«Дала, шөл, шалғын табиғат аймақтары» дүниетану пәнінен қайталау сабағы
«Дала, шөл, шалғын табиғат аймақтары» дүниетану пәнінен қайталау сабағы
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Табиғат аймақтары туралы оқушылардың білімдерін қорытындылау, қайталау;
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын жетілдіру;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымда жұмыс істей білуге, өз ойын ашық айтып, біреудің пікірін тыңдай білуге, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Әдіс-тәсілдер: жекелей, жұппен, топтық, проблемалық сұрақ-жауап, әңгімелеу, пікірталас, СТО стратегиялары.
Сабақтың көрнекіліктері: тірек-схемалар, оқушылардың салған суреттері, карточкалар, перфокарталар, бағалау парағы.
Сабақтың барысы:
І.Қызығушылықты ояту.
Алдарыңдағы жасырынған «кереметтерді» көргілерің келе ме? Ендеше, мына сұраққа жауап беріңдер. (Табиғат көріністері бейнеленген суреттер жасырын орналастырылады. Сұраққа жауап бергеннен кейін оқушылар ашып көріп, табиғат көрінісіне қарай топқа бөлінеді).
- Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларын топтарға бөлу, сабақта жасалатын жұмыстардың мақсаттарын айқындау, бағалау парағын тарату, топ басшыларын тағайындау.
ІІ. Мағынаны ашу.
- Ауызша сұрақтар: Әр топтағы оқушылардың кеуделеріне номерлер тағылған, олар сол нөмірге сәйкес сұрақтарға жауап береді.
І топ «Шалғын» ІІ топ «Дала»
- Шалғын деген не? Дала деген не?
2.Көгал деген не? 2. Даланың түрлері.
3.Шабындық деген не? 3. Дала жануарлары.
4.Мал жемейтін өсімдіктер. 4. Дала өсімдіктері.
5.Шалғын жануарларын ата. 5. Шөл деген не?
6.Шалғын өсімдіктерін ата. 6. Шөлдің түрлері.
7.Шалғынды неге қорғау қажет? 7. Шөлдің жануарлары.
8.Шұбалшынның шалғынға пайдасы бар ма? 8. Шөлдің өсімдіктері.
- Тест жұмыстарын жүргізу:
- Қуаң даланың көрікті кезі: а) қыс ә) көктем б) жаз
- Ормансыз жазық алқап: а) шөл ә) дала б) шалғын
- Уақытша ұйқыға кететін аңдар: а)дала тышқандары, ә)қасқыр б)аю, суыр
- «Тік өскен пішен» деп аталатын шөп: а)шөл қияғы ә)қызғалдақ б)күріш
5.Тұқымынан ажыратылмаған мақта: а)таза мақта ә)шитті мақта б) мақта
- Семантикалық карта толтыру:
Аты | Тобы
| Мекені | Қорегі | ||||||
бунақ денелі | құс | балық | Су | ауа | Жер | жәндік | шөп | ет | |
Көбелек Бөдене |
Дұрыс жауаптардың тұсына + таңбасы қойылады.
- Жарнама Әр топ өз табиғат аймағын келген туристерге жарнамалайды.
(Жергілікті компонент материалдары пайдаланылды)
І топтың жарнамасы: Қош келіпсіздер, қадірменді қонақтар!
Сіздерді шалғын өсімдіктеріне бай Катон жеріне шақырамыз.
Шалғын біздің ауданымызда өте көп, әсіресе жайлауда, судың жағасында өскен. Шалғынды шөп тек қана әсемдік емес, бұл дегеніңіз, біріншіден, дәрілік өсімдіктер, біздің аймақта осы шөптерден әр түрлі дәрілер де жасалады. Шалғын дегеніңіз бұл барлық малға жазда жайылым, қыста жейтін шөп шауып алатын шабындық. Әр түрлі шөптен жиналатын балдың дәмін, иісін, қасиетін айтсаңызшы!
Шалғын шөптің ауаны қалай тазартатынын айтпасақ та түсінікті.
Құстардың әнін естіп, жаз бойы шалғындағы бүлдіргенді жегілеріңіз келсе біздің өлкеге келіңіздер!
ІІ топтың жарнамасы:
Қазақтың кең даласының барлық түрін көргіңіз келсе, яғни, қуаң даланы, шалғынды даланы, егістікті даланы, онда тура біздің ауданға келіңіз! Бізде жаңағы мақталған шалғынды жер тек қана жазда әсем болса, далада қыста да серуендеуге болады. Шана, шаңғы тебуден басқа, ат жарысы, түйе жарысы, шанамен жарысу сияқты спорт түрлері кеңінен таралған.
Кең даладағы төрт түліктің етінің, сүтінің пайдасын сіз де көре аласыз.
Қымыз, қымыран, шұбат, қазы-қарта дегенді осы далада өсірілетін малдан алынатынын білгіңіз келсе, кең далада аңшылықпен айналысып, көңіл көтергіңіз келсе, біздің ауданға келіңіз!
- РАФТ стратегиясы (р-роль, а-аудитория, ф-форма, т-тақырып)
І топ Р- шалғынды шөп ІІ топ Р-ақбөкен
А-адамдар А- қасқырлар
Ф-хат Ф- өтініш
Т- қорғау Т- достық қарым-қатынас
І топ Шалғындық шөптер адамдарға өздерін қорғау туралы хат жазады.
Құрметті адамдар!
Сіздерге хат жазып отырған, шалғын өсімдіктері. Біздің пайдамызды сіздер жақсы біле тұра, үнемі малды бір жерге жаю арқылы бізді түп-тамырымызбен құртып жіберетіндіктеріңізді білмей қаласыздар. Сондықтан біздерді қорғауға алып, көбеюімізге жағдай жасасаңыздар екен.
Сәлеммен: шалғын өсімдіктері.
ІІ топ Ақбөкендер қасқырларға достық қарым-қатынас туралы өтініш жазады.
Дала жануары ақбөкендерден
қасқырларға
Өтініш
Құрметті қасқырлар!
Біздер, ақбөкендер және сіздер қасқырлар, «Қызыл кітапқа» енген табиғат бөлшегіміз. Сондықтан достық қарым-қатынас орнатсақ жер бетінен құрып кету қаупінен құтыламыз.
Өтініш иесі: ақбөкендер.
- Екі жақты пікір стратегиясы
І топ «Қасқырлар-табиғат бөлшегі, оларды қорғау керек»
ІІ топ «Қасқыр-табиғатқа зиян келтіреді, оларды құрту керек»
ІІІ топ Бейтарап топ.
Әр топ өз ойларын дәйектер,мысалдар арқылы қорғайды.
І топ: Қасқырлар-табиғат бөлшегі, оларды қорғау керек. Себебі, егер қасқырларды түгелдей жойып жіберсек, далада өлекселер, әлсіз, ауру аңдар қаптап кетіп, ауаны ластайды. Қасқыр осылардың барлығын жойғандықтан оны «дала санитары» деп атаймыз. Қасқыр жоқ болса дала тышқандары көбейеді. Ол дегеніңіз, біріншіден, ауру таратады. Екіншіден, егістіктерді құртады. Сондықтан қасқырларды қорғау керек.
ІІ топ: Қасқыр-табиғатқа зиян келтіреді, оларды құрту керек. Себебі, ауыл адамдарының күн көру көзінің бірі – малдарды жейді. Тіпті қасқырды жақсы көретін еш пенде жоқ. Ерте кезден-ақ оны «теріс ауыз», «ұлыма», «бөрі» деп өз атымен де атамаған. Болашақ ұрпақ оны кітаптағы суреті мен теледидардағы бейнесін көрсе де жеткілікті.Сондықтан қасқырларды құрту керек.
ІІІ топ: Екі топтың да пікірі дұрыс. Табиғи тепе-теңдікті сақтау – адамдардың міндеті.
ІІІ. Ой толғаныс
Оқушыларға табиғат туралы сөздері бар беттер таратылады. Ол беттермен
оқушылар өз ойларына келген түрлі әрекеттер жасап( жыртты, бүктеді, умаждады және т.б.), сол істеріне өздері баға берді. Екі топ мүшелері өзара ақылдасып, ортақ пікір айтты.
«Табиғатты көркейту де, мүлдем жойып жіберу де, яғни, табиғаттың тағдыры адамзаттың өз қолында».
- Оқушы білімдерін бағалау (Бағалау парақтары бойынша топ басшылары қорытынды баға шығарады)
- Үйге тапсырма беру.
1 топ. Өзіңді қоршаған табиғат туралы сурет салу.
2 топ. Жергілікті жердегі орман-тоғай, таулы аймақтарда өсетін өсімдіктер мен мекендейтін жануарлар туралы мәліметтер әзірлеп әкелу.
3 топ. Жергілікті жерді мекендейтін жануарлар мен өсімдіктерге сөзжұмбақ, ребустар, шығарма, өлеңдер әзірлеп әкелу.
Қаирдолдина Гульназ Нургуметовна
Чернова орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Шығыс Қазақстан облысы
Катонқарағай ауданы
Аққайнар ауылы