Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші

Сәтбаев қаласы әкімдігінің  «№16 жалпы орта  білім беретін мектебі» КММ

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 26 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу   кеші

 

Өткізген: Сафинова Загипа  Базылбекқызы, мектеп кітапханашылары

Өткен күні: 11.02. 2015 жыл

        Өткен орны: мектеп кітапханасы

Мақсаты:

оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;

өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;

Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

 

Көрнекілігі:

Слайд.                Кітап сөресі

 

Шақырылған қонақтар: Ауған соғыс ардагерлері:

 

  1. Утемисов Хайрулла
  2. Амралинов Қайрат
  3. Мухаметгалиев Хайдар

 

Кездесу кештің барысы

 

Саруар Мадияр:

— Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 26 жыл толуына арналған «Ауғанның от — жалыны» атты жауынгер интернационалистермен  кездесу кешін

 

Бірге:  ашық деп жариялаймыз!

 

Зейнурова Ботагөз:
— 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс– зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі –Ауған соғысы.

Мадияр: 1989 жыл 15 ақпан – Кеңес әскерінің ақырғы легі  Ауған  елінен біржолата  әкетілді.  Өткеніміз  өз елесінде  қалу  жолында  әр жылдың

15 ақпан күні  — Ауған  соғысына  қатысқандарды еске алу  күні  болып есептеледі.     Бүгінгі күні  арамызда  осынау  алапат   ойранға  қатысып келген  жерлестеріміз де  аз емес. Олай болса       бүгінгі кездесу сағатымыздың  құрметті қонақтары — жауынгер – интернационалистерге қошемет көрсетейік. Олар:

(Қонақтармен таныстыру)

  1. Утемисов Хайрулла
  2. Амралинов Қайрат
  3. Мухаметгалиев Хайдар

 

Ботагөз:              Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың  қай жылы

Боздақтарға  басымды иіп бір минут,

Есіме  алам  сол бір апат қайғыны

Ауған  соғысында  мерт болған ерлердің  рухына, бүгін  арамызда  асқар  таудай болып жүрген  ағаларымызға  басымызды иіп тағзым етейік!

 

Мадияр: Арманына жете алмаған ұлын ойлап

Ананың құрғамаған көзі жастан-

демекші өмірінде естіп білмеген жерде ұлының қазаға ұшырағаны көптеген аналарымыздың көз жасының себепкері болды.

Әрине уақыт өте, бейбіт өмірдің шуағы жарқыраған шақта, сол қаза болған асыл азаматтар халқының мәңгі есінде сақталып, бүгінде оларға ескерткіштер орнатылып, көше аттары беріліп, құрметке ие болуда.

 

Ботагөз:              Әрбір сарбаз елімнің боп тірегі ,

Халқым аман болсыншы  деп тіледі.

Егеменді ел болып  етек жаптық,

Төбемізден көк байрақ желбіреді.

 

Мадияр:   Құрметті жауынгер интернационалистер, Сіздердің құрметтеріңізге мектебіміздің 7 сынып оқушысы Қайырбек Аяулымның орындауында «Қазақстан, алға!» әнін  қабыл   алыңыздар

Ән

Ботагөз:  Былтыр Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл толуына Амангельды Жантасовтың « Қара – майор отряды» атты кітабы жарық көрді. Сол кітаптың мазмұны жөнінде видео бейнеге назар аударайық.

 

Видео Слайд көрсетілімі

Мадияр:   — 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.

 

Ботагөз:  — Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын әкеліп, қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болып қалды.

 

Мадияр:   — 10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңырауға шым батырған Ауғаныстандағы сұрапыл соғыс 10 жылға созылды.

Жау дейміз — ау, қолдан жасап жауынды, саясаттың солақайы уландырған тамырды, бауырына бауыздап балдай ішкен Кеңестің ол сұрапылды, дауылды заманы еді..

 

агитбригада

Ботагөз:

Өтер жылдар, артып тағы алыстап,

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың,

Ауғандағы азап шеккен арыстар  — деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамады, ерлік өлмеді, замандарға жалғаса берді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері.

 

Мадияр:

«Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау – біз үшін бір ғанибет. Құрметті ағалар, сол бір сұрапыл соғыстың естеліктерін ортаға салып үзінді айтып берсеңіздер.

 

(Әңгіме сұхбат жүргізіледі)

 

  1. Соғысқа шақырту алғанда қай жерде әскери борышыңызды өтеп жүр едіңіз?
  2. Соғыс кезіндегі қиындықтарды айтып берсеңіз?
  3. Ауған соғысына аттанар алдында соғыстың мақсат — мүддесі түсіндірілді ме?
  4. Кеңес әскері Ауғанстан жерінен шығарылатынын естігенде қандай сезімде болдыңыздар?
  5. Бүгінгі таңда елімізде 10000 — ға жуық Ауған соғысының ардагерлері бар екен. Сіздер бір — біріңізбен майдандас ретінде хабарласып тұрасыздар ма?
  6. Кейінгі ұрпаққа айтар тілектеріңіз?

 

Ботагөз:

Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 26 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге Сәтбаев қаласының  абыройын асқақтатуға атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп — құрметтеу – біздің борышымыз дей отырып, келген қонақтарға алғысымызды айтамыз. (Сыйлықтар беру)

 

Мадияр:

Отан алдындағы борышты адал атқарып, өзге мемлекеттің аумағына тәуекелге бел буып барып келген сол кездегі жалынды жастар, қазіргі таңда жігіт ағасы болған сіздер қандай құрметке болса да лайықсыздар. Сіздердің Отан алдындағы жауапкершіліктеріңіз кейінгі ұрпаққа үлгі болсын.

 

Ботагөз:  Енді ондай соғыс ешқашан болмасын. Тәуелсіз елімізде мәңгі тыныштық орнасын! Еліміздің көк туы биікке желбіресін!

 

 

 

Мадияр:

Құрметті қонақтар, әрбір минуты қымбат мына заманда алтын уақыттарыңызды қиып, шақырғанымызға келгендеріңізге көп — көп рақмет! Оның өзі сіздердің антқа берік, жауапкершілігі жоғары адам екендіктеріңіздің дәлелі. Бұл кездесу оқушылар үшін үлкен тәрбиелік мәні зор мағыналы іс — шара болды деп есептейміз. Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен дидарласайық! Келесі кездескенше

Бірге : Қош сау болыңыздар!

 

Естелік суретке түсу

(Қонақтарды құрметпен шығарып салу)