  11-сынып оқушысы  Бекболова Бекзада— аудандық «Бесінші элемент» химиялық турнирі ІІІ орын, облыстық математика пән олимпиадасының қатысушысы сертификатының иегері фармацепт болғанды армандайды, арманы орындалсын деп тілейміз.

 

1-жүргізуші:  1-сынып оқушылары  Тулубаева Анарида— оқу озаты, аудандық «Балдәурен» фестивалінің І орын жүлдегері, әнші,   Жасқайратова Әдемі-оқу озаты

 

2-жүргізуші:   Осы топ жұлдыздарын марапаттауға  сөз мектеп-балабақша директоры   Айман Нұрғалиқызы Уразалиеваға және оқу ісінің меңгерушісі Гүлнар Аманжолқызы Дуйсеноваға беріледі.

 

1-жүргізуші:   Бойыңа бар сұлулық жиналғандай,

Мүсінің ақ мәрмәрдан құйылғандай.

Жарқ етіп шыға келген ел алдына,

Әнші қыз тамылжыған әнің қандай, — деп сахнаға 7-сынып оқушысы

Таңатова Назеркені  « Мектебім » әнімен сахнаға шақырамыз.

 

2-жүргізуші:    Келесі топ, олар, Ауа  табиғат құбылысының жұлдыздары. Ауа – терең ойлау  мен  пайымдау  құбылысы. Оның өкілдері тың идеяны ауадан ойлап  табады. Олар  адам  баласының  ең  құнды  қасиеттерін білдіреді. Жебеуші  ғаламшарлары:  Меркурий, Хирон, Уран.

 

Таразы — түсі- ақшыл  көк, қара көк. Апта күні -жұма. Бақытты  саны-7. Өмірлік  мақсаты- тепе-теңдікті  сақтай  отырып  өмір  сүру! Таразылар ақылдығымен, жұмсақ мінездерімен ерекшеленеді. Ұжымда оларды көңілді мінезі, әзілдігі және әдептілігі үшін жақсы көреді. Ауа  табиғат құбылысының бірінші өкілдерін қарсы алайық:

 

1-жүргізуші:  8-сынып оқушысы  Танабаева Сая – оқу озаты, аудандық пән олимпиадасы

І орын, аудандық «Менің Отаным -Қазақстан» туристік слеті ІІІ орын, аудандық «Жайық ұландары-болашақ қырандары» байқауы І орын, сегіз қырлы, бір сырлы деп Саяны айтуға болады.

3-сынып оқушысы  Насибуллин Әділхан-оқу озаты, мектепішілік «Жас эрудит» байқауының белсенді қатысушысы, футболшы, спортпен айналысқанды жақсы көреді.

 

2-жүргізуші:    Суқұйғыш. Түсі- көк, ақшыл жасыл. Апта  күні- сәрсенбі, сенбі. Бақытты

саны- 4. Болмысы қарама-қайшы, өте қапайым, салмақты адамдар. Суқұйғыштардың өмірі ешқашанда бұлдыр және бірыңғай болмайды. Ұстанымы- сенім, үміт, тәуелсіздік! Сонымен, қарсы алайық:

 

1-жүргізуші:  5-сынып оқушысы  Ахметова Айзере – оқу озаты, халықаралық «Ақбота» интеллектуалдық марафон ІІІ орын, облыстық «Зерде» интеллектуалдық сайыс ІІІ орын, аудандық «Балдәурен» фестивалінің жүлдегері, биші өнерімен айналысқанды жақсы көреді. Атасы да анасы да математиктер, болашақта өзі де математикадан жетістіктерге жетеді деп сенеміз.

 

 2-жүргізуші:  7-сынып оқушысы  Жумашева Данара – аудандық Абай оқулары ІІІ орын, аудандық «Жас жол инспекторы» команда құрамында ІІІ орын, аудандық «Балдәурен» фестивалі ІІ орын, би өнерімен айналысады. 1-сынып оқушылары  Аманжолова Дана –оқу озаты,  Дуйсенова Анель-оқу озаты.

 

1-жүргізуші:    Егіздер. Түсі – күлгін, қызыл сары. Апта  күні- сәрсенбі. Бақытты саны-5.

Табиғат егіздерді әдемі сырт келбетімен, жалынды жүрекпен, оқуға, еңбекке деген ынтасымен жаратқан. Олар тілдерге қабілетті. Ұраны- мен  байланыстырамын! Еліміздің болашақ журналистер мен спортшыларды қарсы алайық:

 

2-жүргізуші:  2-сынып оқушысы  Жексенова Дильназ-оқу озаты,

 

1-жүргізуші:  4-сынып оқушысы  Аяпбергенова Камила- оқу озаты, мектепішілік пән олимпиадасының жеңімпазы, аудандық олимпиадасының номинанты, аудандық Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орай фестивалінің номинанты.

6-сынып оқушысы  Халиуллина Гүлбибіаудандық Абай оқулары ІІІ орын,  аудандық «Жайық ұландары-болашақ қырандары» байқауы І орын, аудандық «Балдәурен» фестивалінің жүлдегері, билегенді жақсы көреді.

 

 2-жүргізуші: 6-сынып оқушысы  Жумашева Бизадааудандық Махамбет оқулары ІІІ орын,  аудандық «Балдәурен» фестивалінің жүлдегері, мәнерлеп оқу және бимен айналысады.

 

1-жүргізуші:  11-сынып оқушысы  Тлекқабылов Мержан — аудандық Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орай жеңіл атлетика ІІІ орын, шаңғы жарысы ІІІ орын, облыстық Тайманов атындағы техникалық олимпиаданың қатысушы, облыстық, республикалық футбол жарыстарына қатысады, спортшы.

 

2-жүргізуші:  Өмірде өлшенбейтін іс — балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол-болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына білім нәрін құйған ұстаздар. Ауа құбылысының жұлдыздарын марапаттау үшін сөз  зейнеткер ұстаздар Әния Гумаровна  Сеитова және

Ораз Ғұбашұлы Хаировқа беріледі.

1-жүргізуші:          Бар әлемнің биін билеп келемін,

Тынбай соққан даланың бір жүрегін.

Бетке алады тағдыры ортақ би елін,-

демекші ендігі кезекті  «Дала сазы» биіне береміз, орындайтын «Еркетай» бишілер тобы.

 

2-жүргізуші:  Келесі  топ  Су  табиғат құбылысы.

Су  -барлық  нәрсенің  бастамасын, яғни түпкі  негізін  білдіреді. Су- барлық  кедергілерден  өтіп, өзгелердің  шамасы  келмейтін өмірдің  түрлі  салаларына  араласа  алады. Жебеуші ғаламшарлары: Ай, Плутон, Нептун.

Шаян. Түсі- ақ сұр, көк сұр. Апта  күні- дүйсенбі. Бақытты саны- 2. Ұраны — мен  сеземін! Шаяндар арманшыл, жұмбақты, тамаша сезгіш қабілеттері бар, табиғатты жақсы көретін, қызықты сұхбаттас адамдар. Бұлар ойшыл, ғалым, сазгер типтеріне жатады. Міне, біздің ойшылдар:

 

  1-жүргізуші: 5-сынып оқушысы Тагаева Анаргүл – оқу озаты, би өнерімен айналысады.

 Сарышаян. Түсі- қою  қызыл, алқызыл. Апта  күні- сейсенбі. Бақытты саны-9. Өмірлік  мақсаты- өмірге  үнемі  өзгеріс енгізіп  отыру! Өте тұйық мінезді, көп уайымдайды, күреседі, оларда аздап жұмбақты, білер-білінбес бір нәрсе бар. Біздің жұмбақтарымызды қарсы алайық:

9-сынып оқушысы  Тулешев Бахтияр —  аудандық ғылыми жоба жарысының қатысушысы, облыстық «Былғары доп» жарысының  ІІІ орын, мектепішілік «ХХІ ғасыр көшбасшысы» байқауының белсенді қатысушысы,   5-сынып оқушысы  Аманжолов Бахытжан – оқу озаты

 

2-жүргізуші: 2-сынып оқушысы  Азбергенова Заринаоқу озаты, аудандық Ұлы Жеңіс күніне арналған фестивалінің номинанты, 4-сынып оқушысы  Жалмуханбетова Ақдана – оқу озаты, мектепішілік пән олимпиадасының қатысушысы,  6-сынып оқушысы  Тукешева Бинура – оқу озаты, аудандық география интеллектуалдық турнирі ІІ орын

 

1-жүргізуші:  Балық. Түсі- көкшіл, көк  сұр.  Апта  күні- бейсенбі. Бақытты саны -7. Ұстанымы- жан-жақтылық, достық,  махаббат! Олар көнгіштік, бекемді, қонақжай және мырза, есте сақтау қабілеттері өте жақсы. Қарсы алыңыз:

 

2-жүргізуші: 8-сынып оқушысы  Нарынбаева Гүлнүр – оқу озаты, аудандық пән олимпиадасы ІІІ орын, аудандық Абай оқулары ІІ орын, аудандық «Жайық ұландары-болашақ қырандары» байқауы І орын, керемет ән шырқайды.

 

1-жүргізуші: 8-сынып оқушысы  Бектыбаева Гауһар аудандық «Ақжелкен» математикалық регата І орын, облыстық кезеңнің қатысушысы, аудандық Қазақстан Республикасының 20 жылдығына орай жеңіл атлетика ІІІ орын, аудандық пән олимпиадасы ІІІ орын, аудандық «Жас экологтар» байқауы І орын.

 

2-жүргізуші: 3-сынып оқушысы  Айжарикова Әлия –оқу озаты, мектепішілік «Жас эрудит» байқауның ІІІ орын иегері.

 

1-жүргізуші: Су құбылысының  жұлдыздарын марапаттау үшін сөз кезегі Кужекешева Шолпан  Сабыровна және қосымша білім беретін педагог Светлана Жакуповна Мухитановаға

беріледі.

 

2-жүргізуші:          «Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй», — деп Абай атамыз айтқандай, назарларыңызға

ән: «Туған жер»,  орындайтын _Бекболова Мирзада және Таңатова Аружан

 

 

1-жүргізуші:  Келесі топ  Жер табиғат құбылысының  жұлдыздары.

Жер — бүкіл  тартылыс  күшінің  орталығы. Оған  қарайтын  өкілдері  сенімді, мықты, әрі тұрақты. Жебеуші ғаламшарлары: Шолпан, Прозерпина, Сатурн.

 

2-жүргізуші: Түсі- жасыл, сарғылтым, көгілдір.  Апта  күні- жұма. Бақытты саны -6. Ұстанымы- менікі, тек қана  менікі  болу  керек! Олар батыл және батыр, қайырымды және ақпейіл. Мінездері қарама-қайшы, қызбалы. Қарсылаңыз – Торпақтар:

 

1-жүргізуші: 10-сынып оқушысы  Аманжолова Раушан – оқу озаты, аудандық «Апельсин» физика-техникалық турнирі ІІ орын, аудандық пән олимпиадасы ІІІ орын, аудандық «Бесінші элемент» химиялық турнир І, облыстық кезеңінің қатысушысы, аудандық ғылыми жоба жарысының І орын жүлдегері

 

2-жүргізуші: 7-сынып оқушысы  Айткалиева Айжұлдыз – оқу озаты, аудандық «Жайық ұландары-болашақ қырандары» байқауы І орын, биші. 4-сынып оқушысы Ақбулатова Дана – оқу озаты, аудандық шығармалар байқауларының қатысушысы, мектепішілік пән олимпиадасының ІІ орын жүлдегері.

 

 1-жүргізуші: 6-сынып оқушысы  Душаканова Нүргүл оқу озаты,  халықаралық «Ақбота» интеллектуалдық марафон ІІІ орын, аудандық «Жайық ұландары-болашақ қырандары» байқауы І орын, бос уақытында тоқығанды жақсы көреді.

 

2-жүргізуші: 4-сынып оқушысы  Бекболова Мирзада оқу озаты, мектепішілік пән олимпиадасының белсенді қатысушысы, аудандық халықаралық әйелдер күніне арналған фестивалінің номинанты, аудандық «Балдәурен» фестивалі ІІІ орын, кішкентай әншіміз.

 

1-жүргізуші: 5-сынып оқушысы  Насибуллин Әлемхан – аудандық «Қазақстан жануарларын сақтайық» байқауының ІІ орын иегері, облыстық «Былғары доп»  жарысы ІІІ орын, аудандық суреттер байқауының белсене қатысушысы.

 

2-жүргізуші:  Жердің қолдау көрсететін соңғы жұлдызнамасы –Бикеш белгісі. Түсі –ақ, жасыл. Апта күні- сәрсенбі.  Бақытты саны -5. Өмірлік  мақсаты- елге, өзіңе қызмет ету!

Олар тазалықты тәртіпті талап етеді. Тәртіптілерімізді қарсы алайық:

6-сынып оқушысы  Қапсиков Нұрберген аудандық «Жас экологтар» байқауы ІІІ орын, аудандық «Болашақ бүгіннен басталады» атты «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің КТК лига фестивалі ІІІ орын, аудандық ғылыми жоба жарысының қатысушысы, облыстық «Былғары доп» жарысы ІІІ орын.

 

1-жүргізуші: 2-сынып оқушысы  Ақбулатова Альбина оқу озаты, аудандық Ұлы Жеңіс күніне арналған фестивалінің номинанты,  6-сынып оқушысы  Қабдолова Мейрамгүл – оқу озаты, 7-сынып оқушысы  Каршигенова Аида— оқу озаты, аудандық «Күзгі өнімдер» байқауының ІІІ орын жүлдегері, аудандық ғылыми жоба жарысының қатысушысы.

 

2-жүргізуші: 8-сынып оқушысы  Ақбулатова Дина- аудандық «Балалар Даму Ассоциясы» іздестіру-зерттеу конференция ІІІ орын, аудандық «Жас экологтар» байқауы ІІІ орын, аудандық сурет байқауының жүлдегері, болашақ суретші.

1-сынып оқушысы  Утешева Аяулым – оқу озаты.

 

1-жүргізуші: 1-сынып оқушылары  Дуйсенгалиева Бақыт –оқу озаты, Карашева Айша –оқу озаты,  Тагаева Айымгүл-оқу озаты.

 

2-жүргізуші: 9-сынып оқушысы  Рамазанова Айнагүл оқу озаты, мектепішілік «ХХІ ғасыр көшбасшысы» байқауының жүлдегері, оқу озаты, аудандық пән олимпиадасы ІІІ орын, аудандық «Бесінші элемент» химиялық турнир ІІ орын, аудандық «Жас экологтар» байқауы І орын, аудандық сызу пәнінен олимпиада І орын, облыстық кезеңге қатысып дипломмен марапатталды, аудандық «Балалар Даму Академиясы» іздестіру-зерттеу конференция ІІІ орын.

 

1-жүргізуші:                  Жақсы шәкірт Азамат атанады.

Халқынан , ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырамыз ұстаз бен ата- ананы.

Жер табиғат құбылысының  жұлдыздарын марапаттау үшін  сөз кезегі жоғары санатты, орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Алтын Боранбаевна Шакаева және ата-аналар комитетінің төрайымы Жумашева Миргүл                                                    беріледі.

 

2-жүргізуші:                          Өнерді жанымменен түйсінемін

Қашанда өнерлі жас сүйсінерім.

«Қазақ» биін билесін мың бұралып,

Биімен шашу шашып бишілерім.

Ортада «Балдәурен» фестивалінің  жүлдегері 7-сынып оқушысы Жумашева Данараның орындауында  Үнді     биі.

 

 1-жүргізуші:    Бүгінгі тамаша кешімізде қаншама жаңа жұлдыздар жанды десеңші. Мектебімізге осындай жұлдыздар тәрбиелеген үшін әкелеріне, аналарына, әжелеріне, аталарына қамқор, зерек, шыдамдылықтары үшін алғысымызды айтамыз.

Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалыңдатып, шарықтаңдар әрдайым!

     Ән: «Ұстазым»               

  2-жүргізуші:   Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағаты, өнегесі, еңбегң.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.

1-жүргізуші:    Осымен, бүгінгі    «Жұлдыздар шеруі — 2012»  атты слетті жабық деп

жариялаймыз! Тамашалағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз!

                         Көп –көп рахмет сіздерге!