Аулақ бол жаман әдеттен
Сөзімді еске сақта да, — Жетпей ме саған зейінің
Жауыңнан қорқып зытсаң да, Басқа зат бар ғой ойнасаң,
Оттан қарғып аттама! Белбеуді салма мойныңа!
5.Пілге қарап сабырлы 6.Қалталы қасқырға
Мүйізтұмсық жалынды: Жөн айтты таз тырна:
-Таянбашы жағыңды! -Дей берме «білем мен»
Отырма жүреңнен!
7.Ат тіл қатты Өгізге: 8.Жапалақ айтты ақылын
-Мені «жатым» дегізбе Қызғышқа келіп өтініп
Үйге жиі кел де, -Жайлап жүр, сөйле ақырын
Босағаны керме! Ысқырма үйде отырып!
9.Кейіді тентек Қонжыққа 10.Мысыққа Қанден жөн айтты
Керік-қамқор кәрі ана Жөн айтқанда дөп айтты:
-Болсада мейлі бал жұққан -Аузыңды ашып текке
Пышақтың жүзін жалама! Ақты жерге төкпе!
11.Ойнақтап жүрген өзекте 12.Кездесіп Барыс Маймылға
Бұрылып Қоян Көжекке Жүрмісіз деді- жай мұнда
Арқадан қақты : Бекерге сөйлеп, босқа айтпа
-Қой бала! Бөркіңді теуіп ойнама! Бейітке қолыңды шошайтпа!
13.Қолтырауын еңіремей тұра ма,
Дельфин айтты:
-Бейуақытта жылама!
«Түн» тобы:
1.Мәнісін біл байқа да, 2.Балта ұқтырды Араға
Өз ішіңнен қайтала -Сақта сөзімді есте
Піл ұқтырды Пілтайға: Өсіп тұрған далада
-Басыңды текке шайқама! Жалғыз ағашты кеспе!
3.Қошқар айтты Қошақанға 4.Ұқтырды Ешкі Лаққа
-Үйді айнала жүгірме! -Жөнді білмей лақпа,
Таңдайыңды қақпа
5.Бұзауға Бұқа ұрысты 6.Бота көріп Бұзауқанды жайлауда
Ұрысқаны дұрыс ты Шақырыпты бірге жүріп ойнауға
-Иығыңдағы бас па, тас па? Шөлдесең кел, науаға жақында
Отты шашпа, күлді баспа! Шелектегі суға аузыңды батырма!
7.Арыстан айтты Аюға: 8.Жайылып жүрген жотада
-Жадыңда сақта лайымда Ескертті Бура Ботаға
Әдептен озбауды ойла -Үлгілі сөзді ұмытпа
Қолыңды төбеңе қойма! Түкіре көрме құдыққа-
Есі жоққа ерме,
Езуіңді керме!
9.Ормандағы алаңда 10.Қарақұспен сөйлесіпті Қаршыға
Үйретті Ұлар Қабанға -Бұдан былай келісейік біз енді
-Қанша етке тойсаң да, Майға пышақ шаншыма,
Нанды баспа табанға! Құшақтама тізеңді!
11.Арыстан айтты Аюға 12.Түйеқұс кеп Тауыққа:
Әдепті болу жайында -Айтқан сөзге нан- деді
-Өзіңді өзің қыстама Еріккеннен жаныштап
Қолыңды артыңа ұстама! Көкті жұлма жердегі!
13.Көк Бөрі Бөлтірікке алаңғасар
Мұңая қарады да ойға кетті
-Байқамай аң да басар, адам басар
Пышақты шалқасынан қойма!- депті.
-Міне, балалар , осы аңдар айтқан тыйымдар мен ырымдарды күнделікті естеріңе сақтап , жаман әдеттен сақ жүріңдер.
Ойын. «Қандай аң?» қимылмен ғана көрсету.
-Кезекті әнге берейік.
- Мақал жалғасын табу.
1-топқа: 2-топқа:
-«Білімді мыңды жығар, …….» «Алтау ала болса, ауыздағы
«Арпа бидай ас екен, …………» кетеді, …………………………..»
«Еңбектің наны тәтті,…………» «Еңбек етсең ерінбей,……..»
«Оқу- ине ………………………….» «Әдепті бала арлы бала…..»
«Оқу- білім……………………..»
Топқа мақал қиындысын беріп, құрату, мазмұнын түсіндіру.
Жанкүйерлерге жұмбақ жасыру.
3-бөлім . Сахыналық қойылым.
1- топ . «Шық бермес Шығайбай мен Алдар» аңызын сахыналайды.
2- топ. «Өлген қазан» ертегісін сахыналайды.
«Қыс» тақырыбы бойынша кезектесіп бір-бір сөйлемнен жазып, әңгіме құрастыру.
Жанкүйерлердің қорытынды тақпақтары:
1-оқушы : «Жақсы сөз жарым ырыс» дейді халық,
Әрқашан жүргей соны еске алып!
2-оқушы: Білер қазақ баласы
«Сәлем- сөздің анасы»
3-оқушы: «Жылы киім-тәнді жылытар, Жылы сөз- жанды жылытар»
Ендеше, сұрай қалсаң «өтінем»деген ізгі сөзді айтуды ұмытпа!
4-оқушы: «Алмақтың да салмағы бар» «Рахмет» деген алғыс сөзді жадыңнан шығарма!
5-оқушы : Біреуді байқамай қағып кетсең немесе ренжітіп алсаң, сол жерде кешірім сұра, қиын емес.
6-оқушы: «Тәні саудың-жаны сау» Үнемі мұнтаздай таза жүруді әдет қыл.
7-оқушы: «Жалқау-жарты кісі», «Жалқау-өзіне жау» дейді халық.Осы сөзді тыңдап, жалқаулықтан аулақ бол!
8-оқушы: «Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің». Қанатты сөзді есіңе сақтап, ас ішудің тәртібін сақта!
9-оқушы : «Әкеден –ақыл, анадан-мейір» деген. Ата-анаңды құрметте, бауырларыңды сыйла. Олар саған ең жақын адамдар.
10-оқушы: «Әдепті бала-ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар»дегендей, әдепті бала болуға тырысыңдар.Қуаныш та, бақыт та сенімен бірге болады.
11-оқушы: «Сақтықта – қорлық жоқ!» Ендеше, жаман әдеттерден аулақ жүріңдер!
Қорытынды : 1,2,3
Дем аламыз жинап күш
Жақсы үйреніп салтымды
Жақсы оқимыз сабақты!
-Бүгінгі тәрбиелік сағаттан өзіңе не алдың?
-Әсіресе не ұнады ? Неге?
-Алда тағы қандай тақырып туралы білгің келеді? Сұрақтары бойынша бекітіп, қорытынды жасау.