Бүгін менің туған күнім!
Тақырыбы: Бүгін менің туған күнім!
Мақсаты: 1. Оқушыларды Мұқағалидың өмір жолымен, шығармаларымен
таныстыру
- Оқушылардың өлең оқу, икем-дағдыларын арттыру, тілін
жаттықтыру, сөздік қорын байыту.
- Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, табандылыққа,
поэзияны сүюге, Отанды, туған жерді қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Кітап, журналдар көрмесі, ақын суреттері, слайдтар
Барысы : Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар! Ақпан айы – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың дүниеге келген айы. Биылғы жылы ақиық ақын тірі болғанда 82 жылға толар еді. Тума талант бұл күнде барша қазақтың жүрегіне берік орныққан. Ол туған халқының өзіне деген өлшеусіз махаббатымен мерейленген ұлы перзенті, Жаратушы иесі тумысынан бөлекше дарынмен дараланған ақиық ақын. Өмір атты бір нәзік сәулеге деген шексіз іңкәрлікке, жарық пен жақсылық атаулыға деген ұлы сағынышқа толы Мұқағали жырларына үңілген әркімнің жансарайы кеңіп сала берері анық.
1 оқушы: Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Әкесі Сүлеймен аздап ұстаздығы болған қарапайым ғана шаруа адамы екен. Ақынды әкесі Тиын баққандықтан шешесі Нағиманды Нақа деп атаса керек. Ақынның асқар таудай биіктігі, Шалкөде жайлауындай кеңдігі, шалқыма көңілі туған жердің қасиеттілігінен бе деп қаласыз?!
2 оқушы: «Қарасаз»
3 оқушы: «Бұзылған үй»
4 оқушы Мұқағали өлең шығаруды ерте бастады. Ақынның сыныптасы Әбдіке Асанов былай деп еске алады: «Мұқағали 9-10 жасында-ақ өлеңдетіп жүретін. Біреуге айтар сөзін өлеңмен білдіретін. 3 сыныпта Қасым Жайылмасов оқытты. Өте сауатты ұстаз еді. Мұқағали өлеңдерін сол кісіге көрсетті. Ол кісі «Келешекте сен ақын боласың» деп мақтайтын.
5 оқушы: «Поэзия менімен егіз бе едің?»
6 оқушы: «Ей өлең»
7 оқушы Анасы Нағиманның айтуынша, Қарасаздың Шалкөде жағы саздау екен де, сазды жерде қаз жақсы өседі екен. Шешесінен екі қаз сұрап алып, почта машинасын жүргізетін орысқа қазды беріп, орыс тілінде жазылған кітаптарды алып қалады екен. Машина келесі қайтып келгенше кітаптарды оқып, белін буып, дайындап қояды екен. Міне осылайша бір орысы жоқ таза қазақ ауылында білімін көтерген екен.
8 оқушы «Ей өмір»
9 оқушы «Қайырлы түн»
10 оқушы Мұқағали өжет болатын. Ер азаматтар майданға кетіп, соқаның құлағына балалар отырады. Жер жыртып жүргенде оқу басталады. Бригадир балаларды мектепке жібермей қояды. Мұқағали бригадирге тесіле қарап:
- Барлығы Отан үшін, майдан үшін,
- Қызу еңбек қарқындап қайнау үшін, — дейді. Соңынан әрине, еңбек еткен жақсы, бірақ біз оқуымыз керек, білімсіз елдің күні не болмақ?» деп сөзін жалғайды. Мұқағалидың бір ауыз өлеңі мен сөзі, қайсар мінезі оқушылардың сабақты жалғастыруына себеп болды.
11 оқушы «Фантазия»
12 оқушы «Жастық»
13 оқушы «Солдат сөзі»
14 оқушы Мұқағали мектепте оқып жүрген бала кезінен бастап кітап оқуға құмар болған екен. Оқулықтармен қоса үйіне әдеби кітаптарды жинауды әдетке айналдырады. Оның үйіндегі кітап сөресінде том-том кітаптар жинаулы тұратын.
15 оқушы «Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген»
16 оқушы «Кел болашақ»
17 оқушы Мұқағали – табиғатты сүйе білетін, табиғатпен сырласа білетін ақын. Оның жырларында, әсіресе туған жер табиғаты, оның тауы мен тасы, мөлдір бұлағы мен таза ауасы, шалғыны ерекше шабытпен жырланады.
18 оқушы «Көктем»
19 оқушы «Сәуір айы»
20 оқушы «Күзде»
21 оқушы «Мұқағали ақындығына табынып, көшеде сәлем беріп, соңына ерген, ақыл-кеңес сұраған жастарды үйіне шақырған, таныс, бейтаныс адамдарға есігін айқара ашып, төрін ұсынған.
Өмірді соншалық сүйген ақынның өмір жайлы толғанбауы мүмкін емес»
22 оқушы «Не жетсін өмір сүргенге»
23 оқушы «Пай, пай өмір»
24 оқушы Мұқағали Мақатаев тек өмірдегі бар нәрсені өлеңмен өрнектеп қана қойған жоқ. Өмірден түйгендерін күнделікке түсіріп отырған.
Күнделік
25 оқушы Мұқағали адам ретінде жіберген кемшілігін де, азамат ретінде артықшылығын да ақын жүрек арқылы сана саңылауынан өткізді. Әркімнің жүрек тұсынан сөйлеп тұратын Мұқағалидың артықшылығы сол. Ол барлық тауқымет пен азапты өзінің ғана тағдыры деп ұқты. Ол үшін халқына өкпелеген жоқ, қайта бас иді.
26 оқушы «Елім барда»
27 оқушы «Шындық туралы»
28 оқушы Мұқағали тақырып іздемеген. Өмір, тіршілік туралы толғанған. Толғанып отырып, пайымдаған. Ақынның «адамды зерттегені – өзін зерттегені»- деп ұққан ол өзі туралы көп жазды. Сол арқылы өмір, поэзия, адамдық қасиеттері туралы жырлады.
29 оқушы «Жыр ошақ»
30 оқушы «Кең дүние төсіңді аш, мен келемін»
31 оқушы Мұқағали өлеңдері әнге өзі сұранып тұрады. Оның көптеген өлеңдеріне тамаша әндер жазылып, бүкіл қазақ халқының сүйікті әндеріне айналды.
Слайдтарға шолу, әндер шырқалады.
Хор «Үш бақытым»
Ән «Сарыжайлау»
Ән «Құмған алған»
Ән «Күрең күз»
32 оқушы
Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
…Жоқ жанды қиған емес жамандарға
Сол үшін мың рахмет адамдарға!
«Есіңе мені алғайсың» әнінің музыкасы баяу орындалып тұрады.
Ән «Есіңе мені алғайсың»