«МИФ әлемінде» апталығында өткен «Математикалық домино» кешінің жоспары (5-6 кластар үшін)

«МИФ әлемінде» апталығында өткен «Математикалық домино»  кешінің       жоспары   (5-6 кластар үшін)

Мақсаты: ойын арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық

және анатикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тапқырлыққа, білімділікке

тәрбиелеу.

Көрнекілігі: домино шариктері,билеттер,сандықша, үрленген шарлар, балықтар,

қармақ, түрлі слайдтар.

Барысы:   І. Кешті ашу.

ІІ. Кеш жоспарымен таныстыру.

Ойын кезеңдері:      1-бөлім: «Логика»

2-бөлім:  «Алтын балық» ойыны

3-бөлім:  «Үрленген шарлар»

4-бөлім:  «Сиқырлы кубик»

 

Математика сырлары

Қызықтырды біздерді

Ойынға бірге қатысуға

Шақырамыз сіздерді

Білмеймін деп қысылма

Талабың болса бабында

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатар жолында

Ойнайық, ойлайық та ойнайық!

Қатардан артта қалып қоймайық

Белсенді болайық ортада

Уақытты тектен-текке жоймайық!

1-бөлім бойынша слайд:

     «л»      «о»      «г»      «и»       «к»       «а»

Ойыншылар таңдап алынған домино шариктерінің нөмірлері  бойынша қолдарындағы билеттерімен шақырылады. Ойынға 6 оқушы қатысады. Слайдтағы әріптерді таңдайды, онда логикалық сұрақтар жасырылған.

«Л»- столдың төрт бұрышы бар. Егер оның бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрышы қалады?                                                          (бес бұрышы)

«О»-егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса, салмағы қанша?                                                                           (3 кг)

«Г»-Сымда 5 торғай қонып отыр. Аңшы 2 торғайды атып алды. Торғайлардың қаншасы қалды?                                                     (2торғай қалды, қалғаны ұшып кетті)

«И»-2 қолда 10 саусақ бар. Сонда 10 қолда неше саусақ бар?     (50 саусақ)

«К»-Торда 5 қоян отыр,  5 оқушы келіп қоянды бір-бірден алды. Сонда торда әлі бір қоян бар. Ол қалай?                                                (Бір оқушы қоянды торымен алған)

«А»-жылдың неше айында 28 күн бар?                 (Барлық айында)

 

 

2-бөлім «Алтын балық» ойыны. Нөмірленген домино шариктері  бойынша 8 оқушы таңдалады. Ойыншылар қармақпен балық аулайды,  балықтарға сұрақтар жасырылған.

— Ең үлкен екі таңбалы сан?                 (99)

— 8-ге кері сан?                                        (сегізден бір)

— Сағаттың төрттен бір бөлігі неше минут?      (15 минут)

— Төртбұрыштың периметрі дегеніміз не?       (барлық қабырғаларының

қосындысы)

— Ең кіші жай сан неге тең?                   (2)

— Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6-ға тең. Ол  қандай     сандар?                                                  (1,2,3)

— Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1 сағат 20 минут ұшады да,  сол  жолмен      қайтарда 80 минут ұшты. Неге? Себебін түсіндір.

— Поездың Айдын отырған вагонының  алдында неше вагон болса, соңында

сонша вагон бар. Егер Айдын отырған вагонның алдында 7 вагон болса,  поезда барлығы неше вагон бар?         (15 вагон)

Қармағына «Алтын балық» түскен ойыншы сыйлыққа ие болады.

 

3-бөлім бойынша таңдап алынған ойыншылар «Үрленген шарларды» жарып, шар ішіндегі сұраққа жауап беруі керек.

— Сен 30-ға дейін сана, бірақ 3-ке бөлінетін сандардың орнына «жаңылыспаймын» деп айт. Қане тез санап шық.

—  Оқытушы сабақта оқушыларға қызық әрі қиын есептер берді. Есептерді шығарған қыздар саны сыныптағы ұлдар санына тең. Сыныпта қыздар саны көп пе, әлде ұлдар көп пе?                                                 (Қыздар көп)

— Әсем үйлері 1-ден 24-ке дейін нөмірленген қысқа көшеде тұрады. Осы үйлердің нөмірлерінде 2 саны неше рет кездеседі? Санап көр.                       (8 рет)

— Ертегі есеп: (слайдпен көрсетіледі) қасқыр мен түлкі дос болады. Екеуі келе жатып, балықшының аулап қойған балығына кезігеді.Қасқыр айтады:

— достым, мен есепке шорқақ едім, сен мына балықты тең етіп екеуімізге бөл -дейді.

Сонда қу Түлкі:

— жарайды,  Қасеке,   ендеше, саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу, саған бесеу, маған алтау, саған жетеу, маған сегіз…

Осы кезде сыбдыр естіліп, екі дос үлестеріне тиген балықтарын алып, екі жаққа қаша жөнелді. Балалар, айтыңдаршы, екі дос балықты қалай бөлісті? Тең бе?

— 6*6*6=30 теңдік орындалатындай етіп, жұлдызшаның орнына математикалық амалдар қой.

— Әсем, Жанар, Анар үшеуі математикадан қандай баға алғандығын сұрағанда

мұғалім былай деп жауап берді:

— Әрқайсыңның бағаң әр түрлі.  Әсемнің бағасы 3 емес, Жанардың бағасы 4 емес. Сонда кім қандай баға алған?

 

 

4-інші бөлім бойынша  «Сиқырлы кубик» ойыны ойналады. Домино шариктерінің нөмірлері бойынша таңдап алынған ойыншылар кубикті лақтырады.

«М» жағы түссе, сандық мақал жалғасын табу:

  1. Бір елі ауызға-…
  2. Бір кісі қазған құдықтан, …
  3. Досынды үш күн сынама, …

«Ж» жағы түссе, математикалық жұмбақтар  шешеді:

  1. Қос құлақты 100 тісті,

Жүзінен бірақ із түсті.    (ара)

  1. Жаңылмастан жетеуі,

Кезек қызмет етеді.        (апта күндері)

  1. Бір таудың екі күзетшісі,екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар. Ол не?

(адамның басы)

«Ф» жағы түссе, формулаларды табады.

  1. Р=2а+2в
  2. S=v•t

«?» жағы түссе, сұрақтарға жауап беріледі:

  1. Қазақтың 3биін ата?
  2. 8 және 12 сандарының ең кіші ортақ еселігі неге тең?
  3. Мұсылмандардың қасиетті айы.

«♫» белгісі түссе, ән, тақпақ айту.

«П» белгісі түссе, (приз) сыйлыққа ие болады

 

 

 

ІІІ. Қорытындылау, қатысқан оқушыларға рахмат айтып, кешті жабу.