Тіл маржанын теремін

 

Тіл маржанын теремін

 

І – жүргізуші.   Қымбат маған ана тілім, бал тілім,

Қымбат маған дана тілім, ар тілім

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,

Ана тілім – ардақ тұтар алтыным – деп ақындарымыз жырлағандай бүгінгі « Тіл маржанын теремін» атты жыр мүшайрасын бастаймыз.

ІІ – жүргізуші. «Тіл маржанын теремін» жыр мүшайрасына қатысатын оқушыларымызды ортаға шақырамыз.

  1. Лесбекова Гүлзат 5 «А»
  2. Оспанбекова Назерке 5 «А»
  3. Бәкенова Севара 5 «Ә »
  4. Құдайбергенов Қаршыға 7 «Ә»
  5. Күлмағанбетова Әйгерім   5 «Ә»
  6. Бектөреева Бибінұр 5 «Ә »
  7. Әлменова Сымбат 6 «А»
  8. Жаңабаева Салтанат 6 «Ә»
  9. Қаңлыбаев Рамазан 6 «А»
  10. Жақсылықова Сара 5 «Ә»

І – жүргізуші. Жыр мүшайрамыз үш  бөлімнен тұрады.

I —  бөлім. «Жырдан шашу шашамын» \ өз шығармаларын оқу\

II —  бөлім. «Мақал – сөздің мәйегі» \ мақал-мәтелдер жарысы\

III — бөлім. «Кім көп біледі?» \ сұрақ-жауап\

 

ІI – жүргізуші. Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

І – жүр гізуші   1. Алашбаева Лаззат-  мектеп кітапханашысы.

  1.         Өмірбаева Гүлзира — мектеп тәлімгері
  2.             Ахметова Сағыныш —  қазақ тілі мен  әдебиеті  пән мұғалімі

 

IІ – жүргізуші.       Ана тілін жырлап өткен талайлар,

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар

Қасиетті менің ана тілімде,

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар-деп, ақындарымыз

жырлағандай, менде өз тілімде жырлағым келеді.

І – жүргізуші.   Олай болса, «Тіл  маржанын теремін» атты І-бөлімізді бастаймыз.

ІI-жүргізуші. Ортаға өз шығармаларын жатқа оқитын оқушыларды шақырамыз.

(I- бөлім бойынша оқушылар өз шығармаларын оқыды)

I- жүргізуші. Тіл байлығы- әр елдің мақтанышы. Ол- атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра.

Сайысымыздың  II-бөлімі «Мақал-сөздің мәйегі» деп аталады.Мен мақалдың жартысын айтамын сіздер аяқтайсыздар.

  1. Жеті жұрттың тілін біл,

(Жеті түрлі білім біл).

 

  1. Өнер алды – (қызыл тіл)
  2. Көре-көре көсем боласын,

(сөйлей –сөйлей шешен боласын).

  1. Шебердің бізі ортақ

(Шешеннің тілі ортақ)

  1. Отан- елдің анасы

(Ел – ердің анасы)

  1. Досы жоқ адам-(тұзы жоқ тағам)
  2. Өнер алды бірлік (ырыс алды тірлік)
  3. Бірлігі жоқ ел тозады

(Бірлігі күшті ел озады)

  1. Отан үшін күрес-(ерге тиген үлес)
  2. Қасықтап жинаған абыройды

(шелектеп төкпе)

  1. Көп сөз – күміс

(аз сөз – алтын)

  1. Тіл адам ойының – (айнасы)
  2. Бал тамған тілден – (у тамар)
  3. Айтылған сөз – (атылған оқпен тең)
  4. Аңдамай сөйлеген – (ауырмай өледі)

 

 

II  Жүргізуші.    Білекті – бірді жығады

Білімді – мыңды жығады – демекші, келесі сайысымыз,

«Кім көп біледі» деп аталады;

 

«Кім көп біледі»  сұрақ – жауап

  1. Тіл заңы қай жылы қабылданды? (1991ж)
  2. Қазақтың шешен сөзінің атасы (жиренше)
  3. Тіл білімін зерттейтін ғылым (фонетика)
  4. Қазқтың үш биін ата (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
  5. Ертегілер нешеге бөлінеді?             (3 – ке бөлінеді)
  6. Ән ұранның авторы кім?   (Назарбаев, Қалдаяқов, Нәжмеденов)
  7. «Әжемнің әнгімесі» авторы кім? (М. Әуезов)
  8. Қазақтың үш бәйтерегін ата. (Сәкен, Ілияс, Бейімбет)
  9. Дауысты дыбыстар қанша? ( 9 )

10.Синонимдер дегеніміз не?                (Мағынасы бір – біріне жуық, өзара мәндес.

 

І – жүргізуші.  Үш бөлім бойынша байқауңа қатысушылардың қортындысын шығарамыз.

ІІ- жүргізуші.  Байқауымыздың қорытынды бағаларын естіртіп, женімпаздарды анықтау үшін  сөз әділ қазылар алқасының төрайымы мектеп кітапханашысы Алашбаева Ләззат апайға беріледі.

(Женімпаздарды құттықтап, байқауымызды аяқтаймыз).