«Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар»
Тақырыбы: «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» Мақсаты: Оқушылардың білімін қорытындылау, ақыл-ойын, жылдам ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамыту. Адамгершілікке, ұйымшылдыққы, жолдастыққа қарым-қатынасқс тәрбиелеу. Басқарушы: Сәлеметсіздерме ұстаздар, оқушылар. Бүгін сіздер 3 сынып оқушыларының «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» атты зияткерлік ойынын ұсынғалы отырмыз. Ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Ал енді ойын шартымен таныс болыңыздар. I-кезең: «Таныстыру» II-кезең: «Бәйге» ойыны. III-кезең: «Мың бір мақал» IY-кезең: «Тамаша алтылық» Y-кезең: «Полиглот» Әділ-қазылар алқасы таныстырылады. Олай болса, сайысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз! Басқарушы: Бәйгіге түсіп жарыспай Жүйріктің жаны жанар ма, Білім мен өнер жарысып Тәрбие, тәлім табар мән. Бұл бәйге ойдың бәйгесі Кім жүйрік, сол алда—дегендей ой мен білім сайысын бастаймыз. Сайысқа қатысушылармен таныс болыңыздар. Топ аты: «Алғырлар» Ұранымыз: Алғырлар тобы бүгін Жарысқа дайынбыз Мақсатымыз жеңіп шығу. Ұранымыз: Біз тапқырлар тобымыз Ойланамыз табамыз Жеңуге тырысамыз. 30-сол: мемлекеттік тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков) 40-сол: Рейхстагқа ту тіккен кім? (Рақымжан Қошқарбаев) 10-орта: мен бір аяғыммен тұрғанда салмағым 55кг, екі аяғыммен тұрсам ше? (екі аяқпен тұрсада 55кг) 30-орта: Қазақтың атақты суретшісі кім? (Әбілхан Қастеев) 20-орта: Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын не деп атаймыз? (жел) 50-орта: Жеті қазынаны ата: (1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ақыл, білім. 4. Жүйрік ат. . Қыран бүркіт. 6. Берен мылтық. 7. Жүйрік ат) 30-оң: Бір ыдыстағы жұмыртқа 2 минутта піседі. 10 жұмыртқа ше? (2мин) 20-мин: Емен, қайың, терек өсімдіктің қай түріне жатады? (ағаш) 10-оң: Түбір дегеніміз не? (Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір немесе түбір сөз дейміз.
Отан, туған жер, ел-халық туралы.
4-кезең: «Тамаша алтылық» Ойын шарты: 1-ден 6-ға дейін сандар тақтада жазулы тұр. Осы сандардан бірін таңдаймыз. Сұрақтарға жауап береміз. 1.Ана тілі: міне, сен өрісіңді тауып, жолыңды аштың. Ендігі қалған оқуда, одан арғы талап та осы ниетіңе жетектесін. Сен еліңе келіп, жалшылардың балаларын өнерлі, қайратты азамат етіп өсіріп шығарсаң, өз басың түгіл, менің де халық алдындағы көп қарызымды өтемес пе ең? Осы елдің жас буынына сен ұстаз боп, ақыл айтып отырсаң, мен арманы бар әке болам ба?-деп, үні өзгеріп барып тоқтады. Қай мәтіннен үзінді???? (Бұл үзінді «Әке арманы» мәтінінен үзінді) 2.Қазақ тілі: Сөйлем мүшелері дегеніміз не? 3. Орыс тілі: Өз отбасың туралы орыс тілінде әңгімелеу. 4.Математика: Көршілес көбейткіштерді олардың көбейтіндісімен алмастыруға болады. Бұл көбейтудің қай қасиеті (терімділік қасиеті) 5.Дүниетану:Адам басқа тіршілік иелерінен несімен ерекшеленеді. (ойлау, сөйлеу алатындығымен) 6. Ағылшын тілі:Ағылшын тілінде сұрақтар: жауаптарында ағылшын тілінде айтады. 1.Сенің Отаның (Менің Отаным Қазақстан) 2.Сен қайда тұрасың? (Мен Рудный қаласынды тұрамын.) 3.Сен қай мектепте оқисың? (Мен № орта мектепте оқимын.) 1.Қалқиып екі құлағы. Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян-заяц-rabbit ) 2. Қыста киім тастайды. Көктемде киіне бастайды. (ағаш-дерево-free) 3.Қабат-қаьат қаттама.Ақылың болса аттама. (кітап-книга-book) 4.Дәу қара құс көрінеді. Көзінің жасы төгіледі. (бұлт-облоко-cIaud) 5. Жүрсе ізі жоқ. Сойса қаны жоқ. (қайық-лодка-boat) 6.Сырты жасыл қап-қатты. Іші қызыл тәп-тәтті. (қарбыз-арбуз-water melon) |