«Екі жұлдыз» ән байқауы (сценарий)
«Екі жұлдыз» ән байқауы (сценарий)
— Фанфары
— Күй әуені
1 жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме құрметті жиналған қауым!
Мектебіміздің «Ұстаз – ұлы тұлға» атты класс жетекшілер апталығында ұйымдастырылып отырған, 5-9 кластар аралығында ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен өтетін «Екі жұлдыз» ән байқауына қош келдіңіздер!
2 жүргізуші:
Байқау мектептегі тәрбиенің рөлін арттыру, талғам мәдениетін тәрбиелеу, интеллектуальды мәдениетті қалыптастыра отырып, ұстаз бен ата-ана арасындағы талғамдық құндылықтарға жету қабілеттерін қалыптастыру мақсатында «Ұстаз – ұлы тұлға» атты класс жетекшілер апталығында өткізіліп отыр.
1 жүргізуші:
Аталмыш жоба негізінде өз қабілеттерін белгілі бір шығармашылық салада байқап көре білетін, кәсіби деңгейі жоғары шығармашыл ата-аналарымыз бен дарынды оқушыларды анықтау, Қазақстандық тәрбие жүйесін дамытудың инновациялық идеяларын қолдау және дәріптеу, мектепте тәрбиенің мәртебесі мен маңызын арттыру мен тәрбие құндылығына мектеп ұжымының оң көзқарасын қалыптастыруды өз алдына міндет етіп қойып отыр.
2 жүргізуші:
Қазақтың қасиетті даласында
Думанда ауыл аймақ арасында
Қызықтап көрермендер жиналыпты
Қошемет көрсетуге баласына, — дей келе сіздердің қошеметтеріңізбен бүгінгі байқауға қатысушы жұптарымызды ортаға шақырайық
(сайыскерлер номер таңдайды)
1 жүргізуші:
Кешімізді сайыс қатысушыларын таныстырудан бастаймыз.
- 5 «А» класс оқушысы Кеңес Ділназ анасы Жаният Задыгерейқызы;
- 5 «Б» класс оқушысы Мухамедшина Ақгүл әкесі Алтынбек Рауовұлы;
- 6 «А» класс оқушысы Еспагамбетова Эленора анасы Гульнара Хамзақызы;
- 6 «Б» класс оқушысы Қыдырмолда Сымбат анасы Марал Қошқарбайқызы;
- 7 «А» класс оқушысы Қалыбай Арайлым анасы Сағира Мамбетжанқызы;
- 7 «Б» класс оқушысы Мурхагалиева Айгерим анасы Айнұр Амангелдіқызы;
- 8 «А» класс оқушысы Бужбанова Айнұр анасы Алмагүл Амантайқызы;
- 8 «Б» класс оқушысы Карбозова Жпдвра анасы Лаура Құрлысқызы;
2 жүргізуші:
Енді осы өнерпаздарымыздың өнерлерін бағалаушы әділқазы алқасының мүшелерімен таныс болайық:
- Мектеп әдіскері Ерғалиева Мөлдір Төлегенқызы;
- Музыка пәні мұғалімі Мектепова Зауре Құлтанқызы;
- Технология пәні мұғалімі Төремұратова Ақгүл Сағынайқызы;
Байқаудың қазылар алқасына
№ | Бағалау өлшемдері | №1 | №2 | №3 | №4 | №5 | №6 | №7 | №8 | №9 | №10 |
1 | Сырт келбеті, киім кию үлгісі | ||||||||||
2 | Шығармашылық, ән таңдау деңгейі; | ||||||||||
3 | Әнді орындау шеберлігі | ||||||||||
4 | Қорытынды баға |
1 жүргізуші:
Сахна төріне №1 жұп – салтанатты сәні бар, адамдық қасиеттердің бойында бәрі бар, ұстаздарды құрметтей білетін, қоғамдық істерде белсеніп жүретін Марал Қошқарбайқызы мен оның ботадай көзі, тәп-тәтті сөзі бар Қыдырмолда Сымбат «Саржайлау» әнімен ортаға құрметпен шақырамыз.
2 жүргізуші:
Ортаға №2 жұп – ойлаған ойы мен сұңғақ бойында бір міні жоқ, асықпай қадам басатын, үн-түнсіз қырдан асатын, ибалы жүзді, ниеті ізгі Гульнара Хамзақызы мен мөлдір шықтай жаудыраған жанары, таудай болған ниеті мен талабы, сыныптастар сенімін ақтай аламын, бүгінгі сайысқа бар күшімді саламын деп келген Еспагамбетова Эленора сахна төріне құрметпен, қошеметтеп шақыралық
1 жүргізуші:
Сахна төріне №3 жұп — өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, ұстаздарға әрқашан мейірімді дос болуға жарайтын, қалаған ісіне шын беріле істей білетін, үлкен мен кішіні бірдей сыйлап жүретін Лаура Құрылысқызы мен әдемі сурет салатын, сабақтан рахат табатын, қатарының гүлі, сылдырлаған үні бар Карбозова Жадыра халық әні «Әгугай» әнімен ортаға ду шапалақпен шақырамыз.
2 жүргізуші:
Келесі кезекте №4 жұп – қазақи қалып бойында мүсінделген, тіл табыса білетін кісіңменен, асықпай қадам тастап, жүретін әсем асқақ Алмагүл Амантайқызы мен талапты, талантты, бала болса да ісіне жауапты, сыныптың мақтанышы Бужбанова Айнұр «Аруана, Әке» папури ортаға шақырамыз.
1 жүргізуші:
Енді ортаға №5 жұп — өз ісіне ұқыптылықпен бойлаған, қоғамдық істерге талпынған, қисық кетпес салтымнан, айтқан тапсырманы тындыратын ұдайы, сыпайы әкеміз Алтынбек Рауовұлы мен мектебіміздің ақылды оқушысы Мухамедшина Ақгүл «Ұстазым» әнімен ортаға қошеметпен шақырамыз.
2 жүргізуші:
Келесі кезекте №6 жұп – айтқан сөзі шынайы, мінезі сыпайы, сөзі алтын, көңілі жарқын Жаният Задыгерейқызы мен сынып белсендісі, сымбатты қызымыз Кеңес Ділназ «Асыл ана» ду шапалақпен ортаға шақырайық
1 жүргізуші:
Ортаға №7 жұп – өнебойы келбетіне сай түскен, қашпайтұғын тапсырылған бар істен, ренжімей күлімдейтін, ашуы еш білінбейтін, ұстаздардың көңілін жақсы істермен тарта алатын, атқарар ісіне жанын салатын атана Сағира Мамбетжанқызы мен екілік баға алмайтын, класс жетекшісінің соңынан бір елі қалмайтын, ісіне жауапты, білімге талапты шәкірт Қалыбай Арайлым «Ана туралы жыр» әнімен сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырамыз.
2 жүргізуші:
Ортаға №8 жұп — ісіне сөзі сай, ішкі дүниесі керемет бай, әдемі киім киісі, сыпайы жүріс-тұрысы, артық бір сөзі жоқ, бірақ атқарған ісіне ұстаздардың көңілі тоқ ата-ана Айнұр амангелдіқызы мен cүйікті де, сүйкімді, білгір де білімді оқушымыз Мурзалина Айгерім «Ақ тілек» әнімен қошеметпен ортаға шақырамыз.
1 жүргізуші:
Бүгінгі «Екі жұлдыз» ән байқауының қатысушыларын матапаттау рәсімін Мектебіміздің әдіскері Ерғалиева Мөлдір Төлегенқызына береміз.
2 жүргізуші:
Осындай той қазақта бола берсін,
Көңілдерге жақсылық тола берсін.
Бақ-береке, дәулет, табыс, денсаулық
Әр отбасына молымен қона берсін!