«Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ»

Тақырыбы: «Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ»

Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесінде үлкен жауапкершілікте екенін, тәрбиенің ұсақ-түйегі болмайтынын сезіндіру, ата-ана мен балабақша арасындағы байланысты нығайту.

Көрнекілігі: шарлар, шаңырақ, кереге, суреттер, плакатқа жазылған нақыл сөздер.

Жүргізуші: қайырлы күн ата-аналар, балабақша ұжымы, жиналған қауым! Бүгінгі «Ата – асқар тау, анабауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» атты «Балапан» тобы ата-аналарының ұсынғалы отырған тәрбиелік шарасына қош келдіңіздер.

Алғы сөзді осы ұжымның басшысы, бүлдіршіндердің сүйікті апайы, «Ақбөбек» бала бақшасының меңгерушісі Қалжанова Қалима Қамалқызына береміз.

 

Асыл тастан, өнер жастан,

Шығады деп дарынды.

Халық айтса, халық сөзі

Әрқашанда нанымды.

Бұл шындықты күнделікті

Көріп жүрміз өмірден.

Сан мыңдаған жастар өсті

Өнер алды елімнен.

Бүгінгі шараға ат салысып отырған өнерілі ата-аналарымыз баршылық. Солардың арасынан әнші де, биші де, күйші де табылар. «Ән – көңілдің ажары» демекші, кезекті әнге береміз.

Ән:

 

Ұлттық тәрбие – кешегі өткен қариялардан, ғұлама, ойшылдар мен шешен-билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.

Тәрбие тамыры – халық қазынасында.

Көрініс:

 

Күй: «Ерке сылқым». Орындайтын: Ермағамбетова Мөлдір

 

Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі – әке.Әкенің бұл рөлі бала-шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді.

Отбасы деген ұғымға әке, ана, баланы топтастырамыз. Әкенің даналығы – балаға азақ. Сол әке мен баланың дәнекершісі – ана. Жер бетіндегі барша әке, ана, бала атаулылардың барлығы аман болсын.

Аналардың орындауында «Попури» биі. Қарсы алыңыздар.

 

 

Ана деген кім десе алаулаған таң дер ем,

Қанша тәтті болса да, анам үшін жан берем,

Ана деген мәңгілік шырқалатын ән дер ем.

Ән: «Ана»

 

Ана – сая болар бағың болса,

Әке – асқар тауың дейді қазақта.

Бір күн бар, жылытар күн, жұбатар күн,

Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі шарамызға қатысуға

Ата менен аналар жан салыпты.

 

Қазақ биі. Қарсы алыңыздар.

 

Әртіс боп та кетеді,

Аналарға қарасақ.

Бұл кісілер тұрғанда,

Жолда қалар «тамашаң».

 

Сахналық қойылым

 

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.

 

Құрметті жиналған қауым қазір ортаға үш ана  шығады. Қатысам деушілер ортаға шықсын. Ойын шарты мынадай: ақ шашты ана «жастығым — балам» дейді, ақылды бала «ай, күнім – анам» дейді. Сіздер әрқайсысыңыз балаңызды қалай еркелететініңізді барынша көп сөзбен айтасыз. Кімде-кім баласын еркелетудің көп түрін білетін болса, сол ана жеңімпаз атанады.

 

Мың бұрала билеген

Аруды кім сүймеген.

Күміс көмей аруларға

Кімдер басын имеген.

 

 

Ендігі кезекті аналар тарапынан ұйымдастырылатын ойынға береміз.

 

Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы-күйлі,

Тыңдағанда көңілдің өсері бар.

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,

Әннің тәтті оралған мәні оятар.

 

Ән: «Сүгірдің термесі». Орындайтын Жалғасбаева Айнұр

 

Күй ойнайды қазағымның қанында,

Күй ойнайды қазағымның жанында.

Үзіледі, үзіледі әуендер

Күмбірлеген домбырасы барында.

 

Күй: «Адай». Орындайтындар: 6-сынып оқушылары

 

Тәлім алған отбасынан өнегелі

Өнерлілер таң қалдырған талай елді.

Ән салсақ, би де билеп, жыр жырласақ,

Ешкімнен қалыспаймыз біздер енді.

 

 

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар кездескенше,

Осымен бүгінгі кеш аяқталды.

Кездескенше сау-саламатта болыңыздар.