Жаңа жыл кешінде

Жаңа жыл кешінде

       Ұлжан: Ерте, ерте, ертеде , ешкі жүні бөртеде, елі төрт түлікке бай, өңірі кенге толы, суы мөлдір, ауасы таза, табиғаты жанға дауа Қазақстан деген ұлан-байтақ шаһар болған екен. Сол шаһардың ішін кезіп жүріп жастары білімге құштар, үлкендері ұлағатты, халқының ынтымағы жарасқан, жақсы жетістіктерімен танымал болған бір ауылға кезіктім.

Гүлдана: Ол өздеріңіз куә болып отырған – Аралбай елді мекені. Ал біз біз осы елді мекендегі аудан бойынша өзіндік ерекшелігі бар, тіпті аудан емес, облысқа да танымал «Білімнен асқан жақұт жоқ, Ұстаздықтан асқан бақыт жоқ» дегендей бар ғұмырын бала тәрбиесіне сарп еткен, білім нәрін сепкен ұлағатты әз жүрек асыл жандары бар Білім ордасына келіп қалған екенбіз.

       Ұлжан: Олай болса, қасиетті Аралбайдың барша халқы мен қонақтарын, ұстаздары мен білімпаз оқушыларын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!

Гүлдана: Жаңа жыл туындаған жаңа армандар,

Жаңа жыл шуылдаған жаңа ормандар.

Ол мынау мәңгі бақи жаңа дүние,

О, сәлем, Жаңа жылда жаңарғандар!

Ұлжан: Ал енді біз бүгін мына керемет Жаңа жыл тойын осы қасиетті елді-мекенде тойлағалы отырмыз ғой. Ендеше осы шаһардың патшасын ортаға салтанатпен шақырып, жүздессек қайтеді.

Гүлдана: Әрине өте орынды. Мерекемен құттықтау үшін ауыл әкімі Молдабеков Қойшыбек Нүридденұлын құрметпен ортаға шақырамыз.

    Ұлжан: Келесі кезекті мерекемен құттықтау үшін және шырша шамын жағу үшін осы білім ордасының басшысы Аубакиров Берік Өтепбергенұлына береміз.

Гүлдана: Балалар бәріміз қосылып Берік ағайдан шырша шамын жағуын сұрайық.

 

Бәрі: Шырша шамы жағылсын!3

           

 

 

 

 

Ән: «Қош келдің жаңа жыл!»

 

Жыл жетістіктеріне шолу(Өткен  оқу жылы барысында мектепте атқарылған игі істер мен жетістіктер топтамасы айтылады)

Ұлжан: Әрине бұл игі жетістіктер бірлесе атқарылған жұмыстардың арқасында екені сөзсіз.

Күй тартылады.

 

Бибігүл: Жаңа жыл құтты болсын алашым!

Мал мен басың өссін-өнсін, тарасын!

Жаңа талап, жаңа дәулет, жаңа бақ

Беріп жұрттың толықтырсын шарасын.

Тоқшылықпен, тұнықтықпен, саулықпен

Шаттандырсын үлкен, бала-шағасын.

Өрттен, жұттан аман сақтап шаруасын,

Төрт түлікпен бықырлатсын даласын.

 

Жанасыл: Жанын, малын аямайтын ұлты үшін

Етіп берсін мұнда туған баласын.

Ақ көңілдік, ақ бейілдік нәсіп қып,

Жұрттың жойсын жүректегі қарасын.

Тілек те бір, ниет те бір, іс те бір

Тістейтіндер жаңа жылдың қалашын.

Біреу аяқ, біреу ауыз, біреу қол

Болып әркім қызметіне тарасын.

 

Жанат: Ақ көңілім айналды аппақ қарға,

Көңілдене қосыл сен де ән мен жырға.

Қыс қызығы басылмай ұласады

Қуаныштар көп болсын жаңа жылда!

 

Бейбарыс: Мерекеміз Жаңа жыл

Тойында қызық думан бар!

Жаңа жыл – бұл Жаңа өмір,

Сайранда туыс-туғандар

Бақытты болып жыл сайын –

Осылай басты қосайық.

Ашық боп аспан әрдайым

Тыныштық тойын жасайық!

 

Бәкібай: Жаңа жыл болсын қуаныш,

Жаңа жыл болсын мереке.

Алдымызда тұрған іс

Өмірге берсін береке!

Бұл күн біздің бәріміз

Қуанатын шағымыз.

Би де билеп ән салып,

Қызық думан құрамыз.

Ән орындалады

Гүлдана: Құрбым, бұл неғылған дауыс? Әп-сәтте табиғаттың алай-дүлей өзгергені несі.

Ұлжан: Жоқ, бұл жел мен боранның дауысымен бірге келе жатқан біздің Аяз атамыз шығар. Қане, бәріміз Аяз атамызды алдынан шығып қарсы алайық, шақырайық.

 

Бәрі: Аяз ата келіңіз, қызықты бізбен көріңіз!

 

Дархан-Аяз ата: Армысың жиылған көп бауырларым,

Аман ба, елің, жұртың, ауылдарың.

Аман ба, кіп-кішкентай балаларым,

Сағынып өздеріңмен қауышамын.

Аман ба, ауыл-аймақ, аталарың,

Аман ба, ақ жаулықты аналарың!

Өзімді бақытты деп санаушы едім

Алғанда үлкендердің баталарын.

 

Ақбаян-Ақшақар: Сәлеметсіздер ме балалар!

Сәлеметсіңдер ме достарым!

Шыршаларың қандай тамаша?!

 

Ерболат/1-Күлдіргі: Аяз ата, Ақшақар, қош келдіңіздер! Бізбен бірге би билеп , төрге шығыңыз.

 

Наурыз/2-Күлдіргі: Бар баланың қонағы

Төрлет, ата, жоғары.

Енді дала, алақай,

Әсем әнге толады.

Хормен ән айтылады.

 

Дархан-Аяз ата: Иә, Ақшақарым, біз әні мен сәні жарасқан, ұл-қызы өнерлі халқының бірлігі мол, берекелі елге келген екенбіз. Мен өте қуаныштымын.

Ақ қырауға малынған,

Сақалым да мұртым да.

Аяз ата сағынған

Сәлем  берем жұртыма.

 

Ақбаян-Ақшақар: Иә, бұл өзіміздің аңсап көруге асыққан Аралбай елді мекеніндегі Ә. Жангелдин атындағы білім ордасының шырша тойы екен.

 

Гүлдана: Қош келдіңіздер Аяз ата!

Ұлжан: Амансың ба, Ақшақар!

 

Ақжол: Жаңа жылға сәніміз –

Біздің айтар әніміз.

Келдің бе аман алыстан,

Сәлем, Аяз атамыз!

 

Дархан-Аяз ата: Иә, қымбатты балаларым, мен сендердің мына әсем шырша тойларыңа арнап қоржынымды сый-сияпатқа толтырып келдім.

Ақбаян-Ақшақар: Барыс жылын шығарып,

Қоян жылын қарсы алар.

Қане менің достарым,

Әсем бимен ырғалар.

Би биленеді. 6 сынып қыздары

 

Гүлдана: Кешіміз көңілді әнмен, бимен басталып та кеткен сияқты. Бізбен бір жыл бойы бірге болып, бар қызықты бірге өткізген, бірге қуанып, бірге ренжіген, біз үшін үлкен қуаныш болған Барыс жылына рахмет айтып шығарып салайық.

 

Ерболат/1-Күлдіргі: Ескі жыл, қайдасың?!

 

Наурыз/2-Күлдіргі: Ескі жыл, қайдасың?!

 

Гүлназ-Барыс: Иә достарым! Менің де бірнеше сағаттардан кейін тарихтың еншісіне айналатын уақытым да жетті.

Алуан жақсылық куәсі

Боп өткен жылдардың бірімін.

Халқыма мол ырыс әкелген,

Жарқ еткен жақсылық жылымын.

Ұстаздар үміті ақталған

Ерекше еске алар жыл болдым.

Тәуелсіз елімнің ұрпағы

Қуантып шаттыққа бөленген

Ал, достым, Жаңа жыл, төрге оз,

Мол ырыс өзіне тілер дос.

Аттаған қадамың құтты боп,

Халқыңды қуантып үлес қос.

 

Ермахан: Ескі жыл! Сіздің құметіңізге ән айтылып, би биленуде. Жаңа жыл келгенше бізбен бірге болыңыз. «Ән көңілдің — ажары» демекші келесі кезекті әнге береміз.

Ән орыдалады.

Би биленеді

Ерболат/1-Күлдіргі: Ей құрбылар, достар, жарқын жақсы адамдар!

 

Наурыз/2-Күлдіргі: Жыл келеді! Жыл келеді! Қараңдар!

(Осы мезетте музыка ойнап, қоян келеді)

 

Мақсат/Жаңа жыл: Жол бар ма жаңа жылдар байқамаған,

Көл бар ма жаңа жылдар шайқамаған.

Мен әр жас сәбиімді көрген сайын,

Әлемге жаңа жыл боп қайталанам!

 

Бәрі: Қош келдің Жаңа жыл!

 

Ботагөз: Қуаныш пен шаттыққа кенелейік,

Жадыратып ән шырқап тербелейік.

Төрлет, төрлет халқымның құтты жылы,

Бәріміз дөңгелене би билейік!

 

Ерәділ: Жаңа жыл! Жаңа жыл!

Жаңалық ізде сен.

Жаңа жыл, жаңа жыр

Жазып бер бізге сен.

 

Жәнібек: Жаңа жылым жаңа бақыт сыйласын,

Көгімізде бейбіт құсы самғасын.

Төгілтіңдер жаңа жылдың жақсы әнін,

Қуанышпен арайлансын ақ таңың

 

Жанерке: Жүздеріне қуаныш нұрын төккен,

Балбұл жанған беттерін аяз өпкен.

Айналайын халайық, қарсы алыңдар,

Жаңа жылды асыға көптен күткен.

 

Дархан-Аяз ата: Барыс жылы баршаңызды

Кенелтсін зор бақытта.

Білмеңдер бір шаршауды,

Бөленіңдер шаттыққа.

 

Ақбаян-Ақшақар: Биіктерде, төрлерде

Шалқи берсін туымыз.

Арналады сіздерге

Биіміз бен жырымыз.

 

Гүлназ-Қоян: Халқыма ырыс қондырған ,

Түлекке сәтті жыл болған

Мен – ескі жыл Қоянмын.

Ал, Жаңа жыл, қош келдің,

Төрден орын ала біл.

Басқан қадамың құтты болсын,

Ырысың мықты болсын!

Қош сау болыңдар балалар!

 

Бәрі: Сау бол ескі жыл!

Ұлжан: Ескі жыл Қоянға мың алғыс!

Ризашылық білдіреміз бәріміз.

Гүлдана: Қоян жылы біз үшін,

Тым ерекше жыл болды!

 

Мақсат-Жаңа жыл: Мен – жаңа жылмын!

Мен – Жаңа нұрмын!

Мен – Жаңа жырмын!

Баршаңызбен біргемін!

 

Тағат таппай күткенің

Бұл ұлудың жылы еді.

Әкелемін баршаңа

Жаңа бақыт, жаңа нұр!

Айтпаса да байқаймын,

Көп сіздерге берерім.

Дәулет, сәулет, ырыс-бақ,

Қуаныштарға кенелгін.

Білімге құштар түлектер,

Тілейміз сізге тілектер.

Ұлттық бірыңғай тестіден

Сүрінбей аман өтіңдер!

 

Дархан-Аяз ата: — Алло! Алло!…(біреумен хабарласады). Ал, балалар! Енді, біз жүретін уақыт та таяп қалды. Біздерді басқа шаһардың елді мекендері күтіп отырған көрінеді. Сендерге сыйлыгымды беріп кетейін. (Ақшақар екеуі сыйлықтарын үлестіреді) Ал енді біз Ақшақар екеуміз кетейік. Сендер ойын-сауықтарыңды қыздырыңдар, думандатып тойлай беріңдер! Қош, сау болыңдар балалар!

 

Бәрі: Сау болыңыз Аяз ата, Ақшақар!

 

Ұлжан: Ерлерім, ел намысын түйіп белге,

Келеді қолым жетіп биіктерге.

Тілегі қабыл болып Елбасының,

Жаңа жыл құт боп келсін сүйікті елге!

 

Гүлдана: Өнерді бұлбұлдай сайратамын,

Елімді гүлдей жайнатамын, — деген бір топ өнерпаздар өз өнерлерін ұсынбақшы. Қарсы алыңыздар!

(10 сынып оқушылары КВН қояды)

Ән орындалады.

Ұлжан: «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» деген ғой дана халқымыз. Олай болса, келген 2012 жылдың ақ батасын алайық!

 

Жаңа жыл: Берейін бата, қолың жай,

Қыдыр, қолда тілекті.

Толқытады көңіл жай,

Жүзге тақау жүректі

Жастарымыздың пәк сезімін берсін,

Қорадағы малымыздың семіздігін берсін.

Балаларымызға бақытты өмір беріп,

Жинаған ұпайлары тасып төгіле берсін.

Қадамыңнан бақ тамсын,

Үміт, арман ақталсын.

Жылдың басы биыл да

Берекемен  басталсын!

Әумин!

 

Гүлдана: Құрметті ата-аналар және оқушылар! Келер 2012 жыл әрқайсыңызға жаңа бақыт, жаңа жыр әкелсін!

 

Ұлжан: Жаңа табыс, жаңа нұр әкелсін! Келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!

 

Жүргізушілер: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!