Тапқыр достар ( интеллектуалды ойын)
Тақырыбы: Тапқыр достар ( интеллектуалды ойын)
Мақсаты: Ойын оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Дидактикалық ойындар арқылы шығармашылыққа, алғырлыққа, зеректікке тәрбиелеу, топпен жұмыс істеуге, ептілікке, тапқырлыққа баулу.
Түрі: ойын
Көрнекілігі: Суреттер, кеспе әріптер
Өту барысы:
Кіріспе сөз
Балалар бүгін мен сіздердің білім деңгейлеріңізді, сөйлеу мәнерлеріңіді, тапқырлықтарыңызды көру мақсатында сіздерге «Тапқыр достар» атты ойын өткізгелі тұрмын.
Ойынға негізінен үш оқушыдан 2 топ қатысады біздің сыныпта оқушы аз болғандықтан 2 оқушыдан топтасасыңдар.
Ойынның шарттарымен таныстырып өтемін.
- «Сөз тапқанға…»
- «Ойлан тап »
- «Сен білесің бе?»
- Кім тапқыр?
- Мақалды жалғастыр.
- Қолқа салу
Ойынды бастамас бұрын «Ребус шешу» арқылы топ атын анықтап алайық.
Екі топ әріп таңдайды, сол әріптен басталатын сөздер айтады
І кезең Сөз тапқанға …
Таудай сөзге тарыдай, қия тауып сөйлеген Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің ұрпақтары «Қыран» және «Барыс» тобының сөз байлығын таңдаған әріптерден басталатын сөздер айту арқылы тексерейік.
«Қыран тобы»
- Суды немен ішесің?
- Сенің досың кім?
- Жыл басын көрген жануар
- Сенің есімің кім?
- Бүгін сенде неше сабақ?
- Қандай тағам ұнатасың?
- арманың көп пе?
- Қай көшеде тұрасың?
- Үй жұмысын орындауға кім көмектеседі?
- Қай ауылда тұрасын?
ІІ топқа «Барыс тобы»
- Қандай мамандықтар білесің?
- Сабаққа кіммен барасың?
- Алтын күн астында не бар?
- Тақтаға немен жазасың?
- Сүйікті пәнің
- Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
- Сенің есімің кім?
- Сенің көршің кім?
- Қандай ертегі білесің?
- Заттың атын білдіретін сөздер
ІІ кезең «Ойлан тап»
Сұрақ: Адамгершілік деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Жауап: Адам бойынан табылатын жақсы қасиет.
«Адамгершілік» деген сөз беріледі, сол сөздің құрамындағы әріптерден қысқа сөздер құрайды.
Адам, шіл, ер, кіші, кілем, ілгек, ілгіш т.б. ( Қанша сөз құраса сонша ұпай)
ІІІ кезең «Сен білесің бе?» ( пән бойынша сұрақтар беріледі.)
Көп білуге ұмтылған-
Көз жұмғанша оқиды.
Көз жұмғанша оқыған
Көп нәрсені тоқиды.
10
| 10 | 10 |
20
| 20 | 20 |
30 | 30 | 30
|
10 ұпай сұрақтары: 1. Үш бидің атын ата. ( Төле би, Әйтеке би, Қазбек би)
- Күн жүйесінде неше планета бар? (9)
- Кез-келген аңның жүрісін қимылмен көрсет
20 ұпай сұрақтары: 1. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары
- 8 бен 9 дың көбейтіндісі нешеге тең.(72)
- Абай Құнанбаев кім? ( Ұлы ақын, жазушы)
30 ұпай сұрақтары: 1.Мемлекеттік рәміздерді ата.
- Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
( Тоқтар Әубәкіров)
- Зат есімнің септіктерін ата.
ІV кезең «Кім тапқыр?»
Суреттерді тұспалдап қарсы топқа жасыру.
V кезең «Мақалды жалғастыр»
Қыран тобына
- Оқу білім бұлағы,
Білім өмір шырағы.
- Ырыс алды- ынтымақ.
- Отансыз адам-
Ормансыз бұлбұл.
- Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергенің.
- Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Барыс тобына
- Аққуды атпа
Досыңды сатпа.
- Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
- Отан – оттан да ыстық.
- Бейнетің қатты болса,
Татқаның тәтті болар.
- Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Қолқа салу. Жеңген топ жеңілген топқа қолқа салады.
Қортынды.
Ойын соңында екі топ бір-біріне жақсы сөз, тілек айтады.