“Бала тәрбиесі баршаға ортақ” тақырыбындағы коучинг
Тақырыбы: | “Бала тәрбиесі баршаға ортақ” тақырыбындағы коучинг |
Жалпы мақсаты:
| — қарым-қатынас пен біріккен іс-әрекет жүргізуге ұйымдасқан адамдар тобын құру. — Іскерлік қатынастар желісін орнату — жас ұрпақтың тәрбиесін жоғары нәтижеге жету үшін мектеп шегінде ғана емес, ата — аналар мен басқа мамандық иелері арасында тәрбие үдерісін жетілдіруге бағытталған түрлі іс-шаралар өткізу |
Күтілетін нәтижелері:
| — қарым-қатынас пен біріккен іс-әрекет жүргізуге ұйымдасқан адамдар тобы құрылады. — Іскерлік қатынастар желісі орнатылады. — жас ұрпақтың тәрбиесін жоғары нәтижеге жету үшін мектеп шегінде ғана емес, ата — аналар мен басқа мамандық иелері арасында тәрбие үдерісін жетілдіруге бағытталған іс-шара оздырылады (Рефлекция) |
Коучингте туындаған негізгі идеялар: | Мектепте берілетін тәрбие сапасын түрлендірілген іс шаралар арқылы жоғарлатудың жолдарын меңгереді |
Тапсырмалар:
| 1. Тренинг қатысушылар шеңбер құрады, әр адам өзінің кім екенін және бір жағымды, бір жағымсыз қасиеті туралы айтып шығады. 2. Топқа бөлу (ата -аналар, мұғалімдер, оқушылар, бағалаушылар) 4 топ 3. Миға шабуыл: «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» деген тақырып бойынша әр топтың қысқаша ғана ойлары тыңдалады. 4. Топтарға тапсырмалар: Практикалық жұмыс: «ЭКСПО-2017»-ге жоба 1. Ата -аналар тобы «Болашақтағы отбасы және мектеп» тақырыбын постерде қорғайды 2. Мұғалімдер тобы «Болашақтың оқушысы» тақырыбын постерде қорғайды 3. Оқушылар тобы «Болашақтың ата -анасы қандай болуы керек?» тақырыбын постерде қорғайды 4. Бағалаушылар тобы әр топқа «2жұлдыз, 1ұсыныс» 5. Сергіту сәті. «Қара жорға» биі 6. Кері байланыс: Мадақтау сэндвичін жасау арқылы. позитивті комментарий, не ұнады; сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек; келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы … Қорытынды. |
Дереккөздер: | Үлестірме материалдар. Слайдтар. |
Нұғманова Жанна Қабиқызы
Шөптікөл орта жалпы білім беретін мектеп -балабақшасының
Қазақстан Республикасы педагог кадрларының
біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының
бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша
білім жетілдіру курсынан өткен, жоғары санатты
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім, тәрбие ісінің
меңгерушісі