Келер шақ
20.02.2015 ж
Сабақтың тақырыбы: Келер шақ.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Етістік туралы білімдерін кеңейту. Етістіктің өткен, осы және келер шақ түрлерімен таныстыру.
2. Дамытушылық: Танымдыққа біліктілікке, тіл байлығын, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, мейірімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: сұрақ — жауап, топтық жұмыс.
Көрнекілігі : интерактивті тақта, суреттер, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастырукезеңі.
Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім !
— Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі- туған тіліміз-қазақ тілі сабағы. Біз балалар бүгінгі өтіп жатқан сабағымызды «Ғылымға көңіл бөлсеңіз» атты он күндігімізге арнаймыз.
— Олай болса, балалар бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл — күймен бастайық, әрбір ісімізге мұқият болайық.
ІІ Үй тапсырмасы
42-жаттығу. Суретке қарап әңгіме құрастыру.(4-5 оқушыдан сұрау)
Өткенді пысықтау.
— Балалар жылдың қай мезгілі? (Қыс)
— Қыста ауа – райы қалай өзгереді?
Күн суытады, қар жауады, боран соғады, қырау түседі, аяз шымшылайды, су қатады.
— Енді өздерің айтып шыққан сөздерің заттың несін білдіреді? (қимылын)
— Қазақ тілінде заттың қимылын білдіретін қандай сөз табы? (Етістік)
-Етістік дегеніміз не? (Оқушының жауабы)
— Етістік қандай сұраққа жауап береді?
— Етістік іс — әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді.
Етістіктің түрлерін ата. (Оқушының жауабы)
ІІ. Жаңа сабақ.
— Балалар жылдың неше мезгілі бар.
— Күз.Қыс. Көктем. (жыл мезгіліндегі өзгерістерді айту )
— Етістік іс — әрекеттің жүзеге асу мезгілін білдіреді. Осыған байланысты бүгінгі біздің жаңа сабағымыз:
Алдымызда жылдың қай мезгілі келе жатыр? (көктемнің суретін слайд)
Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : « Келер шақ»
— Алдымен, балалар шақ деген сөзді қалай түсінеміз?
Шақ дегеніміз – мезгіл, кезең,
-Қазір сіздердің қандай шағыңыз ? (Бақытты балалық шақ.)
-Ал қай шағыңыз өтіп кетті ? ( 6-7 жас аралығы балдырған сәби)
-Алдымызда келе жатқан шағымыз қандай ? (8-12 ойын баласы.13-15 ересек бала болып есептеледі.)
Шақ – іс – әрекетті, қимылды білдіреді.
Шақ деген көп мағыналы сөз. Мысал келтір ауызша .
Келер шақ мезгілді білдіреді?
1 — слайд (Етістіктің үш шағына байланысты суреттер көрсету) Жыл мезгілдері туралы.)
Әр суретке сөйлем құрап, іс — әрекеттің қай мезгілде болғанын анықтау.
1 — суретте іс — әрекеттің болып кеткендігі көрсетіледі (өткен шақ)
2 — суретте іс — әрекеттің нақты қазір болып жатқанын көрсетеді (осы шақ).
3 — суретте іс — әрекет әлі жүзеге асқан жоқ, болашақта болатыны айтылады(келер шақ).
2 — слайд
Дәптермен жұмыс.
Келер шақ.
Көркем жазу: Оо дауысты жуан. Оо дыбысынан басталатын келер шағындағы етістікті ойлап жазамыз.
(Отырады, ойлайды, ойнайды, оқиды.)
Оқулықпен жұмыс.
43 — жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқы.Етістіктерді тап. Олар қашан болатын істі білдіріп тұр. (Автор туралы мәлімет беру) Нұрсұлтан Ғалымбекұлы .
Білімменен жұпар жинайын,
Еліме бақыт сыйлайын.
Жүрекпен сүйіп Отанды,
Жүрекпен мәңгі жырлайын.
Отаным гүлге бөленсін,
Өзге елдермен теңелсін.
Амандық болса ағайын,
Бәрін де бірге көрейін.
Іс — әрекеттің алдағы уақытта болатындығын білдіретін сөйлемдер:
1. Кешке теледидардан ақпарат хабарын тыңдаймын.
2. Біз Астанаға қол өнер бұйымдарының көрмесіне барамыз.
3. Ата бабалардың өсиеті ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалады.
-Бұдан қандай қорытынды жасауға болады.?
44-жаттығу. Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырып жаз. Етістіктерді тап. Олардың қай жақта тұрғанын және қашан болатынын істі білдіретінін айт. «Кім шапшаң ойыны»
Мен көмектесемін Біз
Сен Сендер
Сіз Сіздер
Ол Олар
Ереже:
Келер шақ етістіктер іс –әрекеттің алдағы уақытта болатынын білдіреді.
Келер шақ етістіктер не істеймін? Не істейсің? Не істейді? Деген сұрақтарға жауап береді.
— Егер іс әрекет әлі орындалмағанын, келешекте орындалатынын білдірсе, онда ол келер шақ деп аталады.
Жаңа тақырып бойынша алған білімдеріңді тереңдете түсу үшін топқа бөлініп, тапсырмалар орындаймыз.
Қар, су тамшылары(жаңбыр), бұлт үшеуінің біреуін таңдап алып, топтарға бөлу.
Қар – осы шақ, күн — келер шақ, бұлт — өткен шақ.
45-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.Етістіктерді тап, қай шақта тұрғанын айт. (қайың туралы мәліметті толықтыру Қайыңның суреті слайд)
Қайың тез өседі. Одан алынатын нәрсенің бәрі де кәдеге асады. Оның бүршіктерінен дәрі-дәрмек әзірленеді. Бұтақтарынан сыпырғыш жасайды. Қайың ағашынан скипидар , спирт алады.
Кәдеге асады дегенді қалай түсінесің?
Сөздік жұмыс : кәдеге асады- жарамды деген мағына . Скипидар деген не?-сұйық зат. Химиялық құрамы бар.
. 46-жаттығу. «Сөз ойла, тез ойла»
Топтық жұмыс
Оқушылар бұл тапсырманы бірлесе орындау, ауызша сұрау. Берілген қима қағаздағы сөйлемдерден етістіктерді тауып, астын сызып, қай шақта тұрғандығын анықтау.
— Әр топтан сұралады.
Сергіту сәті.
Біз өнерлі баламыз. (өзін көрсетеді)
Шырқатып ән саламыз. (екі қолды жанына созады)
Би билейміз бұралып, (би қимылын көрсетеді)
Доспыз, тату боламыз. (барлығы қол ұстасып, жоғары көтереді)
Берілген үлгі бойынша етістіктерді үш жақта жазу.
Сөздер: сал, кел, бар, ал, жат, биле, секір, ойна
Слайдтан көрсету
Осы шақ, Өткен шақ, Келер шақ
Қалған топ оқушылары осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құру
48-жаттығу. Бағанның сол жағындағы сөздерді тиісті етістіктермен сәйкестендір.
Мәулен естідік
Ағаш басталған
Сабақ өсті.
Біз келді
Досы ақылдасты
III. Қорытынды. Сонымен балалар, етістіктің шағы дегеніміз не?
— Етістіктің неше шағы бар?
— Осы шақ іс — әрекеттің қай мезгілде өтіп жатқанын білдіреді?
— Өткен шақ пен келер шақ туралы не айтуға болады?
Семантикалық кестені толтыру
№— Мысалдар ———- Осы шақ ——— Келер шақ ———— Өткен шақ
1 Ол жазды
2 Сіз жазып отырсыз
3 Сұрақ қиын болды
4 Ол сонда оқымаған
5 Қар жауып тұр
6 Қыс суық болды
7 Ол келе жатыр
8 Кітап оқып отырмын.
IV. Үйге тапсырма. Ереже жаттау. 47-жаттығу . Сурет бойынша әңгіме құра.
V.Бағалау. (Сабаққа жақсы қатысқан оқушыны мақтап, мадақтау.)