Қазақтың салт-дәстүрлері-ай
Тақырыбы: Қазақтың салт-дәстүрлері-ай
Мақсатым:
1)оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру,баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету;
2)ата-анамен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру.
Көрнекілігі:суреттер, шарлар, бүктемелер, слайд, ұлттық бұйым көрмесі
Жүргізушілер: Нұрғазы Мирас, Нұрғазы Нұрсұлтан,
Сабақ барысы:
Мирас:
Ата салтым –асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
Нұрсұлтан:
Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой, тәрбие көзін қалдырған.
Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
Мирас: Ассаламуалейкум, салтын сақтап, ата-дәстүрін ардақтаған ағайын!
Нұрсұлтан:Армысыздар, бармысыздар, қазағымның қазынасын қастерлеп, барын бағалаған әлеумет!
Нұрсұлтан:
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз,
Үлкен, кіші, жасымыз да, кәріміз.
Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,
Қош келдіңіз мынау — сіздің төріңіз.
Мирас: Өнерлі халық- өміршең халық, дейді емес пе?Олай болса, қазақтың әдет-ғұрпына, салт-дәстүрлеріне бағытталған «Салт-дәстүр-асыл қазынам» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!
«Сарыарқа» күйі орындалып тұрады
Динара:
Шашу, шашу, шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке ,бұл тойда
Керемет рәсім жасайық!
(шашу шашады)
«Шашу» биі. Орындайтын: «Бишілер» тобы
Ұлдана Қуандыққызы «Елге сәлем» әнін орындайды.
(«Жұмыр қылыш» күйі орындалып тұрады)
Ермахан:Сүйінші,сүйінші! Анам дүниеге сәби әкелді.
Жанел: Ой айналайын, балам, бұл қуанышты хабар ғой. Сүйінші сұрау-шын қуаныштың белгісі. Қазақ сүйіншіден несін аяған. Мінеки, сүйіншіңді ала ғой. (қол орамал береді)
Іңкәр: Ой бәрекелді!
Ермахан: Ата, апа, жүріңіздер кеттік, сәбидің атын қояйықшы!
Жанел: Жарайды, кеттік балам.
(сахнада баласын тербетіп ана отыр. Келін:
-Төрлетіңіздер!
Жанел:Айналайын ,құлыным! Әкесінен аумай қалған өзі!
Абылай: Кел, келін, құлыншағымыздың атын қояйық.
Сенің атың-Ұлболсын(3рет)
Артынан ұл туылсын деп, ырымдап қойдық.
Жанел:Ал, келін, баланы бесікке бөле.
Біз анау көрші кешке соғым басына шақырған, соған барып келейік, жүр,Әбеке!
(кемпір-шал шығып кетеді)
Келін: Ботақаным, жата ғой, тәтті ұйқыға бата ғой.
(бесік жырын айтады)
(Жанел Дана немересіне базарлық береді)
(арада 1 жыл өтті)
Аділет: Асқар көкеміздің үйіндегі жеңгеміздің баласы бір жасқа толып, бүгін соның тұсауын кесейін деп жатыр екен.
Атасы:
Ой бәрекелді, онда не тұрыс, кеттік, тұсау кесер тойына барайық!
«Бүлдірген» әні. Орындайтын Ұлдана Қуандыққызы
Нұрсұлтан:
Ал , халайық, халайық,
Барің мында карайық
Мирас:
Той думан ендеше
Тұсаукесермен жалғайық.
«Арулар» тобы «Тұсаукесер» әнін орынлайды
«Тұсау кесер» рәсімі орындалады.
Мұғалім: Еліміздің жарқын болашағы сіздердің колдарыңызда, құрметті окушылар!Халқымыздың ғасырлар бойы жасап кеткен тарихы — бүгінгі үрпақ үшін баға жетпес үлкен қазына, мүра. Бұл мұраларымыз имандылық, ғибраттық, әдет- ғұрпымен, салт-дәстүрімен қымбат. Осынау ұрпақ тәрбиесінің қымбат қазынасын мұралыққа алған біздер оның ішіне үңіліп, одан өз болмысымызға керек-жарақтарымызды алуға тиіспіз.Өзін қазақпын деп санайтын әрбір жас жеткіншек казақтығын дәлелдей алатын істерімен өзгеге өнеге болуы керек.
Мирас:
Жақсылық ашып арнасын,
Той-тойға жалғассын!
Нұрсұлтан:
Шаттанайық бәріміз,
Кәрі-жасы қалмасын!
Бірге: Келесі кездескенше, сау-саламатта болыңыздар, тойшыл қауым!
«Мен Қазақпын» әнімен аяқтау