Ән-күй (музыка ) сабағы
Тақырыбы: Ән-күй (музыка ) сабағы
Мақсаты: а)Тақырып бойынша берілген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту.
Сөйлем құрауға, ән айтуға үйрету.
ә) Оқушылардың тілін, ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.
б) Оқушылардың ән-күй сабағына, ән айту өнеріне деген қызығушылығын
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі,әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, домбыра, ұлттық аспаптардың түрлері ,
үнтаспа, слайдтар, М.Мақатаевтың және Н.Тілендиевтің
портреттері.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру
- Оқушылардың қарым-қатынасқа психологиялық дайындау
- Сәлемдесу ,оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
- Тіл дамыту минутын өткізу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Үйге берілген тапсырманы анықтау.
- Сұрақ-жауап әдісімен «Пәндер » мәтінінің мазмұнын әңгімелеу
- Нұрлан мен Гүлнәр нешінші сыныпта оқиды?
- Олар математика сабағында не істейді?
- Бейнелеу өнері сабағында не істейді?
- Музыка сабағында не істейді?
- Қазақ тілі сабағында не істейді?
- Ойын түрінде жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгергенін тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
1.Тақырыпты хабарлап айтып, мақсатымен таныстыру ,тақтаға жазу
— Қызығушылығын ояту.
— Балалар музыканың қандай түрлерін білеміз?
— көңілді , марш, мұңлы
— Осы музыканы бізге не жеткізеді ?
— Музыкалық аспаптар.
— Қандай музыкалық аспаптарды білесіңдер?(музыкалық аспаптарды көрсету.)
-Осы музыкалық аспаптардың ең танымалы қай аспап?
— Домбыра
Олай болса,балалар бүгін маған сабақ жүргізуге қасиетті домбыра көмектеседі.Бұл домбыра жай домбыра емес,сиқырлы домбыра. Бұл домбыра дұрыс жауап естісе өзінен -өзі музыка тартады.
2.Оқулықпен жұмыс :
— Сөздік жұмысын жүргізу (жаңа сөздермен таныстыру, сөздік дәптеріне жаздыру)
- Дәптермен жұмыс
— Жаңа сөздермен сөйлем құрау,оны жұмыс дәптеріне жаздыру
— 1-жаттығу сөздерді оқу, аудару ,қайталау
— 2 –жаттығу мәтінді оқу , орыс тіліне аудару.
— 3-жаттығу Суретпен жұмыс ұйымдастыру ,сөйлем құрау,әңгімелеу
- — Ал енді бүгін біз сендермен ән үйренеміз .
Әннің аты «Құттықтаймын ,мама ,туған күніңмен!».
Сөзін жазған :М.Мақатаев, Әнін жазған : Н. Тілендиев
Өлеңді оқып ,аудару мазмұнын түсіндіру
Өлеңді әнімен орындау
- Сабақты бекіту
- Бүгін қай тақырыппен таныстық ?
- Қандай жаңа сөздермен таныстыңдар?
- Қандай жаңа ән үйрендіңдер?
- Бүгін сабақ жүргізуге қандай аспап көмектесті?
- Үйге тапсырма:
15 бет жаңа сөздерді ,17 бет 6-жаттығу өлеңді жаттау.
- Оқушылардың жауабын бағалау