«Лагерь ханзадасы мен ханшайымы-2014» сайысы

Тақырыбы: «Лагерь ханзадасы мен ханшайымы-2014» сайысы

Мақсаты: Әр баланың бойындағы қасиеттерін, өнерлерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.

Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, шарлар, нақыл-сөздер.

Жүру барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата – аналар, ұстаздар, лагерь демалушылары! Бүгінгі « Лагерь  ханшайымы мен ханзадасы-2014» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

 

2-жүргізуші: Здравствуйте уважаемые гости, в этот солнечный денек, мы рады приветствовать вас в нашем лагере «Жауказын». Но сегодня у нас не обычный день, сегодня у нас важное событие. Конкурс «Принц и принцесса лагеря -2014».

 

1-жүргізуші: Армысыз асыл халқым ақ жүректі,
Баласына арналған ақ тілекті
Сыңға түсер достары арасында,
Қарсы алайық құрметпен өнерпаздарды, дей келе Ханзада мен Ханшайымдарымызды ортаға шақырайық! Қарсы алыңыздар.

1-жұп Мерей мен Ержігіт

2-жұп Аманбай мен Лаура

3-жұп Фархад пен Динара

4-жұп Нариман мен Б.Динара

5-жұп Бақдаулет пен Альбина

6-жұп Мұхаммедрасул мен Наркиза

2-жүргізуші:

Ах, какие милые,

Добрые, красивые,

Величавы и горды,

Наши девочки г. Кульсары.

Ну, а мальчики у нас,

Загляденья высший класс,

Все галантны, все скромны,

И в костюмах как Джеймс Бонд,

Защитят весь мир они!

 

Жүргізуші:
-Кімдер жүйрік, өнерпазды білейікші
«Ханзада мен Ханшайым» деп жүрейікші
Әділқазы алқасынан әділдікті
Ал балаларға сәттілік тілейікші — дей келе сайысымызға әділ бағасын беріп, төрелік жасайтын әділқазы алқасымен таныстырайық.

Лагерь директоры: Әлия Орынбайқызы.

Психолог: Жекебаева Сағира.

 

Жүргізуші:
-Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық!- деп өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
1 — бөлім: «Тегімді менің сұрасаң…» (өзін таныстыру)
2 — бөлім: «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ — жауап)

3 — бөлім: «Өнерлі бала – елдің көркі» (өнер сайысы)
4 — бөлім: «Сұлулық сыры» (сән үлгісі)
Жүргізуші:
-Есте қалар бұл күндер,
Бал — бұл жанған жыр күндер
Бүгін өнер көрсетпек
Оза шапқан дүлділдер
Ойнап, тойлап күлейік
Жеңімпазды білейік
Талапкердің бәріне
Шалқар шабат тілейік деп тағыда қошемет көрсетіп қояйық.
1-жүргізуші:
-Ақыл — көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді — деп сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң…» деп аталады. Сайысқа қатысушыларымыз өздерін таныстырып өтеді.

2-жүргізуші:

Первый конкурс, который ожидает наших конкурсантов называется «Знакомство».

1-жұп Мерей мен Ержігіт

2-жұп Аманбай мен Лаура

3-жұп Фархад пен Динара

4-жұп Нариман мен Б.Динара

5-жұп Бақдаулет пен Альбина

6-жұп Мұхаммедрасул мен Наркиза

2-жүргізуші:

Вот и закончился первый конкурс, мы познакомились с нашими конкурсантами.

2-бөлім «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ — жауап)

1-жүргізуші:

«Біреу білмегенді, біреу білер»

«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» дегендей «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ — жауап)  бөлімінеде кезек келді.

2-жүргізуші:

Второй конкурс – «ИНТЕЛЕКТУАЛЬНЫЙ».

А теперь проверим знанья.

Вед принцесса – это не титул, а призванья!

Принцесса должна быть умной, и очень благоразумной

Кто умней — сейчас узнаем!

Сұрақ тапсырмалары:

  1. Төрт түлік малды ата.(қой, сиыр, түйе,жылқы)
    2. Түйенің сүтін ата.(шұбат)
    3. Киіз үйге жарық қайдан түседі?(түндіктен)
    4. Жаз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
    5. Малдың пірлерін ата.

Жылқы пірі-Қамбарата,

Сиыр пірі-Зеңгібаба,

Қой пірі –Шопаната,

Түйе пірі-Ойсылқара,

Ешкі пірі-Сексеката.
6. Бесікке байланысты қандай ырым-тыйымдар білесің? (Бос бесікті тербетпе. Бос бесікті еш уақытта жабусыз қалдырма. Бесіктің теріс жағына отырма. Бесікті саудалама. Айтқан бағасына сатып алу керек.)
7. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам. (Наурызкөже)

8.Бес асыл істі атаңыз, бес дұшпанға не жатады?
9. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз?  (Ақсүйек, асық, алтыбақан, тоғызқұмалақ, көкпар, жасырынбақ,қыз қуу, теңге алу.)

10.Нанға байланысты ырым-тыйымдар: (Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуә етуге болмайды. Таңертең нан ауыз тимей үйден шығуға болмайды. Нанды төңкеріп қоюға болмайды.)

  1. Самое лучшее время для школьников. (Каникулы)
  2. Самая главная песня страны. (Гимн)

 

(Әділ-қазылардан «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ — жауап) бөлімінің бағаларын сұраймыз.)

3 — бөлім:

1-жүргізуші:
— «Өнерлі бала – елдің көркі»
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би — билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі сайыста бәйге алуға
Сайыскерлер аянбай жан салыпты,- деп өнер сайысына кезек береміз.

2-жүргізуші:

 

 

Третий конкурс – «Артистизм».

В этом конкурсе конкурсанты должны показать свои способности читать стихи, петь песни и танцевать.

 

— Құдайберген Ержігіт орындауында Махамбеттің  өлеңінен үзінді оқу.

-Нұрсейтова  Мерейдің орындауында би «Вуги вуги».

-Аманғалиев Аманбай орныдауында ән «Мерекем».

-Калиоллоева Лаура, Аманғалиева Динара, Құттыбаев Нариман, Қабыл Альбина, Көздібаев Бақдаулеттің орындауында би «Макарена».

-Айтбаев Фархадтың шығармашылық өнері  бар екен.

-Серік Мұхаммедрасулдың өнері тақпақ айту.

-Қабыл Наркизаның орындауында үнді биі «Хатуба». Қошемет халайық!

 

(Әділ-қазылардан «Өнерлі бала – елдің көркі» бөлімінің бағасын сұраймыз.)

 

1-жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй,-деп ұлы Абай атамыз айтқандай ортамызға өнерпаздарымызды шақырайық.

Аманбек: Қойны толы жеміске,
Көк майсалы еңіске.
Көбелек қуып ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?

Қарлығаш: Жаз жайлау неткен кең еді.
Жұпарын желмен төгеді.
Балдырған тілді бұлақтар
Құлдилап шауып келеді.
Тілекқабыл:       Дөңгеленіп төбеден

                            Сәулесін күн төгеді

                            Жарқын жаздың не деген,

                            Жасыл түссе көп еді.

 

   Сандуғаш:       Жайқалып жапырақ,

                                      Құлпырып қызғалдақ

                                      Тұратын көз тартып,

                                      Жаз келді күн шуақ.

 Ақниет:            Жаз келді далама,

                                      Түсті кілем төседі

                                      Бақшамызда, аулада,

                                      Гүлдер жайнап өседі.

 

4 — бөлім:

 

 

1-жүргізуші:  «Сұлулық сыры»
-Сынбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын
Өнеріне сай келіп, дайын тұрған
Қыздарымызға қызығып қарасатын
Сіздерге жаңаша сән үлгісін ұсынамыз! –

2-жүргізуші:

Уважаемые гости, приготовтесь хлопать и свистеть наши конкурсантки начинают настоящий показ мод.

Модные платья,

Каблуки и прически,

Брошки, булавки,

Банты и расчески,

Кружево, бархат,

Стразы, цветы,

Все это нужно для такой красоты.

 

(Әділ-қазылардан «Сұлулық сыры» бөлімінің бағасын сұраймыз.)

 

Жүргізуші:

-Қазағымның жігіттері мен қыздары жұп болып сынға түсті,
Салт — дәстүрлер жаңарып еске түсті
Ханшайым мен Ханзада анықталып сын сағатта,
Бұл сағатты ата — ана көптен күтті.
Қуаныш бүгін мынау құтты болсын
Қыздарымыз бен ұлдарымыз  мықты болып өсе берсін!
Жүргізуші:
-Кімдер жүйрік, өнерпазды білейікші,
Әділқазыларға төрелік берейікші
Жеңіп шыққан аруға,
Құттықтап сәттілікті тілейікші.
Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Жүргізуші:
-Жүзден жүйрік күшімен
Мыңнан тұлпар мықты шың
Құттықтаймыз ал енді
Ханзада мен ханшайымды
Өрге жүзіп өнері
Тауға өрлесін талабы
Шоқтай болып жанады
Қуанышпен жанары,- деп «Лагерь ханшайымы мен ханзадасын» шын жүректен құттықтаймыз.
-Бүгінгі мерекелік іс — шарамыз аяқталды. Келесі кездескенше күніміз нұрлы болсын.