Жыртық кітап жылады Ө. Тұрманжанов

Сабақтың тақырыбы: Жыртық кітап жылады    Ө. Тұрманжанов

Сабақтың мақсаты:  1. Өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра оқыту

арқылы

идеясын ашуға мүмкіндік беру.

  1. Өз бетімен проблемалық жұмыстар жасау арқылы

шығармашылық дағдыларын дамыту. Оқушының

сөздік қорын, сөйлеу тілін дамытуға мақсатты

тапсырмалар беру.

  1. Кітаптың шын мәнінде қымбатты екенін түсінуге,

сезінуге жағдай туғызу.

Сабақтың түрі: жаңа  сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:тақта, бор, қосымша материалдар. Марокко

жазушысы  Жарак Ахмадтың шығармасынан үзінді.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі

Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ Үй жұмысы

Сұлу мамыр

ІІІ Жаңа сабақ

Тренинг: «Мен сені жақсы көремін»

Мұғалім: Күндей жарқырап,

Айдай арайлап, Жұлдыздай жарқырап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі сабағымызды бастайық.(Оқушылар орнынан тұрады)

Армысың, асыл күн!

Армысың, асыл жыр!

Армысың көк аспан!

Армысың жан досым!

Жылуыма жылу қос

Міне, менің қолым.

 

Қызығушылықты ояту.

А) балалар оқу жылы да аяқталып қалды. Енді сендер өз оқулықтарыңа не айтар едіңдер? «Әдебиеттік оқу кітабына» айтар сөздеріңді қысқаша жазайық.

Б) Марокко жазушысы Ж. Ахмадтың «Бір дирхам» әңгімесін оқып берейін.

Бір дихрам.

-Балалар ертең әрқайсысың бір дирхамнан әкеліңіздер. Мен сендерге: «жойылсын туберкулез» деген жазуы бар марка әкеліп беремін. Неғұрлым көп дихрам жиналса, адамдар соғұрлым қауіпті аурумен тезірек күресе алады. Мен сендерге туберкулез сырқаты туралы айттым ғой. Ол-өте қауіпті ауру.

Оқушылар тақта алдында сөйлеп тұрған мұғалімнің сөзін бар ықыластарымен ұйып тыңдап қалыпты. Көздерін үнсіз жыпылықтатады.

-Мен сендердің ертең…- Мұғалім сөзін бітірмей бүгіліп қалды. Соңғы партада отырған баланың телміре, ұзақ қадала қарағаны ойын  бөліп  жіберді.. Осы кезде қоңырау да соғылды.

— Мен сендердің ертең бір дирхамнан әкелетіндеріңе сенемін балалар. Мұғалім аяқталмай қалған сөзін айтты. Оқушылар орындарынан тұрып , мұғалімге ізет білдірді.

Мектептің темір қақпасы ашылысымен, балалар  жан-жаққа шуылдасып тарап кетті. Гариб  оқулығын кеудеіне басқан күйі иығы салбырап, үйіне қайтып келе жатты…

-Мұғалім ертең әрқайсысың бір дирхамнан әкеліңдер, туберкулезбен күрес жүргізіміз, Бересің бе, Әке ,- деді.

-Балам, бір дирхамды қайдан табамын?! Мұғалім саған емес, басқаларға айтқан шығар.  Солар әкелсін. Біз кедейміз. Бір тиында жоқ екенін өзің білесің ғой.

-Әке апам туберкулезбен ауырғалы жылдан асты ғой. Ол өте қауіпті, жұқпалы ауру екен.

-Айттым ғой, басымды қатырма жоқты қайдан табамын.

Еліміз мыңдап дирхам жинаса, көп адам аурудан жазылады, апамды да емдеп алар едік.

 

Осы әңгімеде бала ауру анасы үшін кітабын сатып жібереді.

-әңгімеде бала кітабын қалай құрметтейтіндігін неден байқадыңдар?

Пікірталас:

А) бала кітапты еріксізден, анасы үшін сатып жіберді.

Б) Баланың кітапты сатқаны дұрыс емес.

Оқушылардың ойларын қорытындылау.

ІІ мағынаны тану.

-Әңгім кітап туралы болғаннан соң, бүгін біз Ө. Тұрманжановтың  «Жыртық кітап жылады» деген мысал өлеңімен танысамыз.

Автор өміріне қысқаша тоқталып өту,

Ө.Тұрманжанов 1905 жылы 15 желтоқсанда Бөген ауданындағы «Жалғызағаш» ауылында туған. Ташкентте N14 жетім балалар үйінде тәрбиеленді. Мәскеуде Шығыс еңбекшілері Коммунистік университетінде оқып білім алды. Тәшкенттегі Орта Азия университетінің оқытушысы, кафедра меңгерушісі болды (1927-ЗОжж.). 1939 жылы Өзбекстан Жазушылар Одағы жанынан құрылған қазақ секциясын баскарды. 1931 жылы өлкелік партия комитетінің шақыруымен Алматыға ауысады. КдзПИ-де профессор міндетін атқарады. Кейін Казақ мемлекеттік баспасында бөлім меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті», «Әдебиет майданы», «Жұлдыз» газет-журналдары бас редакторларының орынбасары, бас редакторы (1935-37жж.) болды. Саяси куғын-сүргінге ұшырап, түрмеде лагерьде айдауда болды. Өмірінің соңғы жылдары «Жазушы» баспасында бөлім меңгерушісі кызметін аткарған. Тұнғыш жинағы «Таң өлеңдері» (1925ж.) Мәскеуден шықты. 1937 жылы — «Қошан кедей», 1929 жылы — «Таң сыры» т.б. 40-тан аса кітаптың авторы. Таңдамалылары 1959, 1964, 1975 жылдары жарық көрді. Л.Н.Толстойдың балаларға арналған шығармаларын аударды. «Казақтың макал-мәтелдері», «Асыл сөздер» атты жинақтарды құрастырды. Ауыз әдебиетінің белгілі зерттеушісі, көрнекті ақын Ө.Тұрманжанов Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.Ө.Тұрманжанов 1978 жылы Алматы каласында дүние салды.

Өлеңді алдымен іштей оқиды. Бірнеше оқушы дауыстап оқиды.

Өлең бойынша сұрақтар қойылады.

— өлеңнің бірінші 4жолында кітаптың бейнесі қандай еді?

-І тоқсанға жетпестен кітап қандай күйге түскен?

-кітап оқушыға не деді?

-өлеңде қандай көңіл-күй бар?

-оқушылар енді кітаптың аянышты сұрағына мән берейік. Кітапқан қандай көмек жасауға болатынын ойластырайық.

Жедел жәрдем сәтін ұйымдастыру (жыртылған кітаптарды түптеу)

 

ІІІ Шығармашылық жұмыс:

Баланың өз қателігін мойындап, кітапқа айтқан жауабын жазып көр.

Көркем жазу дәптерімен жұмыс

Сергіту сәті.

«Шығармалар кестесіне»  (стратегиясы  бойынша) салып жұмыстану. 3-сыныпта өткен Танаш Дәуренбековтың «Кітаптар мұңы» шығармасымен салыстыру

Шығарманың аты
Кітаптар мұңыЖыртық кітап жылады
Авторы
Танаш ДәуренбековӨтебай Тұрманжанов
Оқиға орны
Мектеп кітапханасыМектеп
Негізгі ой
Кітапты күтіп ұстауКітапты күтіп ұстау
Кітапты құрметтеу туралы не білдің
Білім береді, қадірлі, кейінгілерге оқушыларға қажет
Шығарманың аяқталуы
Жөндеуден өтетініне сенеді, жақсы оқушының қолына түскілері келедіЫзалы кітап жылады.

 

Дәптермен жұмыс: Мақалдар жазу

Кітапты халқымыз өте құрметтейді. Ол туралы көптеген мақал-мәтелдер, жұмбақтар бар.

 

Кітап білім бұлағы

 

Наданмен қас болғанша,

Кітаппен дос бол.

 

Кітапты сүйіп оқу,

Көңілге түйіп оқы.

 

Кітап көзі жұмыққа арзан

Көзі  ашыққы маржан.

 

Кітап –оқығандікі, білім- тоқығандікі.

 

Кітап алтын қазына.

Жұмбақтар.

Парағы бар сөйлейтін.

Ол қазына өлмейтін.

2.Көп әңгіме өлеңім,

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім,

Соған тиер көмегім.

ІV. ойтолғау.

Лездеме сұрақтарға жауап беру.

  1. Қасиетті кітапты ата
  2. Қайсысы қиял ғажайып кітап:

А. Фантастикалық

Ә. Ғылыми

Б. Медициналық

  1. Кітап неге қызарды? «қызыл кітап»

 

  1. Қорытынды:

— Сонымен оқушылар кітап алтын қазына екендігіне бүгін бағы бір мәрте көзіміз жетті. Әр оқушы кітапты бұлдірмей, жыртпай, күтіп ұстауы қажет.Оқыған адамға кітаптың берер білімі, айтар ойы көп.

VІ. Үйге тапсырма:

Өлеңді жаттау

VІІ. Бекіту

Кітап не үшін керек?

Кітапты күтіп ұстау туралы сыныптастарыңа қандай ақыл айтар едің?

VІІІ. Бағалау

Сабақты аяқтау