Бояулар сыр шертеді.
Бояулар сыр шертеді.
Төлеуғалиев Б.
Қараөзен мектеп-лицейінің сызу, сурет, еңбек пәндерінің мұғалімі.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: оқушыларды шапшаңдыққа үйрету, шығармашылықтарын дамыту.
ә) Дамытушылығы: олардың икемділігін, сурет салу шеберлігін арттыру; Ой-өрісін, қиялын, елестету қабілетін қалыптастыру.
б) Тәрбиелілігі: әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Түрі: сайыс сабақ
Типі: білім, білік дағдысын қалыптастыру
Әдісі: өз бетімен жұмыс
Көрнекілігі: «Бояулар сыр шертеді» атты сурет көрмесі, өнер жайлы нақыл сөздер, түрлі суреттер.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі және таныстыру.
- Бағламамен танысу.
- Ойын сайыс
- Қорытынды.
- Танысу бөлімі: әр оқушы өздерін таныстырып, номер алады және әділқазылар алқасымен таныстырады.
- Бағдарламамен танысу:
- Үй тапсырмасы «Желтоқсан ызғары»
- Бейнелеу өнері терминдердің қысқаша түсіндірме сөздігі.
- Ертегілер, өлеңдерге иллюстрация жасау.
- Достық әзіл сайысы.
- Өнер туралы мақал-мәтелдер сайысы.
- Ойын-сайыс.
- Үй тапсырмасы бойынша «Желтоқсан ызғары» атты тақырыпқа арналған суреттер көрсету, суретті сөйлету.
- Билет алу арқылы бейнелеу терминдер сөздігіне жауап беру.
- Ертегілерге, өлеңдерге иллюстрация жасау сайысы. Әрбір оқушы билет арқылы қойылған сұрақ-өлең немесе ертегі болса тез арада нобайлар жасайды.
- «Достық әзіл» сайысы. Яғни әзіл сурет салады, соңынан суретші түсіндіріп ұтымды жауап береді.
- Өнер туралы мақал-мәтелдер сайысы. Оқушылар жазбаша түрде өнер туралы мақалдарды жазбаша қағазға жазу керек, көп жазған адам жеңіске жетеді.
- Қорытыныды.
Әділқазылар алқасы сайыскер оқушыларды берілген ұпайлар бойынша анықтап жеңімпаз оқушыны оқушыны атайды.
- Үйге тапсырма. Жан-жануарлар мен адамдардың нобайларын салу 10 дана.