«Күз кереметі»
Илимбаева А. Б.
Тақырыбы: «Күз кереметі»
Мақсаты: Оқушыларға берекелі күздің қыры мен сыры және ырысы мен қуанышы туралы түсінік беру. Өздерінің қатысуымен сахналық көрністер қойып, таным қабілеттерін ашу. Жыл мезгілдерінің төресі болған күз жайлы өздері білетін ойларын ортаға салу. Қоршаған ортаны аялауға, үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: тәрбие сағаты.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік, сюжеттік ойындар, сахналық қойылым, сұрақ-жауап.
Көрнекілік: үнтаспа, күзге байланысты суреттер, шарлар, т/б
Жүргізілу барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;
А) Әр сынып оқушыларын отырғызу;
Ә) Тәрбие сағатының барысымен түсіндіру;
Кіріспе сөз:
- Күз дегеніміз, біріншіден байлық, молшылық: қаптаған астық, картоп, жүгері, күнбағыс, қарбыз, қауын, алма, өрік, жүзім. Осының бәрі күзде әбден пісіп-жетіледі. Дала да, егін де, орман да –бәрі сап-сары. Сондықтан халық күзді «Алтын күз» дейді. Екіншіден, күз-ет пен май. Мал да, аң да, құс та күзге дейін семіріп болады. Күз-қауырыт еңбектің кезі. Барлық адам қысқа өзіне керектінің барлығын осы мезгілде жасап алады. Бүгін қадірменді ата-аналар, кешке жиналып отырған оқушылар. Барлық жыл мезгілдерінің ішіндегі сұлтаны болған күз жайлы бар білетінімізді ортаға салмақпыз. Сондықтан бүгінгі «Күз кереметі» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер, дей отырып шағын кешімізді бастаймыз.
Перизат
Алтын сары, қызыл, көк-
Алуан-алуан жапырақ.
Аяулым
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жалтырап.
Анара
Күн шуақта маужырап,
Жатыр еді атырап.
Балауса
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Шынарай
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Медина
Бақтың іші алаша,
Ал билейік, шаттанып.
(жапырақтар тербеліп билейді де қолдарындағы жапырақтарын шашады)
(ортаға ақсақалды Күз-ата шығады)
Күз-ата (Ақжол)
Уа, өрендерім, армысыңдар, бармысыңдар. Бүгін мен сендердің алдарыңда өзімнің балаларыммен таныстырмақпын. Мынау менің үлкен ұлым -Диқаншы. Мынау менің кіші ұлым -Бағбан. Иә, балаларым қандай еңбек еттіңдер көрсетіңдер.
Диқаншы: (Ерасыл)
Ата, мен жерге дақылдар салдым, оларым өсіп жетілді. Көкөністер салдым олар да өсіп жетілді. Бәрі бүгінгі күз кереметіне келді. Ендеше соларға сөз беріп көрейік.
(ортаға 1 сынып «Дақылдар» шығады)
Бидай (Жадыра)
Нана анасы-бидаймын,
Елге ырыс сыйлаймын.
Дәнім толып піскенде,
Қайызыма сыймаймын.
Арпа (Анель)
Күміс мұртты арпамын,
Ырыс-құтты арпамын.
Еңбек етіп, баптаған,
Еліме сый тартамын!
Тары (Дильназ)
Ақ, қарамын, сарымын,
Мен-өнімді тарымын.
Халқым еңбек сіңірсе,
Қайтарамын қарымын.
Сұлы (Айзат)
Мен -сұлымын, ұланның
Тұлпарына ұнадым.
Баптаған әр диқанға
Басымды иіп тұрамын.
Күріш (Әйгерім)
Күнді сүйген күрішпін,
Күллі жұртқа ырыспын.
Алсын деп ел мол өнім,
Ала жаздай су іштім.
(дақылдар тербеліп өз билерін көрсетеді)
1 сынып хормен : Күз-ата біз сізге ән сыйлағымыз келеді.
Ән:
Күз-ата: Жарайсыңдар өрендерім! Бір жасап қалдым ғой.
Диқаншы: Ата, енді көкөністерді байқап көрейік.
(Қарбыз, қауын, баклажан, қызанақ, қияр, картоп, пияз ортаға шығады)
Қарбыз –қауын (Әділет)
Ей, мен қарбызбын, қауынмын.
Кереметтің бірімін.
Жерде өсіп жетілер,
Көкөністің бірімін.
Қауынмын, қарбызбын.
Баклажан (Анара)
Өзім күлгін сұлумын,
Жей алмайсың құр өзін.
Салат қылып қуырсаң,
Ең дәмдінің бірімін.
Баклажанмын, баклажанмын, баклажан.
Қызанақ (Аяулым)
Қып-қызыл қызанақ мен болам,
Бәрімен де тең болам.
Майонез жағып тұз қоссаң,
Балдай дәмді мен болам.
Қызанақпын, қызанақпын, қазанақ.
Қияр (Бекзат)
Мен қиярмын қиярмын,
Банкағада сиярмын.
Салтақа да қоса бер,
Міне сондай қиярмын.
Қиярмын, қиярмын, қиярмын.
Картоп (Медина)
Құрдай мен жей алмас,
Майонезде қоса алмас.
Бірақ майға қуырса,
Жеген адам кете алмас.
Қоп-қоңыр картоппын, картоппын.
Пияз (Балауса)
Мені ешкім жемейді,
Сол үшінде өкепелеп.
Аршығанда барлығын,
Сорлатамын жылатып.
Қатігез пиязбын, пиязбын, пиязбын.
Хор: Күз-ата сізге мың алғыс!
Күз-ата: Ал, менің бағбан ұлым не айтар екен. Диқаншы ұлымның кереметі көп екен. Рақмет, Диқаншы балам!
Диқаншы: Әміріңізге құлдық, Күз-ата!
Бағбан: (Бекзат) Ата менде құр келгем жоқ. Барлық жемістер пісіп толды. Адамдар жинап, кампот, тосап жауып жатыр. Сол жемістер жайлы білгіңіз келе ме?
(ортаға жемістер шығады, алма, алмұрт, өрік, шабдалы, шие)
Алма (Перизат)
Бәрінен тәтті алмамын,
Дастарқаннан қалмаймын.
Бәрі маған қызығып,
Қарағаннан ұялып,
Сол себепті қызылмын.
Алмамын, алмамын, алмамын.
Алмұрт (Балауса)
Алмұрт деген мен болам,
Қолға түсе бермейтін.
Бірақ өте дәмдімін,
Алманың жақын досымын.
Алмұртпын, алмұртпын, алмұртпын.
Өрік (Әділет)
Мен өрікпін, өрікпін,
Өзім сондай көрікпін.
Құ салса да табаққа,
Дастарқанға көрікпін.
Өрікпін, өрікпін, өрікпін.
Шабдалы (Шынарай)
Мен әдемі шабдалы,
Бәрі маған қарайды.
Кампот, тосап, қайнатар,
Бар адамға пайдалы.
Шабдалы, шабдалы, шабдалы.
Шие (Анара)
Мен шиемін, шиемін,
Баршаға басымды иемін, иемін.
Кампот, тосап қайнатып,
Құятын досым банкаға,
Басымды қатты иемін.
Шиемін, шиемін, шиемін.
Хор: Күз-ата сізге мың алғыс!
Күз-ата: жарайсыңдар, қырандарым! Екі ұлымының еңбегіне халқы риза болса мен риза. Айналайын ұлдарым, елге қызмет еткендерің маған қызмет еткендерің. Жарайсыңдар!
Ән: «Күз құдіреті»
Жүргізуші:
Тек күз осындай қуаныштарынан басқа тағы үлкен қуаныш сыйлап отыр. Ол осындай берекелі айда дүниеге келген достарымыздың да мерекесі болғандығында. Осы күзде 1 сыныпта Айзат, Әйгерім сынды қыздардың туған күні болса, 3 сыныпта Балауса, Медина, Аяулым, Ерасыл, Әділет, Шынарайлардың да туған күні екен. Ендеше достар, осындай мезгілде дүниеге келгенсендердің жүректеріңде күздің күніндей жылылық пен молшылық бола берсін деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтамақпыз. Дастарқандарыңызға күздің мол ырысы құйылсын деген тілек айтқым келеді.