Жалаң және жайылма сөйлем

Л.Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Матылова Лаззат Орынгалиевна

Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың сөйлем, сөйлем мүшелері, олардың байланыстары туралы білімдерін нығайта отырып, жаңа сабақты түсіндіру. Жалаң және жайылма сөйлемдерді сөйлем ішінен табу арқылы сұрақ қоюға үйрету.

ә) Сөйлем мүшелерін ажырата білуін, сөйлемнің мәнін терең ұғынып, мағынасын аша білуге үйрету, оқушылырдың ойлау қабілетін, тілін дамыту.

б) Әдемі жазуға, мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интерактивті тақта,аудио дыбыс,флипчат

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі. (психологиялық дайындық)

Ой қозғау.

  • Балалар қазір қай мезгіл?
  • Қазір қыс мезгілі.
  • Қыс мезгілі қандай болады?
  • Қыс мезгілі суық, аязды, боранды болады.
  • Дұрыс айтасыз.
  • Бірақта қыс мезгілінде де қыстап қалатын құстар да болады.
  • Олар қандай құстар? Кәне,есімізге түсіріп көрейікші.
  • Қыс мезгілінде қыстап қалатын қандай құстар?

Сызбамен жұмыс.

  • Көгершінді қандай құс дейміз?
  • Бейбітшілік құсы дейміз.

 

  • Бүгінгі сабағымызда осы «Бейбітшілік құсын» қаһарлы,аязды қыстан құтқаруға көмектесеміз.
  • Ол үшін Ақкөгершіннің тапсырмаларын орындап көрелік.

 

Жұмбақ шешеу.                                                 Суретпен жұмыс

 

-Қар қай кезде болады?                   Балалар суретке қарап әңгіме құрындар.

-Қыста.                                             Осы сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне

талдау.

Қыс келді.   Балалар шаңғымен сырғанады.

 

 

 

3-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, алдымен жалаң, содан соң жайылма сөйлемдерді көшіріп жаз.

Жалаң сөйлемдер: Бағдаршам жанды. Оқушы жазды. Нұргүл сырғанады.

Жайылма сөйлемдер: Демалыс күні анам дәмді бауырсақ пісірді. Қыста жер ақ қарға оранады. Жаяу адам соқпақ жолмен келеді.

Тапсырма: Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы  көрсет.

Венн диаграммасы толтыру.

 

Жұмбақтар шешу.

Өзім сөзден тұрамын.
Біткен ойды құрамын.           (Сөйлем)

Қоя салсаң бір тары,
Жаңалықты жеткіземін.          (Хабарлы сөйлем)
Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады.         (Сұраулы сөйлем)
Ұранды, шаттықты,
Өкініш, аптықты,

Білдіріп ойын талайдың,
Шарға ине қадаймын                  (Лепті сөйлем)

Қорытынды бөлім.

«Ақ көгершін» әнін хормен орындау.

Сабақтың соңы