16 желтоқсан -Тәуелсіздік күні Тақырыбы: Тәуелсіз елдің ұланымыз.
16 желтоқсан -Тәуелсіздік күні
Тақырыбы: Тәуелсіз елдің ұланымыз.
Мақсаты: 1.Оқушыларға 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні туралы түсінік беру. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау.
- Оқушылардың ақыл, жігерінің дамуына әсер ету, сөйлеу тілін дамыту.
- Ата- бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд, шарлар, тәуелсіздік жолында күрескен ұлы тұлғалардың суреттері, қанатты сөздер.
Барысы:
І. Кіріспе бөлім. Сәлемдесу, түгендеу, сабаққа даярлау, керекті құрал-жабдықтарын түгендеу, зейінін сабаққа аудару.
«Көңіл толқыны» ойнап тұрады.
1-жүргізуші:
Данасы мен батыры көп қазақпын,
Көрген талай қияметін азаптың.
Ар шыңдаймын көк туымды шалқытып,
Жасай берсін, тәуелсіздік, азат күн!-дей отырып, «Тәуелсіз елдің ұланымыз» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші:
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.
3-жүргізуші:
Азат рухты риясыз, мен шын сүйем,
Тәуелсіздік-тәу етер жалғыз кием.
Жақсы күнге жете алмай шаһит болған,
Желтоқсан құрбанына басымды ием.
4-жүргізуші:
1986 жыл, 16 желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет араласқан күн еді.
Ұлпан:
Мұз жастанып азаттықтың жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың.
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Сұлтан:
Желтоқсан-ау, ұмытылмас жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке.
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке.
1-жүргізуші:
Желтоқсан-заман,толғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәті, үмітпен күдік, наланың.
Желтоқсан-Қайрат,Ләззат,Сабира,
Құрбаны болған жаланың.
2-жүргізуші:
Әлі де бостандық деп атар таңдар,
Ұшқынын бар әлемге апарғандар.
Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбиралар,
Осылар-Желтоқсанда қаһармандар.
Рахат:
Халықтың қабырғасы сөгілмесін,
Аналар ұлын жоқтап егілмесін.
Алладан ақ ниетпен тілейік біз,
Жазықсыз жанның қаны төгілмесін.
Елжас:
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Күн күркіреп, жалт ойнап, жеті күзге,
Жиырмасыншы жас ғасыр, дауыл ғасыр,
Қайторымен бірақ мен жүрмін әлі,
Жатқа неге есеміз жем болады?
Бекасыл:
Қалың елім қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,
Бір күн тыртың етеді, бір күн бұртың.
Бас-басына би болған өңкей қиқым,
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?
Айым:
Еркіндігім. Қасиетім. Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң.
Кеше сенің келбетіңді арман ғып.
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа,Еркіндік, қош келдің!
Ынтымақ:
Саясатқа сермей алмай семсерді,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді.
Желтоқсанда жалын атып жастығым,
Құрсау болған темір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды ма,
Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?
Уа,еркіндік, құның немен өлшенді!?
Арманай:
Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш,
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой маған,саған,оған да!
Ақзер:
22 жылдық-жаса, Тәуелсіздігім,
Өз қолыма берген ерлік тізгінін.
Ие болған әлем ілтипатына,
Дербес,бейбіт мемлекетпіз біз бүгін!
3-жүргізуші:
Тәуелсіз елім тірегім,
Өзіңмен мәңгі жүрегім.
Алаш жұрты аңсаған,
Орындалды тілегің.
4-жүргізуші:
Тәуелсіздік елімізге орнады,
Егемендік қуанышы тойланды.
Асқақтай бер тұғырлы менің мекенім,
Осы менің жалын атқан тілегім.
Жарқын:
Тәуелсіздік-ардақты асыл ұғым,
Тәуелсіздік-қасиетті ұқсаң сырын.
Тәуелсіздік-алған ел бақытты ғой,
Тәуелсіздік жайында-осы жырым.
Аяжан:
Тәуелсіздік-бақыты ғой елімнің,
Тәуелсіздік-шаттығы ғой жерімнің.
Қолға қонған бақ құсындай аялаған,
Бағы ғой теңдесі жоқ бұл елімнің.
Қарлығаш:
Жігер жыры, көзімізде от ойнап,
Бойымызда жас қайрат.
Алға басып келеміз,
Қолымызда-көк байрақ.
Айзада:
Төбемізде-Арай күн,
Рухымызда-бар Айбын.
Санамызға сіңірдік,
Дана сөзін Абайдың.
Дияс:
Сенім жыры, тәуелсіздік-тұмарым,
Бәйтерегім-шырағым.
Ел мерейін өсіріп,
Мен де шыңға шығамын.
Елнұр:
Еңбек етіп табысты,
Жібермеймін намысты.
Мен-әлемге танытам,
Қазақ деген халықты.
Әрлен:
Аймалаған күн нұры,
Лайланбасын тұнығы.
Берік болсын мәңгілік,
Тәуелсіздік тұғыры.
Жәмила:
Ел мерейі еңселі,
Жарқын өмір-ертеңі.
Айналғандай шындыққа,
Бір ғажайып ертегі.
1-жүргізуші:
Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Алтын заңың құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын алыбым!
2-жүргізуші:
Барша қауым бейнеттен арылғанда,
Жаңа ғасыр есігі ашылғандай.
Елбасы тыным таппай ел кезіп жүр,
Ел үшін Асанқайғы бабасындай.
Айдана:
Елімде бейбіт заман болсын,
Тілеймін саған бақыт қонсын.
Ел ағасы, ел басшысы,
Нұрсұлтан Назарбаев атам аман болсын.
Нұрдана:
Біз-біргеміз, біз-біргеміз,
Берік-іргеміз, бірге-тілегіміз.
Ар,Иман-тірегіміз,
Елорда-жүрегіміз.
Біз-біргеміз.
3-жүргізуші:
Осындай еркіндікті ел тілесін,
Бақыт құсы бағымызға еркін келсін.
Ал,енді Тәуелсіздік құтты болып,
Көк байрақ, мәңгі- бақи желбіресін.
4-жүргізуші:
Намыты от жалынға шыңдайық біз,
Қайраттың ерлігіне лайықпыз.
27 жыл толған Желтоқсанға,
Әумин, қабыл болсын, жыр-әніміз!
«Елім менің» әні орындалады.
Айбек:
Желбіресін байрағың желді күнде,
Биіктесін мәртебең, елдігің де.
Таныта бер, ұлы тіл, бар әлемге,
Керегіңнің кеңдігін де теңдігін де,
Аңсар:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс,
Егемендік- ел бақыты, ертеңі
О. Халайық! Құтты болсын, қуаныш!
Барлық жүргізушілер:
Біз қазақпыз!
Есігі ашық төрі кең,
Жылап өттік жылдар өмір өрінен.
Жетер енді, желпінейік, қарайық,
Мына өмірге иегердің көзімен!
Мұғалім сөзі: Осыдан 22 жыл бұрын егемендігімізді жариялап, Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл-ғасырлар бойы біздің, яғни қазақ халқының аңсаған арманы еді. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім егемендігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы елі үшін еңбек еткенағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Осындай нұрлы күнге қол жеткізгеніміз-Желтоқсан оқиғасының нәтижесі.
Желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың қайсар ұлы-Қайрат Рысқұлбеков халқымыздың ұлттық батыры ретінде өз есімін ел жадында мәңгілік жазып кетті. Он екіде бір гүлі ашылмай қыршын кеткен Асанқызы Ләззаттың, Сыпатайұлы Ерболдың, Мұхаметжанқызы Сәбиранаың, Ноғайбайұлы Қайраттың аңсаған армандары мен үміт-тілектері арқасында бұл күнде көк туымыз асқақ желбіреп тұр! Бір ғана өкініштісі, ол азаматтық үшін жан аямай алысқан сол боздақтардың бүгінгі бақытты сәтімізді көре алмауы. Қуанышты күннің шуағына куә болып, ортақтаса алмауы. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз өнер-білім, мәдениет пен ғылымның ордасына Тәуелсіз ел екендігімізді, ең алдымен, өзіміз ескеріп, өзіміз мақтан ете білуіміз керек.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай!-деп тілей отырып, мына өлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста.
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата-баба рухына.
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағатты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ- болар елдің ертеңі.
Еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек етіп, оқу оқып, білім игеруі қажет. Жас Тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасының беки түсуі, ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту- ең басты парызымыз деп түсінуіміз қажет.
1-жүргізуші: Біздің еліміз жылдан-жылға, күннен-күнге өркендеп, өсіп кеңейіп, гүлденіп келеді. Олай болса, Қазыбек би атамыздан ақ тілек сұрайық!
Басшыларымыз алысты көрсін,
Жекешелеріміз табысты болсын!
Қыздарымыз саналы, сұлу болсын,
Ұлдарымыз намысты болсын!
Қалада, мейлі қырда болсын!
Келген-кеткен ырза болсын!
Теңгеміз теңдік сақтайтын болсын!
Баға сөмкемізге сыймайтын болсын!
Халқымыз ғасырлар табалдырығын,
Қазақша сөйлеп, аттайтын болсын!
Әумин!
2-жүргізуші: Амин,ата айтқаныңыз келсін! — Тәуелсіздігіміз тұрақты болсын! Осымен, бүгінгі біздің «Тәуклсіз елдің ұланымыз» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Келіп, зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!