«Сыңғырла, күміс қоңырау»

 

Тақырыбы: «Сыңғырла, күміс  қоңырау»

Мақсаты:

1.«Алғашқы  қоңырау»  салтанатты жиынын ұйымдастырып өткізу.

2.1-сынып оқушыларын  мектепке  қабылдау.

2.Қазақстан Республикасы  Конституциясының 1,7,9,30,40,44 баптарына  тоқтала  отырып, «Қазақстан-2050 стратегиясы: Бір халық, бір ел,  бір  тағдыр» тақырыбы  аясында  ашық  тәрбие  сағаттарын өткізу.

3.Оқушыларға  азаматтық-патриоттық тәрбие  беру.

Безендіру:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  Рәміздері,қабырға  газеттері,қанатты  сөздер, шарлармен жалаушалар ілу, музыкалық аппаратурамен қамтамасыз ету,

Барысы:

1.Ұйымдастыру  кезеңі

Мектеп оқушыларын сапқа тұрғызу.

Қонақтарды  қарсы  алу,орналастыру.

Жүргізуші:

Армысыздар,Қадірменді  қонақтар,мектеп оқушылары!

Барша  баланың  бойына  білім нәрі мен тәлімді  тәрбие дәнін  себетін мезгіл- 2013-2014  жаңа  оқу  жылының  басталуына  арналған  «Алғашқы  қоңырау» салтанатты  жиынына  мерекелік  көңіл күймен  қош  келдіңіздер!

Тарихы терең  Тәуелсіз  еліміздің  еркін  өмір  көшіндегі  тарих  қойнауы  Қазақстан-2050  стратегиясын  жүзеге  асыруда  жаңалығы  мен  жетістігі  мол  оқу  жылымен  толыға  түскей  деген  асқақ  арманымызға  қол  жеткізуге  бағытталған   БІЛІМ   КҮНІ  мерекелеріңіз  құтты  болсын!

Әскери жетекші:

Мектеп  түзеліңдер! Тік  тұрыңдар!

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  Туы  салтанатты  түрде  ортаға  енгізілсін!  /Ту  көтеру мектептің  озат оқушыларына  тапсырылады. Әскери жетекші  мектеп  директорына  мәлімдеме  береді./

Жүргізуші:

Көкбайрағым  көк  жүзінде  қалқыған,

Әнұраным — әуелеген  шалқыған.

Қазақ  елін  бес  құрлыққа  танытқан,

Елбасы да  өткен  ұстаз  алдынан, —  дей  отырып, салтанатты жиынды  ашу  үшін  сөз мектеп директоры……………………………..  беріледі.

Мектеп директоры:

Құрметті  қонақтар,ұстаздар,ата-аналар  және  мектеп  оқушылары! 2013-2014  оқу  жылының  басталуына  арналған  «Алғашқы  қоңырау» салтанатты  жиынын  «ашық»  деп  жариялаймын!

/Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік Гимні  орындалады./

Мектеп директоры:

Биылғы  жыл  Қазақстандықтар  үшін  ғаламдық  жетістіктерге  жетуге  жол ашатын, білім  беру  үрдісінде  елеулі  өзгерістер  мен  жаңалықтарға  толы жыл болмақ. Елбасы  Н.Ә.Назарбаетың  Қазақстан Халқына  арнаған   «Қазақстан-2050»  стратегиялық  Жолдауында  және  де «Білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға арналған  мемлекеттік  бағдарламасында» белгіленген  міндеттерді  жүзеге   асыруда  білім  жүйесін  одан  әрі  дамыту  жаңа  кезеңге  аяқ  басты. Білім  көрсеткішін  халықаралық  рейтингі  деңгейіне  көтеру, педагогтардың  ұстаздық  қасиетінің жоғары  болуы,әлемдік  білім  кеңістігінде бәсекеге  қабілетті  білімді  де  тәрбиелі  жеке  тұлға  дайындау,  нәтижеге  бағдарланған  білім  жүйесін  жетілдіру бүгінгі  таңдағы  барлық  ұстаздың  басты  міндеті. Сондықтан  да әр  оқу  жылы  ұстаздар  қауымына  жас  ұрпақ  алдында  мол  жауапкершілікпен  жұмыс жасауды  міндеттейді. Елбасы  ұсынған  «Қазақстан-2050  стратегиясы»  аясында  ұстаздар  мен  шәкірттердің жаңа  оқу  жылында  толайым  табыстарға  жетіп,жетістіктер  көкжиегінен  көрінуіне  үміт  артамыз!

Тәуелсіз  қазақ  елінің  Ата  Заңы  аясында  шәкірттеріміз  тегін  білім  алуымен  қатар, міндетті  білім  қоры  есебінен  Бейсенқұл Алтынай,Тұрлан Ақерке,Бақберген Бағлан  сынды  оқушыларымыз  «Көктал»  және «Ақкөл»  жазғы  сауықтыру  лагерінде тегін  демалып  қайтты.Негізгі  мектепті  бітіруші  түлектеріміз  Бейсенқұл Нұргелді, Асыл Айсұлу,Шалмұханбет Шағала  өз таңдаулары  бойынша  медициналық колледждің  білім  грантына ие  болды.

Әр жылымыздың  жетістікке  толы  болуы , әр  күніміздің  арайлы  болуы , тәуелсіз еліміз  бен кең –байтақ жерімізді  әр  қырынан  әлем  жұртшылығына  танытып  отырған, Қазақстанның  дамуына көпұлтты  Қазақстанда  ұлтаралық  келісім  мен  татулықтың  тұрақтылығына  бар  күш-жігерін  жұмсаған  сарабдал  саясаткер  -Тұңғыш  Президентіміз Н.Ә.Назарбаевқа  бүкіл  қазақстандықтардың  алғысы шексіз.  Әлем  жұрты  мойындап  отырған  еліміздің  басқа  да  дамыған мемлекеттермен  білім  бәсекесіндегі  қабілетімізді  арттыру мақсатында  ұстаздардың  ролі  ерекше.Елбасы  ұсынған  «Қазақстан-2050  стратегиясы»   мен  білім  саласындағы  реформалар   сол  білімге  бастап  апаратын  бағдаршам  болмақ. Сондықтан  да  барша  ұстаздың  нәтижелі  білім мен  тәлімді  тәрбие беруге, өз білімдерін  жетілдіруге,  жаңашыл  ізденістер  мен жетістіктерге  толы  оқу  жылын  шығармашыл  еңбектерімен  толықтыра  түседі  деген  сенім  білдіре  отырып,  «Білім күні»  мерекелеріңіз  құтты  болсын демекпін!

Жүргізуші:

Нұрлы  үмітін  көтеріп ол  арқаға,

Жан  сәулесін  тарататын  баршаға.

Шын  пейілмен  құрметімізді  көрсетіп,

Қонақтарды  шақырамыз  ортаға,-  дей  келе  сөз салтанатты  жиынның  қадірменді  қонағы …………………………………………………………. беріледі.

Жүргізуші:

Ұстаз деген  биік  тұлға  байсалды,

Шәкірттерді  құшақ  жайып  қарсы  алды.

Мерекеде  жақсы  тілек  білдіріп,

Құттықтайды  ………………………….  баршаңды,- дей келе  сөз  ………………………..

…………………………………………………………….беріледі.

Жүргізуші:

Күндеріңіз  толсын  гүлге,желекке,

Отбасында  болсын  ырыс-береке.

Сөз береміз аяулы аналарға,

Өмір-думан,бақ  әкелсін  мереке,-дей келе сөз ата-аналар атынан ………………………………        беріледі.

Жүргізуші:

Шәкіртімен  ұстаздар  мақтанады,

Жетістігі  жүректе  сақталады.

Шәкірттер тек  биіктен  көрініңдер,

Сонда  ұстаз  сенімі  ақталады,-дей  келе  сөз  оқушылар  атынан  …………………………………………….        беріледі.

Жүргізуші:

Бар мектептің  басталар  бүгін жыры,

Бақ  қоңырау  шақырып  ұғымдыны.

Оқу жылы  басталды  ұстаз- шәкірт,

Құтты  болсын  бүгінгі  БІЛІМ  КҮНІ,- дей  келе,  сөз 1-сынып  оқушыларына  беріледі.

Жүргізуші:

Қағылды  зор  қоңырау  күмбірледі,

Аралап  айлық жерді, күндік  жерді.

Ілесіп  сол  қоңырау  үніменен,

Қазақтың даласына  білім  келді,—дей  келе «Алғашқы  қоңырау»  соғу  рәсіміне кезек  берейік. /1-сыныпқа  қабылданушылар  қоңырау  соғады/.

Жүргізуші:

Заман  жаңа  өзгерді  шабыс  бүгін,

Күтеміз  біз  шәкірттен  табысты  күн.

Білімменен  қол  созып  биік  шыңға,

Көтерейік  биікке  намыс  туын,- дей  отырып , «Алғашқы  қоңырау» салтанатты  жиынын «жабық»  деп  жариялаймын.

/ҚР  Мемлекеттік Туы  жиыннан  шығарылып,  ҚР  Мемлекеттік  Гимні  орындалады/