«Шығармашыл тұлға –елдің ертеңі» шығармашылық байқауы
«Шығармашыл тұлға –елдің ертеңі» шығармашылық байқауы
Ақпаратты таратушы: ұйымдастыру комитеті.
Ұйымдастырушалар: Қосымша білім беру педагогы К.Е.Бақбергенова, оқушылар комитеті
Жарысқа қатысушылар
Биология ғылымы – 1 топ 7 сыныптар
Физика ғылымы – 3 топ 8 сыныптар
Химия ғылымы – 2 топ 8 сыныптар
География ғылымы – 4 топ 9 сыныптар
Математика ғылымы -5 топ 9 сыныптар
- Жарыстың мақсаты:
- Мектеп оқушысы бейнесін қалыптастыру, оқушылар арасынан өзінше ойлай білетін, интеллектуалдық және рухани-танымдық жағынан өздігінен жетілуге талпынатын, көшбасшылық қабілеті бар, азаматтық және өмірлік ұстанымы бар, шығармашыл дарынды оқушыларды анықтау.
- —Оқушылардың бір жыл бойы алған білімін, ғылым саласындағы жетістіктерін, шығармашылық жұмыстарын, жан-жақтылығын, қоғамдық жұмыстардағы белсенділігін, интеллектуалдық ойындардағы жетістіктерін көрсете білу және бағалай білуге үйрету.
- — Оқушылардың білімге және белгілі бір ғылым саласында ізденуге деген қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін анықтау және дамыту, жан-жақты дамыған интеллектуалды жеке тұлғаны тәрбиелеу.
- Жарыстың шарттары:
- Шығармашылық байқауға қатысуға барлық тілек білдірген тұлғалар қатыса алады.
- Жарысқа қатысатын топтар тақырыптарын алдын ала айту керек.
- Тақырыптар бойынша жазба жұмыстарын дайындау
Мақсаты
Міндеттері
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
Слайдпен жұмыс
- Тақырыптары бойынша шығармашылық жұмыстарын қорғау
Сарамандық жұмыс көрсету
- Оқушылардың хоббиі
III. Байқаудың қазылар алқасы
Байқаудың қазылар алқасы мектеп директоры, мектеп директорының оқу- ісі жөніндегі орынбасарларынан құралады.
Қазылар алқасы байқауға келіп түскен ізденушілердің шығармашылық жұмыстары мен материалдарды мынадай өлшемдер бойынша бағалайды:
— өзектілігі;
— жаңашылдығы;
— ерекшелігі;
— кәсібилігі;
— заман талабына лайықтылығы;
10 ұпайлық жүйемен сарапталады.
Жарыс жеңімпаздары ұпай санының ең жоғарғы көрсеткіші бойынша анықталады.
- Жеңімпаздарды марапаттау
Жеңімпаз қорытындылары бойынша берілетін жүлделер мен сыйлықтар.