Қүйші Н.Жанамановпен кездесу сыныптан тыс жұмысы.

Қүйші Н.Жанамановпен кездесу

сыныптан тыс жұмысы.

Жүргізуші:  Армысыздар, дәл осы шаңырақтағы білімнің бақанымен көтерген ұстаздар!

  • Болашағымыз балалар деп елбасы сенген, білімнің тереңіне ойлай енген оқушылар!

Өр шыңындай биіктен бөркі көрінетін ауылымыздың ағасы сізде хош келдіңіздер!

Атамыз қазақ – бір ауыз сөзбен қуантып, бірауыз сөзбен жауын орнынан тұрғызбай тастаған шешен халықпыз. Олай болса бүгінгі кешіміздің қонағымен таныс болыңыздар! Табиғат бойына сыйлаған дарқан дарын иесі қазақтың бір туар ұлы, Республикаға танымал, «Виртуоз» күйші, Қазанғаптанушы Нұрболат Жанаманов.

Күй домбырада, қобызда, сыбызғы да және т.б. қазақтың халық аспаптарында орындалатын музыкалық жанр. Ол мазмұны мен құрылысы жағынан әр алуан болып келеді. Күй адамның сезім дүниесіне түсінік- түйсігіне әсер ете отырып, үлкен әлеуметтік, қоғамдық, қоғамдық, философиялық мәселелерді толғап сыр шертеді. Сонымен бірге күй жан- жануарлардың түрлі қасиеттерін, табиғат сұлулығын суреттейді.

 

…Өмір – ырғық

Нәзік әуен, асқақ үн,

Айдын дала, аспан –үн!

Ғұмыры жоқ ырғықтардан басқаның!

Ей,адамзат, бас әуенге, қос әнге,

Шырқат биік тіршіліктің дастанын!

Өмір –ырғақ, әуеніне ермесең,

Тірлігің –тұл, жас –жаның!

Ғұмыры жоқ ырғақтардан, басқаның,-дей келе Н.Жанаманов ағамызға сөз кезегін береміз.

Қазарғаптың күйі «Балжан қыз», «18 жасар Балжан қыз»

Домбыра күйлері орындалу мәнері мен құрылымдық ерекшеліктеріне қарай төкпе мен шертпе деп бөлінеді. Біздің Батыс өңірінде төкпе күйлері кеңінен таралып, дәстүр бойынша жалғасуда. Енді олай болса, оқушыларымыздың сізге қояр сұрақтары бар.

1-оқушы: Нұрболат Әдіманұлы сізді кейбір жерлерде естіп жүрміз, күйші екеніңізді білеміз. Осы күйші болуға қандай бағыт бере аласыз?

2-оқушы: Сіздің тырнақ алды күйіңіздің аты?

3-оқушы: Дәстүрлі күйшілік өнері ді қалай түсінесіз? Қазіргі таңда эстрада жанрымен де шығып жатыр, сол дұрыс па?

Күйші ағамыз НұрболатӘдіманұлының орындауында Қазанғаптың күйі «Ақжелең», «Қыз  Ақжелең».

Қазақтың күй өнері рухани мұрасын ауыз толтырып айтатын және де ел ұрпағымен мақтана аламыз. Жігітке өнер де -өнер, өлең де- өнер деген дана халық. Ендеше жас Қазанғаптанушыларға  кезек береміз.

Күй ойнайды қазағымның қанында,

Күй ойнайды қазағымның жанында,-демекші Сайлаубек Алиханның орындауда Қазанғаптың күйі: «Құс қайтару»

Сейпілова Айдананың орындауында Қазанғаптың «Көкіл»

Балғабаев Ерсұлтанның орындауында Қазанғаптың күйі «Торы жорғаның бөгелек қағуы»

Сізге тағы бір сұрақ. Шығыс Қазақстанның күйшілік, домбырашылық дәстүрі аймақтық жағынан кең ауқымды қамтиды дейді. Ал біздің Батыс өңірінің күйшілік, домбырашылық дәстүрі қалай?

Өзіңіздің бастан кештен қызықты оқиға туралы не айтар едіңіз?

Қазанғаптың күйі: «Домалатпай»  орындайтын кешіміздің қонағы Н.Жанаманов.

Кешіміздің соңында аудандық Шалқар газетінің редакторы Қыдырәлі Алин ағамыз күйші Н.Жанамановқа өз ризашылығын білдірді. Республикалық, облыстық, аудандық байқаулардың жеңімпазы екенін атап айтты.