«Болашақты біз бірге жасаймыз»
«Болашақты біз бірге жасаймыз»
1 – жүргізуші:
Ойы терең мұхиттай дана болғым келеді,
Көңілі аппақ сүттен де бала болғым келеді.
Адалдықты сүйетін жүрегімен, жанымен,
Бал – бұлықтай мөп – мөлдір таза болғым келеді.
Отты, ойлы жыры бар ақын болғым келеді,
Қиындықтан қайтпайтын асыл болғым келеді.
Адамдардың бәрінен кіші болғым келеді,
Ең бастысы өмірде — кісі болғым келеді
2 – жүргізуші: Армысыздар, ардақты ағайын?! Адам болудың ең бірінші шарты – қайырымдылық жасау. Қайырымдылық – ең ізгі қасиет. Бұл жыл сайынғы мектебіміздің жанын өткізілетін «Мектепке жол» акциясы Қайырымдылық – мейірімділіктің іс жүзіндегі көрінісі. «Болашақты біз бірге жасаймыз» атты қайырымдылық шарасын ашық деп жариялаймыз!
1 – жүргізуші:
Мейірім деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы
Қайырымдылық жақсылықтың ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы – дей келе алғашқы сөзді мектебіміздің директоры Бакиев Жоламан Қайыржанұлына береміз.
Ән: «Туған жер»
2 – жүргізуші:
Бір ауыз сөз адамдарға керегі,
Бір ауыз сөз бойыңа күш береді.
Бір ауыз сөз дертіңді де емдейді,
Бір ауыз сөз қиялыңды тербейді – жан жылытатан, жүректі тербететін сөзімен ортаға мектебіміздің кәсіподақ төрайымы Барсаева Ғайни Орынбасарқызын шақырамыз.
1 – жүргізуші:
Өмір – құмырсқаның илеуінде,
Өмір – дүрілдеген күй лебінде.
Өмір – көзге көрінбей өтіп жатқан
Тіршіліктің тырбынған күйбеңінде.
2 – жүргізуші:
Өмір – баланың бесігінде,
Өмір – даланың есігінде,
Өмір – еңбек атты құдіреттің
Әкелетін адамға несібінде
1 – жүргізуші:
Иә, өмірдің күнделікті күйбеңімен жүріп, еңбек етіп, қызық та, қиын да, шытырман жолдары мен мәнді кезеңдерді басымыздан өткізіп жатқанымызда айналымыздағы жандарға қамқорлық жасауды ұмытамыз. Ал адамның өмірінің мәні құлағанды көтеріп, сүрінгенді демеп, қолынан келгенше жақсылық жасағанда ғана кіреді.
2 – жүргізуші:
Әдеп сақтап әманда,
Әрбір адал адамға
Жасасаң бір жақсылық,
Қайтарады саған да – жақсылықтан жақсылық туындайтынын ұмытпайық , ағайын.
1 – жүргізуші:
Еңбек етсең, ертеңгі
Бақытыма сенемін
Арманыма жеткізер,
Уақытыма сенемін – дей келе әр баланың арманы бар екенін білеміз. Балаларды «Бүгінгі қиял – ертеңгі шындық» атты тақырыпқа бормен сурет салуға шақырмыз. Ал балақайлар сіздерге берілетін уақыт 5 минут. Іске, сәт!
2 – жүргізуші:
Сайра бұлбұл, көкейден ән төгілсін,
Жырға бөле даланың әр төбесін
Қайырымдылық жасалай білген жандар,
Көтереді қазағымның мәртебесін – деп ортаға бұлбұл әншіміз шақырамыз. Ән: «Қазақ жастары»
1 – жүргізуші:
Ал, халайық, ықыласпен демейік,
Үздік арман суреттерін көрейік.
Сыры менен суретіне қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
2 – жүргізуші:
Балалардың салған суреттерін қарап, бағалап,сыйлықтар табыстайық. Марапаттау үшін ортаға мектеп директоры Жоламан Қайыржанұлын шақырамыз.
1 – жүргізуші: Жақсылық жасау үшін адам бойында адамгершілік, жанашырлық, қамқорлық, мейірімділік сезімдері мен жүрек жылуы қажет. Бүгінгі акциямызға белсене қатысқан жандарға рахмет айта отырып, акциямыздың негізгі бөліміне көшеміз. Ортаға «Мектепке жол» акциясының аясында алынған мектеп құралдарын табыстау үшін мектеп директорын шақырамыз.
(Табыстау сәті)
2 – жүргізуші:
«Армандарыңыз алға жетелесін» — деп оқушыларымызға жаңа оқу жылына табыс тілейміз!
1 – жүргізуші: Күнделіктеріңіз «5» — ке толсын деп тілей отыра балаларды арнайы ұйымдастырылған спорттық шараға қатысуға шақырамыз.
2 – жүргізуші:
Уа спорт!
Бейбітшілік сыйлайсың сен әлемге,
Жасыл көктем әкелесің бар елге.
Әкелесің бар халыққа тыныштық
Сенің атың – достық және тыныштық.
1 – жүргізуші:
Спорттық шарамыз үшін оқушыларды 2 топқа бөлеміз. Әділқазы алқалары:
1.
2.
Бөлімдерімен таныстыра өтетін болсақ:
1 бөлім: Қашықтыққа жүгіру
2 бөлім: Кедергілерден өту эстафеталық жарысы
3 бөлім: Доп салу ұпай жинау
2 – жүргізуші:Барлықтарыңызды спорттық сайыс өтетін орынға шақырамыз.
1 – жүргізуші:
Жақынды, досты аяла,
Қанатың сонда талмайды.
Барыңды жұрттан аяма,
Жақсылық жерде қалмайды
2 – жүргізуші:
Жайдары жүзбен жарқыра,
Қатігез болсаң – сол қайғы.
Қайырымды бол халқыңа,
Жақсылық жерде қалмайды.
1 – жүргізуші:
Бүгінгі «Болашақты біз бірге жасаймыз» атты ұранмен өткен «Мектепке жол»акциясына уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге мектеп әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз. Келесі кездескенше, сау болыңыздар!