Желтоқсан жаңғырығы
Мақсаты:
Білімділік. 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл- әкімшіл,солақай саясатына қарсыалғаш рет бас көтеріп,демократия жолында құрбан болған ұл-қыздарымыздың ерліктері жайлы түсінік бере отырып, жастардыңалаңға не себепті, қандай мақсатпен жете түсіндіру.
Тәрбиелік. Өз отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,өз ана тілін, әдет- ғұрпын, салт- дәстүрін,сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер:
1.«Желтоқсан жаңғырығы» атты плакат
- Дәйек сөз: «Тәуелсіздік — ұлы ұғым. Оны қастерлеуге үрету, дағдыландыру адам бойындағы басты қасиетке айналдыру — әрқайсымыздың парызымыз»
- нақыл сөздер
- қосымша әдебиеттер
Алғы сөз.
— Армысыздар, қадірлі қонақтар, ұлағатты ұстаздар! Бүгін сіздерге дүниені дүр сілкіндірген, 80- жылдары КСРО — датұңғыш рет шынайыұлттар теңдігін талап еткен Желтоқсан көтерілісінің 26 жылдығына, тәуелсіздігіміздің 21 жылдығына арналған «Желтоқсан жаңғырығы» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Бұл сабағымызда қазақ елінің көктемі үшін солақай саясатқа қарсыалғаш рет бас көтерген ұл- қыздарымыз жайлы сыр шертпекшіміз.Желтоқсан жаңғыры көзден де, көңілден де кетпейді. Осы оқиғадан кейін КСРО -да көптеген оң өзгерістер болды. Иә, ұзақ жылдараңсаған ата- бабалар арманы елімізге оңайлықпен келген жоқ. Соның бір айғағы — 1986 жылғы Желтоқсан қозғалысы.
Көрініс: студент жастар алаңда.
- Қыздар, мен газет әкелдім.
- Не жаңалық шығыпты?
- КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Д.Қонаевты алып, орнына В.Колбин дегенді тағайындапты.
- Колбин деген кім екен?
- Қайдан келіпті?
- Колбин Ульяновтан келіпті.
- Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын!
- Біз демократияны талап етеміз.
- Қане жүріңдер, қыздар, жігіттер алаңға кеттік!
1- жүргізуші:
Желтоқсан айы естесің,
Дауыл боп бұрқап ескеңсің.
Азаттық күйі қашаннан
Көкейін елдің тескенсің.
Шектеліп анатіліміз,
Оқылмай өлең- жырымыз.
Жабылып жатса мектептер
Жадырар қалай күніміз?
2- жүргізуші:
Тарылып жатса даламыз,
Қайтіп біз тыныс аламыз.
Қақымыз да жоқ айтуға,
Әділет қайдан табамыз?
Бұрқ етті қазақ баласы,
Кеудеде өршіп наласы.
Алаңға қарай ағылды,
Таусылып барлық шарасы.
Көрініс: «Жастар алаңда»
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы.
Думанды бастаған
Далама қарашы- деп алаңға жастар жиналуда.
— Біз өз бостандығымызды талап етеміз!
— Далой Колбин!
— Әр ұлтқа өз басшысы. Демократия жасасын!
— Милициялар мен жасақшылар ортаға шығып:
— Ұлтшылдар! Бұзақылар! Ішкіштер! Қайтпасаңдар шара қолданамыз,- деп жастарды алаңнан қуып, ұрып соға бастайды.
2- жүргізуші:
— 1986 жылғы Желтоқсан жаңғырығы Өскемен қаласындағы жастар қозғалысына әсер еткені шындық! Өскемен педучилищесінің студенті Сабира Мұхамеджанова мен мұғалімнің арасындағы түсініспеушілік болып Сәбираның анасын шақыртады.
Көрініс: Сәбира туралы.
Сынып жетекшісі:
— Сен барлық қыздар үшін жауап берем деп едің.Соны шешеңе қайталап айтшы.
Сәбира:
— Өзіңіз ауылдың мұғалімі емеспісіз, осы сөзді қалада тұрып қалай айтасыз ауыл мұғаліміне?
Шешесі:
— Бұл қызым — сүт кенжем.Басқа тұрғай, өзімнен де ауыр сөз естіген емес.
Мұғалім:
— Ия, солай ма? Бәрі сол еркелетіп, әуектеудің кесірі ғой. Енді бұлардың училищеде оқу — оқымауын директор шешеді- деп, мұғалім шығып кетті.
Осы кезде бір бала жүгіріп келеді.
— Шолпан апай, қызыңыз бесінші қабаттан секіріп кетті!
Шешесі:
- Не дейсің, менің Сәбирам ба?- деп жылап шығып кетеді.
1- жүргізуші: (Ербол Сыпатаев туралы)
— Желтоқсан қозғалысына қатысқандардың бірі — Ербол Сыпатаев
Өзі сияқты студент ұлдар мен қыздарды қорғаймын деп жүргенде Ерлболды жасақшылар қатты соққыға жығып емханаға түседі де, екінші күні қайтыс болады. Ерболдың мәйітін ауылына мұғалімдері алып барады. Ата- анасы баласын жылап жүріп жерлейді.
Ән: Желтоқсан желі.
2- жүргізуші:
— Желтоқсан қозғалысы! Аз ғана уақытта әлем назарын аударған толқу күштеп басылғанымен, оның мәні мен маңызы енді ешқашан сөнбейді. Өйткені азаттықты аңсаған, теңдікті талап еткен халқымыздың жүрегінде ол мәңгі қалады. Ауыз аштырмауға тырысқан «Коммунистік партияның» лаңы ары таза бүтін бір халыққа күйе болып жағылды. Алайда уақыт сыншы өзі көрсеткендей, ақ пенен қараның ара- жігі ажыратылды. Сөйтіп біз өзімізді өзіміз ақтадық. Бұл да ерлік.
Желтоқсан қозғалысында жазушылар, әншілер, композиторлар да өз нарпазылықтарын білдіріп, өз қазағының намысын қорғай білді.
Мұхтар Шаханов
Желтоқсан алаңы
1- жүргізуші:
Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер…
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел.
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер.
2- жүргізуші:
Алаң шетін қоршап тұрған шыршаларға ала көк,
Жас бүлдіршін, сезіміңді жасын етіп қарап өт.
Сол арадан сатқындық та елестейді қара бет,
Қара беттің көбі бүгін — дара тұлға, дара бет.
Жас бүлдіршін. Мұз құрсаған шыршаларға қарап өт,
Заманыңның жеңісі мен жеңілісін санап өт.
Желтоқсан құрбандарын еске алу сәті.
Жыр- шумақтары:
Тәуелсіздік — елімнің шамшырағы,
Тәуелсіздік — елімнің бәйге пырағы.
Тұрақты болсын, қуатты болсын әрқашан,
Шырағы мен пырағының тұрағы.
Шамшырағы енді қайтіп сөнбесін,
Жүрік пырақ енді қайтіп өлмесін.
Адымы еркін ашылсын елім алшаңдап.
Енді ешкімнің байлауына көнбесін.
Хор: Атамекен