Қышқыл жаңбырлар

Қышқыл   жаңбырлар

 

   Қышқыл жаңбыр — ол күкірт оксидінің және азот оксидтерінің атмосферада болуының нәтижесі.Күкірт оксиді ауаға құрамында күкірті бар қазба отын түрлерін жағу барысында таралады. Пайдаланылатын отын түрлерінің ішінде күкірт оксидін таратудан бірінші орынды тас көмір алады,екінші орынды-мұнай,ал табиғи газ үшінші орында тұр.Атмосфераға азот оксидтерінің көп таралуы отынның барлық үш түрінің өте жоғары температурада жануымен байланысты.

       Күкірт диоксиді және азот оксиді  атмосферадан химиялық реакцияға тез түседі.Күкірт диоксиді,кейін су тамшыларында еріп,күкірт   қышқылы түзілетін үш оксидіне дейін тотығады.Азот оксиді де су тамшыларында еріп,азот қышқылы түзілетін азот оксидіне дейін тотығады.Осы екі қышқыл,сондай-ақ бұл қышқылдардың тұздары қышқыл жаңбырдың жаууына себепші болады.Ауада бұл қышқылдардың мөлшері неғұрлым көп болса,қышқыл жаңбыр соғұрлым жиі жауады.

Күкірт және азот қышқылдары қышқыл жаңбырға әртүрлі үлес қосады.Мысалы,Калифорнияда қышқыл жаңбырдың басым бөлігі сульфадтар болса,АҚШ-тың солтүстік – шығысында  жаңбырдың шамамен 15-30 проценті қышқылдығы  нитраттар болып табылады.

Жаңбыр суын таза су деп айтуға болмайды;ол  атмосфераның   табиғи  құраушысы —  көміртек диоксидімен  бірге жүреді де,оны еріткенде,суда әлсіз  көмір   қышқылы түзіледі.

       Қышқыл жаңбыр суы қышқыл көлдердегі балықтардың популяциясына  айтарлықтай әсер етеді. Судың қышқылдығына байланысты көлдегі балық саны  кемуі немесе мүлдем жоғалып кетуі мүмкін.

      Қышқыл жаңбырдың әсерінен балық саны азайған көп жерлерде қалың қар басқан өте суық қыс байқалған.

 

Төңіректегі қар еріген кезде қышқыл су көлдерге құйылады да,олардың қышқылдығы күрт көтеріледі. Қар жамылғысы еруі мен қышқылдықтың күрт өсуі балықтардың уылдырық шашу уақытына сай келеді.Сонымен,шашылған уылдырық қышқыл суға түседі,бұл жыл бойы байқалады.Балық  санының  қысқаруына  байланысты  балықпен  қоректенетін жануарлардың   саны  да   азаяды   деп  болжауға болады.

       Ғалымдар қышқыл жаңбырдың әсерінен бақа,құрбақа және тритондар саны да кемиді деп болжайды.Бұл  түрлердің  көпшілігі  көктемгі  жаңбыр  кезінде  пайда  болатын  уақытша  су  қоймаларында көбейеді;  ондағы   сулардың     көлдердегі   суға   қарағанда қышқылдығы  көп  болуы  мүмкін,өйткені,бұл уақытша  су қоймалары   қышқылдығы  жоғары  жаңбыр  суынан пайда  болған.Бұл  түрлердің саны  ересек  даралардың  жаппай  қырылуынан емес,жас  даралар  популяцияны  толтырмауынан  азайып, жойылады.

       Қышқыл жаңбырлар жануарларға ғана емес,сонымен бірге өсімдіктерге де кері әсерін тигізуде.

       Ғалымдар әзірше қышқыл жаңбырдың адам денсаулығына тікелей әсерін байқаған жоқ,бірақ мұның салдары әлбетте бар.Бұл мүмкіндік қышқыл судың жоғары ерітушілік және басқа да жолмен әртүрлі  минералдарға әсер ету қасиетіне байланысты.

Қышқыл  жаңбырлар құрылыс ерітінділері  мен  тасты да осы материалдың құрамына кіретін кальциймен және магниймен әрекеттесіп, бүлдіреді. Орнынан келтірілмейтін мүсіндерге де аса қауіп төнеді.Темірден және басқа металдардан жасалған құрылыстарда қышқыл жаңбыр әсерінен болатын жемірілуге төзімсіз.