«Қош бол, алтын ұя мектебім!»
«Қош бол, алтын ұя мектебім!»
1-жүргізуші:
Армысыздар, жиналған ата-ана, ұстаздар,
Той-жиынсыз өмрдің мәні болмас.
Арамызда талпынып қанат қақты,
Он бір жылда оң-солын таныған жас.
2-жүргізуші:
Алдарында сан тарау жолдары тұр,
Бәр ертеңгі замат болғаны тұр.
Үлкен өмір есігін ашпақ, міне ,
Келген қауым, қол соғып, қолда бүгін.
1-жүргізуші:
Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, қадірлі жас түлектер! Міне бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр жылы қайталанбас тарихқа толы, асыға күткен 2011 жылғы түлектердің соңғы мерекелік концерті!
Жылдағы дәстүр бойынша білімнің ордасы, ұлылықтың мекенінде тойланатын «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты түлектер концертіне қош келіпсіздер.
2- жүргізуші:
Күмбірлей күй естілсе домбырадан,
Көңілге шаттық сезім қондырар ән.
Шымырлап шыққан кезде шырқау көкке,
Елітіп тұла бойың балбыраған.
1-жүргізуші:
Жас жүректің өмірлік құштары-гүл,
Бағбан-ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
Алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші:
Аттанарда ұрпағым бақ жолына,
Түссін деп тура дүрер нақ жолына.
Арнай ақ матадан жол төседік,
Ырым қып түлектердің ақ жолына.
Әрбір баланы өлең жолдарымен шақыру.
Мінезі жарқын әрқашан,
Күлімдей Таңшолпан.
Жайдары мінез, күлім көз,
Жаңгелдідей батыр дос.
Күн көзімен таласқан,
Назгүліңдей қыздарың.
Бақытқа бөлеп жүретін,
Бекназардай қыранды.
Шашы ұзын қызымыз,
Азиядай сұлуың.
Қараның бар сұлуы,
Әділбектей ұлымыз.
Тал мүсіндей бейнесі,
Айзададай сұлудың.
Бойы сұнғақ ұлдарға,
Дес бермейді Шыңғыста.
Қасы көзі қиылған,
Жансаядай бикеште.
Мөлдір тұнық көздері,
Әділеттей жігітте.
Мінезмен ерекше,
Ақботадай құрбымыз.
Жолбарыстай қырағы,
Ерсайындай пырағы.
Майысып ылғи жүреді,
Қымбаттай ару қыздарың.
Ұлымыз бар Қайраттай,
Машинасыз жүрмейтін.
Мінезі тұйық ару бар,
Айгерімдей сұлуың
Мінез ашық аңқылдақ,
Оралхандай арыстың.
Спорт десе ішкен асын жерге қояр қызымыз,
Таңшолпандай бола бермек аруың.
Жиі қалады сабақтан,
Айдос деген досымыз.
Сары қыз бар ортамызда
Бұрымы белінен түскен Гүлжиһаның
Әнге деген өнерін,
Елдос ашты бір қырын
Әйгерімдей қызымыз бар,
Әрқашан ұялып жүретін,
Бұзығы да, тентегі де мектептің,
Сұңғаттай еркені бәрі білер.
Инабатты, ибалы
Гүлзададай қыздарың.
Шемішкедей шағады ол есепті,
Ерсұлтандай ұлдарың.
Арытандай айбатты,
Асылхандай ұлдарын.
Жолбарыстай қайратты
Дмитридей тұлпарың.
Шақырамыз ортаға
11 «А» сынып түлектерін
Қошметпен біз бүгін,
Қарсы аламыз құрметпен.
1-жүргізуші:
Текті сынып басқадан бағы басым,
Бәрі де дарынды жас6 жаны-жасын7
Бапкері, жетекші апаймен
Қарсы алайық 11 «А» сыныбын.
Жаладй кең түсінігі, ұғымы.
Қазаққа тән мінезі мен қылығы,
Салтанаттың сом алтындай ұл-қызы,
Адарыңызда 11 «А» сыныбы.
1-жүргізуші:
Тарихы терең қазақ дегени көне елде,
Ел белгіе, ерлік, өрлік, өнер де
ЖаҺанды ең жауынгер халықта,
Кім сенеді ту болмайды дегенге?!
Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер түркіні парағынан таныған.
Өз ақын, өзі әнші халыққа,
Жарасады жігер берер әнұран.
2- жүргізуші.
Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туын көтеру мектеп бітіруші түлегіміз Қапанов Қалдыбекте.
(Ту көтеріліп, гимн орындалады).
1-жүргізуші:
Білімді шәкірттерін аялаған,
Жақсылығын ешкімнен аямаған.
Саялы бақ жанашыры жас ұрпақтың,
Ұстаз деген ардақты, аяулы адам.
Хор: 11 «А» сынып.
2-жүргізуші:
Мектеп, мектеп
Төңіректеп,
Жүруші едік біз кеше.
Тыңдаушы едік,
Сұраушы едік
Үй жұмысын бермесе.
Бүгін міне үлкен болдық.
Он жетіге енді толдық, дегенді осы балалық шығымыздың қызықты, қуанышты кезеңі етелігіне мына сюжетті өздеріңізге ұсынамыз.
(Интер тақтадан слайд фото)
Ән: Қуантай Ә.ж\е Қабылжанова Н. «Құрдастар»
1-жүргізуші:
Бәрі есімде,мектепке алғаш бар күн,
Күлімдеп бір нұры жүзіміз жанған күн.
Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау,
Шақырғаны алға бізді арман мың.
Әсем бөлме терезелер жап-жарық,
Қойған дерсізшырағданнан шам шығып.
Қара тақта, аппақ парта өқаз қатар,
Отырдық біз сипап бәрін таң қалып.
Ән: Шөменов Елдос «Асау өмір»
2-жүргізуші:
Кіріп келді сыныпқа ұстаз күнді іліп,
Бөлме іші кетті лезде шын жылып.
Сәлем берді ұстаз бізге жымиып,
Бар шуылынбалалардың тындырып.
Күнде осылай өтіп жататын әр сабақ,
Таразыға түсті талай қанша бақ
Білімді аңсап шөміңркеген санаға,
Құйылды екен сонда қанша, бал шарап.
Алғаш рет «Мектеп» «Ұстаз» «Отан» деген ұғымды санаға сіңіріп, білім нәрін берген, әріп танытып, достыққа жетелеген ұстаздарға келесі өлең жолдары өздеріңізге арналады.
Тақпақ: С. Әйгерім, Ә. Таңшолпан, Б. айзада, Т. Оралхан, К. Сұңғат, Н. Айзада.,
А.Қымбат, Сакенова Г.
1-жүргізуші:
Ұстаздың арқасында шаттандық,
Сөзін ту ғып болашаққа аттандық.
Мектебімде ұстаздар бар ардагер,
Барлығымыз жүретұғын мақтан ғып.
Аяулы ұстаз! Өлшемі жоқ бағаның,
Айтындаршы таласады оған кім?
Еленуге елге істеген еңбегің,
Айтады алғыс шәкірттерің саған мың- дей келе, биылғы оқу жылын аяқтап түлектермен бірге біршеше жыл қиын да, қызықты еңбек жолын бастан кешірген қарт.ұстаздарымыздың ерен еңбегін бағалай келе, келесі орныдалар ән сіздерге арналады.
Ән: Әлтаева Т.ж\е Қапанов Қ . «Ұстаз».
2-жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бибшілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздей,
Бишілер өнерлерін көрсетуде.
Би: Қалмағанбетова А. ж\е Дәуренова Ж. «Қазақ биі».
1-жүргізуші:
Қазақтың тағдыры,келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіркеледі. Мектептің жаны-мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалімі білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шығады.
Ән: Майленов Б. «Школьный вальс»
2- жүргізуші:
«Достық» «Жолдастық» « Алғашқы махаббат» ұғымдарын терең түсіне білу мектеп қабырғасынана басталады. Есте мәңгілік қалар балалық махаббат жайлы әнімізді қабыл алыңыздар.
Ән: Сапарова Т. ж\е Шөменов Е. « Алғашқы махаббат».
1-жүргізуші:
-Етеді еңбек әр елде:
Жаяды атын әлемге!
-Емші атанған шәкірт те,
Елші атанған шәкірт те.
-Кәсіпкер де, мұғалім,
Журналистте не ғылым
-Ақын шәкірт табылар,
-Біз үшін қиған уақытын
Өлшеп көр ұстаз бақытын!
Әзіл қалжың: Майленова Б.
2-жүргізуші:
Қалдырмаймыз сізді ұятқа,
Сіз үйреткен ақылмен талпынамыз мұратқа,
Берекелі заман болсың,
Шәкірттеріңіз аман болсың- деп біздің түлектеріміздің шағын көрінісін тамашалаңыздар.
Көрініс: Алпамыс батыр.
1-жүргізуші:
Қайратсыз ашу- тұл,
Тұрлаусыз ғашық-тұл,
Шәкіртсіз ғалым – тұл демекші бойындағы өнерін сіздерге Қуантай Ә. Паш етпек қарсы алыңыздар.
Ән: Қуантай Ә. «Ең алғашқа махаббат»
2-жүргізуші:
Ұстазы талантты болса,
Шәкірті талапты болап,-деп айтқандай алдарыңызда шағын скеч. Қабыл алыңыздар!
Скеч: Сұлу қыз.
1-жүргізуші:
В.А. Сухомолинский айтқандай:
Мұғалімдік мамандық-бұл адамтану, адамның қүрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.
Ән: Қапанов Қ.
2-жүргізуші:
Үлкендерді сыйлауды,
Құнды кітап жинауды.
Адалдарды сүюді,
Тентектерді тыюды
Оқуды ауыр көрме деп,
Ылғи да алға өрле деп.
Жақсы істерді құп ал деп,
Досың үшін қуан деп.
Санамай жылдың күн, айын,
Баулыдыңыз ұдайы
Ұсындыңыз қол үшін
Рахмет сізге сол үшін, сіздерге өз алғысын Сапарова Т. өлең жолдарымен білдірмекші.
Қабыл алыңыздар!
Тақпақ: Тоқтарбаева Г. «Ұстаз»
1-жүргізуші:
Шыбықтай едік алтыдан жаңа асқанда,,
Бірінші сынып есігін жаңа ашқанда.
«Ботам» деген сөзді ғана білуші ек,
«Атан» деген сөзді әлі білмеуші ек.
«Апам» деген сөзді ғана білуші ек.
«Отан» деген сөзді ғана білмеуші ек.
Білім бар теңіз: болмайды екен мүлдем шек,
Біз сізге қарап: «Үйренсек» дедік, «үйренсек».
Ардақты ұстаз! Рахмет, сізге рахмет.
Би: Қуантай Ә. «Хип-хоп».
2-жүргізуші:
Білімнің кәусар бұлағың,
Жүресің құйып санама.
Біз үшін сенсің мұғаліс,
Ұстаз, ғалым дана да
Өмір бойы таусылмас нәр аламыз.
Ұстаздардың мейірімді көзінен,
Бізге деген жылықты табамыз.
Жүрегімнің түкпірінен ән қылып.
Шырқай оған айттық біздер тілекті
Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік
Тербетеді сезім менен жүректі
Мұғалім-ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайы саған бұл әнін.
Ән: Сапарова Т. ж\е Қапыш Ж. «Түлектер әні»
1-жүргізуші:
Бүгін біздің ата-аналарымыздың да мектепті қимай тұрғанын сеземіз. Себебі, бізбен бірге осы алтын ұяға бауыр басып кеткелі қашан. 11 жыл мектеп өміріндегі іс-әрекетімізге көрінбейтін көлеңкедей бақылау жасап келді емес пе?
Қандай күлкі сыймай тұр, қара мұнда.
Ата-анадан бақытты бар ма екен жан,
Қол жеткзіген аңсаған арманына.
2-жүргізуші:
Тал бойына шуақ тұнып, мейірлене есілген,
Тентектікті, еркелікті ақыл айтып кешірген.
Айналайын ата-аналар панамыз,
Әлпештеген, әлдилеген, ән – күйменен өсірген.
(Құттықтау сөз ата-аналарда)
1-жүргізуші:
Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдықпен асыңдар сан белдерді
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді
(Сөз кезегі мектеп басшысы Раисов Т. Х.)
2-жүргізуші:
Сыныпты келдің басқарып,
Көрмедің ойлап бас қамын.
Шәкіртер жатыр ұшөалы
Өмір деген қас қағым
Бірге өткізген күндерің, қыс-жазыңда.
Жазып шықты қаншама іс-қазына
Балапанын ұшырған ұясынан,
Сөз берейік жетекші ұстазына.
Сөз 11 жыл бойы білім мен тәрбиені қатар жүргізген Сынып жетекшімізде.
Барлығымыз бірге:
-Құрметті ұстаздар!
-Біз сіздердің шыдамдылықтарыңыз үшін!
-Мазасыз күндеріңіз үшін!
-Біз үшін ағарған әр тал шаштарыңыз үшін қашанда қарыздармыз.
1-жүргізуші:
Қоштасады ұшқан ұяң-мектебің,
Маңдайыңнан сүйіп өтер көктемің.
«Сәт сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз.
Тілейміз біз армандарға жеткеін.
Құрметті көрермендер осымен біздің соңғы алтын ұя мектебіміздегі мерекелік концертіміз өз мәресіне жетті, келіп, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен-көп рахмет!