Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар. Тест
Сабақтың тақырыбы: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар. Тест
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру, олардың адамға тигізетін пайдасы мен зиянын түсіндіру. Пайдалы қазбалардың кен орындары, шартты белгілері, өндіру әдісі жайлы түсінік беру, алған білімдерін тиянақтау .
Дамытушылығы: Оқушыларды пайдалы қазбалар түрлерін ажырата білуге баулу, логикалық ой — өрісін дамыту, ізденушілік қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелілігі: Еліміздің қазба — байлықтарын мақтан ете отырып, оны үнемдеп жұмсауға, қорғап, сақтай білуге баулу, өз еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Сабақтың көрнекілігі: топтың ережесі, сабақтың ұраны, бағалау парағы, сызба – нұсқалар, пайдалы қазбалар картасы, постер, фломастер
Техникалық құрал: слайд
Сабақтың әдіс — тәсілдері: топпен жұмыс, семантикалық карта, түсіндірмелі, географиялық диктант, көрнекілік, ой қозғау, тест
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Үстелде жатқан пайдалы қазбалардың шарттарын/ тас көмір, мұнай, табиғи газ / бір-бірден алып үш топ құрады: /1 мин/
1-топ: Таскөмір
2-топ: Мұнай
3-топ: Табиғи газ
Бүгінгі сабақта қолданатын ұранымыз: /1 мин/
Дүниетану сөзі
Жер — Ана, кен — байлық, табиғатты сүйетін
Әрбір сабақ
Үйрену, ұғу, іздену, көп ғибрат алатын
Әрбір ісім
Тірлік, бірлік, адалдық пен шыншылдық
Әрбір күнім
Білімге зейін салатын,- дей отырып, сабақта үнемі есте боларлық ережені еске салып өтейін
- Бір — бірімізді тыңдау, қатысу
- Уақытты үнемдеу
- Ойымызды еркін айту
- Тақырыптан ауытқымау
- Анық, нақты сөйлеу
Біз осы ережелерді сақтай отырып, бүгінгі сабақта өз білімімізді жан — жақты көрсете білейік. Алдымен -Ендеше біз бүгін сендермен пайдалы қазбалар тарауынан алған білімдерімізді қайталаймыз. Әр топтың өз басшылары бағалау парағы арқылы оқушылардың тиісті бағаларын қойып отырады. Олай болса, «Ұяшық таңдау» кезеңін бастаймыз. Деңгей бойынша берілген тапсырмаларды таңдап орындайсындар. Соған сәйкес жауап берген оқушыларды топ басшысы белгілеп отырады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: /6-7 мин/
1- тапсырма: «Ұяшық таңдау» арқылы ұпайларды жинай отырып, өз білімімізді көрсетеміз.Сәттілік!
10 20 30 40
10 20 30 40
10 20 30 40
10 — Пайдалы қазбалар дегеніміз не? (адамға пайдасын тигізеді, қазып алынады)
10 — Пайдалы қазбалар өндірілетін жерді қалай атайды? (кен орны)
10 — Пайдалы қазбалардың қолдануына қарай неше топқа бөледі және оларды ата?
( 3 ке 1. Жанғыш пайдалы қазбалар, 2. Кен пайдалы қазбалар, 3. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар)
20 — Жанғыш пайдалы қазбаларға нелер жатады? (тас көмір, мұнай және газ)
20 — Түсті металл кендерін ата? (мыс, қорғасын, алюминий, алтын, күміс)
20 — Мыс пен мырыштың қоспасынан қандай металл алады? (жез түсі сарғыш, қатты, тот баспайды)
30 – Картада газ қандай түсті мұнара белгісімен белгіленеді? (ақ мұнара)
30 — Ең ірі Соколов –Сарыбай кен орнын ашқан кім? (ұшқыш Сургутанов 1948ж)
30- Қазақстанда қаншаға жуық көмір кендері бар? (400-ден астам)
40 -Майлы, қоймалжың сұйық зат. Ол жақсы жанады, көп жылу бөледі және күлін қалдырмайды. Бұл не? (мұнай)
40 — Ашық әдіспен өндірілетін көмір кен орны еліміздің қай қаласында? (Екібастұз)
40 — Ең алғаш көмірдің табылуына өз үлесін қосқан, оны жылыну үшін жағып көрген кім еді? (Аппақ Байжанов)
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту, жаңа сабаққа дайындық кезеңі
2- тапсырма: «Семантикалық карта» беру 3/мин/
Пайдалы қазба түрлері | Мұнай | Темір | Тас көмір | Мыс | Әктас | Алюминий | Ұлутас | Алтын | Мырыш | Ас тұзы |
Кенді пайдалы қазбалар | ||||||||||
Жанғыш пайдалы қазбалар | ||||||||||
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар |
Ескерту: Дұрыстық белгісі «+» таңбалаңыз
9-10 дұрыс – «5», 7-8 дұрыс – «4»,5 -6 дұрыс – «3», 4-тен төмен «2»
ҮІ. Жаңа сабақ
Барлық топқа бірдей: «Ой қозғау»
-Сонымен балалар кенге жатпайтын қандай пайдалы қазбалар бар?
Балалардың жауабы
Олай болса, 35-36 беттегі оқулық мәтінін пайдалана отырып, жоспар бойынша берілген кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға толық сипаттама бересіңдер(әр топ постермен жұмыс жасап қорғайды)
3- тапсырма: «Жоспар бойынша сипаттама»
/10мин/
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар | Өндірілетін кен орындары | Қандай қасиеттері бар | Маңызы, пайдасы | Шартты белгісі
|
1-топ: Фосфорит 2-топ: Әктас 3-топ: Ас тұзы |
Қорғауға /3 мин/
Фосфорит — Әктас — Ас тұзы —
Үлгірімі төмен оқушыларға тапсырма беру /2мин/
Географиялық диктант: Кубеева Ақжүніс
- Құм, ………………, …………….., гранит табиғатта жиі кездеседі.
- ………………. ақ, сұрғылт немесе сарғыш түсті болады.
- бор мен мәрмәр да ……………… жатады.
- Қазақстан жерінде ……………………. өте мол.
- Ас тұзы …………………, ………………….., ……………………….. және ………………………. облыстарында өндіріледі.
Географиялық диктант: Нурмагамбетов Мерей
- ……………………….- тыңайтқыш алынатын шөгінді тау жынысы.
- Фосфор ……………………… топыраққа қосқанда ……………………. жақсы өседі.
- тас өңдеуші шеберлер ………………….. жасаған тамаша өрнектері, ………………… күні бүгінге дейін сақталған.
- ……………………… – нығыздалып, қатталып қалған …………………. бақалшақтарынан түзілген ……………………… тас.
- Тұзды ………………….. өндіреді.
- Бекіту
Картамен жұмыс.
Сабағымызды қорытындылай келе, пайдалы қазбалар тарау бойынша тест тапсырмасын орындаймыз.
4- тапсырма «Тест» /10мин/
1.Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай нешеге бөлінеді?
А) 2
Ә)3
Б) 4
- Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?
А) тас көмір, мұнай, газ
Ә) мұнай, гранит, мыс
Б) газ, тас көмір, қорғасын
3.Кенді пайдалы қазбалардың құрамында не болады?
А)газ
Ә)құм
Б)металл
4.Тас көмірдің аса ірі кен орны қайда орналасқан?
А)Өскемен, Семей
Ә)Қарағанды, Екібастұз
Б)Маңғыстау, Атырау
- Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінен не өндіреді?
А)тас көмір, мұнай
Ә)қорғасын, алюминий
Б) мұнай, газ
6.Кенді пайдалы қазбаның мол шоғырланған жері қайда?
А) Шығыс Қазақстанда
Ә)Орталық Қазақстанда
Б)Солтүстік Қазақстанда
7.Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға не жатады?
А)тұз, фосфорит,әктас
Ә) мұнай, гранит, тұз
Б) фосфорит, газ, металл
- Еліміздегі ең ірі темір кен орны:
А)Кентау
Ә)Соколов-Сарыбай
Б)Өскемен
- Кен орны деп нені айтады?
А)пайдалы қазбалардың шоғырланған жері
Ә)пайдалы қазбаларды өндіру әдістері
Б) пайдалы қазбаларды өңдейтін жер
- Мұнайды арнаулы пеште қыздыру нәтижесінде не алынады?
А) фосфорит, мәрмәр
Ә) бензин, газ, жанармай
Б)жанғыш газ,әктас
Дұрыс жауабымен салыстыр және бағала.
1.Ә
2.А
3.Б
4.Ә
5.Б
6.Ә
7.А
8.Ә
9.А
10.Ә
1 қате – “5”
2 қате – “4”
3 қате – “3”
4 қате – “2”
- Бағалау / 2мин/
Топ басшылары жинаған ұпайлары бойынша бағалайды
№ | Оқушының аты | 1- тапсырма «Ұяшық таңдау» | 2 –тапсырма «Семантикалық карта» | 3- тапсырма: «Жоспар бойынша сипаттама»
| 4-тапсырма «Тест» | Қорытынды бағасы |
VII Рефлексия /2мин/
-Не білдік?
-Не қызықтырды?
-Алған әсерлерің?
VIII. Үйге тапсырма: 35-36 бет оқу, қосымша материалдар жинақтау
4- тапсырма «Тест» /10мин/
1.Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай нешеге бөлінеді?
А) 2
Ә)3
Б) 4
- Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?
А) тас көмір, мұнай, газ
Ә) мұнай, гранит, мыс
Б) газ, тас көмір, қорғасын
3.Кенді пайдалы қазбалардың құрамында не болады?
А)газ
Ә)құм
Б)металл
4.Тас көмірдің аса ірі кен орны қайда орналасқан?
А)Өскемен, Семей
Ә)Қарағанды, Екібастұз
Б)Маңғыстау, Атырау
- Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінен не өндіреді?
А)тас көмір, мұнай
Ә)қорғасын, алюминий
Б) мұнай, газ
6.Кенді пайдалы қазбаның мол шоғырланған жері қайда?
А) Шығыс Қазақстанда
Ә)Орталық Қазақстанда
Б)Солтүстік Қазақстанда
7.Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға не жатады?
А)тұз, фосфорит,әктас
Ә) мұнай, гранит, тұз
Б) фосфорит, газ, металл
- Еліміздегі ең ірі темір кен орны:
А)Кентау
Ә)Соколов-Сарыбай
Б)Өскемен
- Кен орны деп нені айтады?
А)пайдалы қазбалардың шоғырланған жері
Ә)пайдалы қазбаларды өндіру әдістері
Б) пайдалы қазбаларды өңдейтін жер
- Мұнайды арнаулы пеште қыздыру нәтижесінде не алынады?
А) фосфорит, мәрмәр
Ә) бензин, газ, жанармай
Б)жанғыш газ,әктас