Өнегелі тілің бар өсер ұрпақ

Тақырыбы:  Өнегелі тілің бар өсер ұрпақ

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау, дүние танымдық көзқарасын дамыту, қазақ тілі мен әдебиетін оқып үйренудегі қызығушылғы мен белсенділігін арттыру.

Топ құрамы-      оқушы

Ойын 7 кезеңнен тұрады. Әр кезеңнен кейін аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығады. Ең көп ұпай жинап, ойынның соңында қалған оқушы жеңімпаз аталады.

Әр оқушының өз ұраны болуы керек.

Жарыстың өтілуі.

І. Бәйге. (Дұрыс жауап 3 ұпай)

(Берілген сөздерге фонологиялық талдау жасау. )

Зерде, анаға, балалар, қасша, Бозжан, Досжан,

Ілгері                          кейінді                    тоғысы

 

Жанқожа (Жанғожа)

 

 

Тоғысы. Ықп.

Мақалға 1 ұпай, тұрақты т. 1 ұпай

ІІ. Полиглот.

(Мақалдардың жалғасын табу. Тұрақты тіркестердің мағынасын түсіндіру)

а) Ашу дұшпан- ақыл-                                     (дос) антонимін тап

(дұшпан, қас, жау)

ә)  Ырыс алды- …..   (ынтымақ) синонимін тап

(бірлік, ынтымақ, игілік)

б) Батыр туса- ……… (ел ырысы) синонимін тап

(ырыс, құт, береке)

в) Өнгелі өрге . (жүзеді) омонимін тап

(жүз-сан, жүз суда, жүз- ұлы, орта)

г) Болат қайнауда шынығады,

Батыр ………….. (майданда шынығады) синонимін тап

(майдан, ұрыс, соғыс, шайқас)

ғ) Ел үмітін ер ақтар,

Ер атағын ………… (ел сақтар) синонимін тап

(ел, халық, жұрт, әлеумет)

ІІ. Тұрақты тіркес мағынасын айту.

  1. Арқаны кеңге салу (асықпау)
  2. Айы оңынан туды (жолы болды)
  3. Ат ізін салмау (хабарласпау)
  4. Аузының салымы бар (несібелі болу)
  5. Ит басына іркіт төгілу (молшылық)
  6. Құрғақ уәдемек қуырдақ қуыру (алдау)
  7. Ойы онға, санасы санға бөліну (не істерін білмеу)
  8. Үріп ауызға салғандай (сүйкімді)
  9. Шамасына шаң жұқпайды (жүйрік)

(аз ұпай жинаған 1 оқушы шығады)

Сұрақтың дұрыс жауабы 1 ұпай

ІІІ. Әдебиет әлемі.

(Тапсырма қазақ әдебиетінен)

А)танымал ақын- жазушылардың шығармаларынан сұрақтар

  1. Еңбекші шаруаны «Елім, жұртым, халқым» деп дос тұтып, «Қалың елім, қазағым, қайрат жұртым» деп қазағының қазіргі халіне қинала сөйлеген ақын кім?

(Абай 1845-1904)

  1. Қинамайды абақтыға жапқаны,

Қиын емес дарға асқаны атқаны.

Маған ауыр осылардың бәрінен

Өз аулымның иттері үріп қапқаны:- деп өкініш білдірген ақын кім?

(Ахмет 1873-1937)

  1.  Көзіңді аш оян, қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты,

Жер кетті дін нашарлап, хал hарам боп,

Қазағым енді жату жаралмасты-

Оян сөзі- биік идеялық мақсаты, рухани нысанасы болған ақынды ата                                                      (Міржақып 1885-1935)

  1. Ыбырайдың арман еткен мектебі Торғайда қашан ашылды? Қанша бала қабылданды?

( 1864 ж 8 қаңтарда 14 бала

  1. «Дала қоңырауы» поэмасының авторы кім? Бұл поэма кімге арналған?

(Ғафу қайырбеков Ыбырайға арналған

)

  1. Біз надан боп өсірдік,

Иектегі сақалды,

«Өнер- жігіт көркі» деп,

Ескермедік мақалды,

Біз болмасақ, сіз  барсыз,

Үміт еткен достарым,

Сіздерге бердім батамды!- деп бата берген кім?

(Ыбырай 1884-1889)

  1. Қыз  сонда: «қалауым бар, Ноян батыр,

Адасқан аққу құстай мен бір һақыр

Арқаның аруы боп жүрсем- дағы,

Алыста туған, өскен жерім жатыр.

Айбынды арыстандай құмда кезген,

Күңіреніп қалың қалмақ елім жат

Барқыт бел, қашқан қалмақ қалсын адыра,

Ата- анам айым менен күнім жатыр,

… Сөйтті де Сарыарқамен есендесіп,

Екеуі ескен желдей кетіп қалды,

Кетті олар. Сәске болды ауыл тұрды

Алдымен кімге (Ер Баянға) хабар бар

(М. Жұмабаев Батыр Баян поэмасы Солтүстік Қазақстан облысы Сасықкөл (1893-1938) мекенінде туған)

  1. Мін атқа, қайт ауылға, тағат қыл да,

… Білмеймін, сор аттың ба, бақ аттың ба?!

Аққуға кезенерде, ырым жасап,

Тым құрыса саусағыңды қанаттың ба?

Әлек боп, арпалысып, сор- қайғымен,

Жоқ ата жасамадым ондайды мен…

Жасымнан естігенім бар-тын еді,

Әйтеуір аққу атқан онбайды деп…

Кімнің поэмасынан? Поэма қалай аталады?

«Аққулар ұйықтағанда» (М. Мақатаев 1931-1976 Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз )

б) Үй тапсырмасы: (Проза, поэзия үзінді оқу 0-5 ұпай. Ұпай аз жинаған 1 оқушы шығады)

ІV. Жаңылдырғыш сұрақтар 1-ұпай

  1. Құлын мен бие, сиыр мен бұзау ұсқас па? (жоқ)
  2. Шал (дан) гөрі бала (да) не көп? (буын)
  3. «Қызық» сөзінің қызығын білесің бе? Теріс оқысаңда қызық
  4. Бота мен қозы ұқсас па? Ұқсас
  5. Ерінде еріндік бар ма? Жоқ

Езуде езулік нешеу 2-е

  1. Қолда буын көп пе? Бірдей

Аяқта буын көп пе? Бірдей

  1. Қалжың+ бас қосылса, әуес- қой қосылса, не шығады? Біріккен сөз.
  2. Жорға. (10 сұраққа жауап береді. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.)

10 сұрақ.

  1. « Абай жолы» роман- эпопеяның авторы кім? М.Әуезов.
  2. Қазақ тілінде неше септік бар? 7- септік.
  3. Абайдың шын аты кім? Ибраһим
  4. Неше тұрлаусыз мүше бар? 3.
  5. «Менің атым Қожа » шығ. Авторы кім? Б. Соқпақбаев
  6. Сын есімнің сұрақтарын ата? Қандай? Қай?
  7. Неше сөз табы бар? 9.
  8. Аягөз қайда барасың? Кімнің өлеңі? Д. Бабатайұлының
  9. А. Байтұрсынов «Ақын ініме» өлеңін кімге арнаған? Міржақыпқа
  10. «Үміт еткен көзімнің нұры балам» өлеңін авторы кім?

Кімге арнаған? Ыбырайға атасы Балғожа би арнаған.

2 оқушыға 10 сұрақ.

  1. «Қараш- Қараш » оқиғасының авторы кім? М. Әуезов.
  2. нан, нен, дан, ден, тан, тен қай септіктің жалғауы? Шығыс септік.
  3. Қабанбай батырдың шын аты кім? Ерасыл.
  4. Неше тұрлаулы мүше бар? 2 бастауыш, баяндауыш.
  5. «Қазақ солдаты» романынан үзінді «Жаңа достар» 5 сыныпта өттің авторы кім? Ғ.Мүсірепов.
  6. Қанша? Неше? Нешінші? Нешеу? Сұрақтарына қай сөз табы жауап береді? Сан есім.
  7. Қазақ т. жалғаудың неше түрі бар? 4 түрі.
  8. Бүгін, жаздыгүні, Ақтөбе, Итмұрын қандай сөз? Біріккен.
  9. О, Ақтан жас, Ақтан жас өлеңінің авторы кім? Д. Бабатайұлы.
  10. Жамбылдың пірі кім? Сүйінбай.

3 оқушыға 10 сұрақ.

  1. «Мен құстан туған құмаймын» өлеңінің авторы? Махамбет.
  2. Қазақ тілінде неше шақ, неше жақ бар? 3.
  3. Қожаның шын аты кім? Қожаберген.
  4. Толықтауыш қандай сұраққа жауап береді? Атау, ілік септіктен басқа.
  5. Ә, Шоқанжан, осы баланы өзіңе дос қылып алдың ғой. Жарайды, көңілің түскен екен, алсын- деп сары бәйбіше жұмыскер әйелге айтты. Мысыққа Шоқан айтқан киімдерін алғызып берді. Кімнің шығармасынан? С.Бегалин. «Бала шоқан»
  6. Менің, сенің, сіздің, оның, тәуелдеу ма жіктеу ма?Тәуелдеу.
  7. Есімдіктің неше түрі бар? 7.
  8. Көксерек әңгімесінің авторы кім? М. Әуезов.
  9. Мен, сіз, сен, ол есімдіктің қай түрі? Жіктеу.
  10. Ы.Алтынсариннің Асан мен Үсен атты кейіпкерлері бар әңгіме қалай аталады? Бай баласы мен жарлы баласы

(1 оқушы шығады)

 

VІІ. «Өнер- алды қызыл тіл»

Төменде ұсынылған тақырыптар бойынша шешендік және сөз мәдениетін қолданып эссе, шығарма, ой- толғау жазу