«БІЛГІР БИОЛОГТАР» (Сыныптан тыс іс — шара )
Тақырыбы: «БІЛГІР БИОЛОГТАР» (Сыныптан тыс іс — шара )
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: ой — өрісін, белсенділік қабілетін, танымдылық қызығушылығын арттыру, логикалық сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру
2. Дамытушылық: оқушылардың тілдік қорын дамыту, жарыстыру арқылы аңғарымпаздық қасиеттерін арттыру, ой — өрісін кеңейту
3. Тәрбиелік: тапқырлыққа, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдық пен шапшаңдыққа, табиғатты аялап, оған жанашырлық танытуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: сайыс – сабақ
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, плакаттар
Ұйымдастыру кезеңі
Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар. «Білгір биологтар» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер. Біздің бүгінгі сайысымызға әр бөлімнен бір оқушыдан қатысады, сайыс ІV кезеңнен тұрады.
І кезең «Ол кім, бұл не?»
ІІ кезең «101 жұмбақ, 1001 мақал»
ІІІ кезең «Ең, Ең, Ең…….»
ІV кезең «Таза болса табиғат……»
І — кезең «Бәйге»
Бұл кезеңде сұрақ қойылады. Сұраққа кімнің жауап беру тетігі тез жанады, сол жауап береді.
1. Алғаш жасушаны көрген ғалым (Роберт Гук)
2. Микроскоптың көзбен көруге арналған бөлігі (Окуляр)
3. Жасушаның көбеюіне қатысатын бөлігі (Ядро)
4. Микроскоптың жарық түсіретін бөлігі (Айна)
5. Жасуша ішіндегі сұйықтықты реттеп отыратын бөлігі (Вакуоль)
6. Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым (Микология)
7. Ұша алмайтын құс (Пингвин)
8.Тіршілік ұғымына алғаш анықтама берген? (Ф. Энгельс)
9. Органикалық дүниенің ең алғашқы ғылыми жүйесін салған, әрі ғылымға түр, туыс, отряд, класс деген жүйелік топтарды енгізген ғалым? (К. Линней)
- Тірі организмдерді алғаш рет қарапайым құрылысына күрделену ерекшелігіне қарай жүйелеген ойшыл ғалым? (Аристотель)
11.Органикалық дүниенің қарапайым қалпынан бірте-бірте күрделене түсетінін және түрлердің өзгеретіндігін айтқан алғашқы эволюционист ғалым. (Ж. Б. Ламарк)
- «Тіршілік таласы» деген арнайы мақала жазып, онда тірі организмдер арасында үнемі болып жататын тіршілік үшін күреске жан – жақты талдау жасаған қазақтың көрнекті ақыны әрі ағартушы қайраткері. (Ғ. Қараш).
- Тіршілік дегеніміз не?
14. Метобализ дегеніміз не? - «Эволюция» терминін 1677ж. енгізген кім? (М. Хейл)
- Адамды адамтектес маймылдармен қатар приматтар отрядына алғаш орналастырған кім? (К. Линней)
- «Зоология философиясы» еңбегінің авторы, жануарларды 14 класқа топтастырған француз ғалымы. (Ж. Б. Ламарк)
18.Ағылшынның атақты табиғат зерттеушісі? (Ч. Дарвин)
- Эволюция дегеніміз не?
ІІ кезең «101 жұмбақ, 1001 мақал» (Жұмбақтарды шешу, табиғат туралы мақал айту)
- Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,
Пайдаланбас кісі де жоқ.
Отқа жанбас, суға батпас. Мұз
- Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым. Сәбіз
- Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең, жылатады. Пияз
- Әдемі түнде,
Мен жүрсем, жүреі бірге. Ай
- Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоы бар. Қой
- Ерте тұрады,
Жар салады. Қораз
- Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті. Қарбыз
- Терісі бар, жүні жоқ,
Жүрегі бар, ізі жоқ.
Қанаты бар, ұшпайды,
Су астында қыстайды. Балық
- Екі ағайынды, екеуі де бір үйде
Бірін-бірі көрмейді. Көз
- Күннің нұрын сүйемін,
Күнге басымды иемін.
Моншағым жоқ мойнымда,
Үлкен қапақ киемін. Күнбағыс
ІІІ кезең Ең, Ең, Ең……… (қызықты мәліметтер)
Ең алып кесіртке – Варан
Бұл алып кесірткені ғалымдар 1912 жылы Индонезияның Малай топ аралдарына жататын Комодо аралынан тапты. Оның денесінің ұзындығы 3 — 4м, салмағы 150 — 250 кг жетеді. Ол жақсы жетілген құйрығының көмегімен жабайы бұғы, шошқаларды соғып өлтіре алады. Саны сирек болғандықтан МСОП – тың Қызыл кітабына тіркелген.
Ең алып қосмекенді – Саламандра
Саламандра – құйрықты қосмекенділер ішінде жер бетінде көбірек тараған. Дене тұрқы 25 — 28см, аяқтары қысқа, алдыңғы аяғында 4, артқы аяғында 5 саусақ. Реңі ашық сары дақтары бар жылтыр – қара түсті. Күндіз ормандағы мүктердің арасында тығылады. Қорегіне түнде шығады. Қорегі шұбалшаң, жалаңаш шырыш. Суда да, құрлықта да көбейеді.
Ең алып жылан – Анаконда
Анаконда айдаһарлар тұқымдасына жататын, дене тұрқы 10м асатын ең алып усыз жылан. Анаконданың үш түрі бар. Олардың бәрі де торпиктік Оңтүстік Америкада мекендейді. Су тарыла бастаған кезде су түбіндегі балшыққа батып шала жансар күйге көшеді де, келесі жаңбыр жауғанға дейін жата береді. Орташа ұзындығы 5 — 6м. Түрлеріне қарай тірі туатындар мен жұмыртқа салатындар да кездеседі.
Ең ірі жылан – Питон
Питондар тұқымдас тармағының 22 түрі бар. Питонды кейбір елдерде қолға асырап, кемірушілерді жою үшін, және тағам ретінде пайдаланады. Питондар өте ірі усыз жылан. Дене тұрқы 3 — 10м — ге жетеді. Бұлар көбіне өзен жағалары мен қалың орманда кездеседі. Питондар адамға тиіспейді. Өзін қорғау үшін жауын сезгенде дөңгеленіп, иіріліп қимылдамай қалады.
Ең алып қолқанатты — Ұшқыш түлкі
Ең алып жыртқыш – Ақ аю
Ең алып жануар – Піл
Африка пілінің салмағы – 705 тонна, бойының биіктігі 4м. Сахара шөлінің оңтүстігіндегі кең байтақ аймақтарында мекендейді. Африка пілінің күрек тістері аталық пілде де, аналық пілде де болады. Піл сүйегіне қызығып ертеректе көп аулап Солтүстік Африкада мекендейтін пілдер қазір жойылып кеткен. Бұл піл түрін сақтап қалу үшін хайуанаттар бағында ұстап қамқорлық жасау шаралары қолға алынған.
Ең алып құс – Страус
Қазіргі кездегі тіршілік ететін барлық құстардың ішіндегі ең ірісі — африкалық түйеқұс страус. Биіктігі 270см, салмағы 50 — 90кг. Төс сүйегі жалпақ, қыры болмайды. Аяқтары ұзын, жуан, екі саусақты болады. Қанаттары ұшуға жарамағанымен түйеқұс қатты жүгіргенде кілт бұрылу үшін руль қызметін атқарады. Дүние жүзінің көптеген елдері Африка түйеқұсын дәмді еті, бағалы жұмыртқасы, сәнді қауырсыны үшін өсіреді
Ең ірі бақа – Голиаф
Дүние жүзіндегі ең ірі бақа – голиаф деп аталады. Оның аяғын созғандағы денесінің ұзындығы жарты метрден асады. Ал, салмағы 3, 5кг. Голиаф бақасы Африкадағы Камерун мемлекетінің таулы алқабындағы сарқырамасы бар өзендерінің шағын аумағында ғана кездеседі.
Ең кішкентай құс – Колибри
Колибри – жер бетіндегі ең кішкентай құстар. Олардың салмағы дене тұрқына қарай 1, 6 — 1, 8 — 2 — 6гр. Тұмсықтары жіңішке әрі ұзын. Қанаттары онша ұзын емес, құйрық қауырсындары қысқа. Колибридің аяқтары 4 саусақты әлсіз болғандықтан, жерде жүре алмайды. Қауырсын қанаттары түрлі — түсті, жарыққа құбылып тұрады. Өзі кішкене болғанымен жүрегінің көлемі қарыннан үш есе үлкен. Жүрегі минутына 1000 рет соғады.
Ең суыққа төзімді құс – Пингвин
Пингвиндер – ұшпайтын, жүгірмейтін, тек сүңгіп, жүзіп қозғала алатын құстар. Суға түсерде бауыр жағымен жатып мұздың үстімен сырғанап суға
сүңгиді. Пингвиндердің басқа ұшпайтын құстардан айырмашылығы төссүйегі қырлы болады. Пингвиндер су ішінде 10 — 20м тереңдікке сүңгіп, 5 — 10 минут су астында болады. Себебі, жағалаумен салыстырғанда су жылырақ болады.
ІV кезең ««Таза болса табиғат……» атты кезеңде әрбір оқушы Қазақстанның экологиялық мәселелеріне байланысты өз пікірлерін айтады.