Ең үздік актерлер
Сабақтың тақырыбы: Ең үздік актерлер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды актерлік шеберліктерін шыңдау,
шығармашылыққа баулу,өнерін шындау
Барысы:
Жүргізуші:
Ассалаумағалейкум халқым менің,
Ардақта дәстүріңді салтыңды елім
Мереке басы болсын берекеңіз
Игі еңбектің жемісін бәрі көрсін дей келе бүгінгі театр туралы айта кетелік.
Жүргізуші:
Театр (грекше theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық) – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.
Жүргізуші:
Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады.
Жүргізуші: Театр — күрделі интеллектуальдық гармониядан тұратын, үш жақтан бірдей қиыннан қиысқан сахналық өнер. Ендеше осы өнерді біздін бүгінгі сайыскерлеріміз қаншалықты көрсете алар екен тамашалайық.
Жүргізуші:
Ендше алдарынызда ………………………………………………………………………………………………………………………………………..
Жүргізуші:
Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Оның өзгеше бір қасиеті, яғни әрекетке құрылған табиғаты сахналық ойын-сауықтың мазмұн-желісі мен идеялық-эстетика негізін құрайтын драма арқылы ашылады.
Жүргізуші:
Сахынада қойылатын көріністер адамдардын ойын санасына қандай да бір әсер қалдыруы үшін қойылатын пиеса тартымды және актерлер де образға еніп ойнай білуінің де манызы зор екен.
Жүргізуші:
Ендеше келесі кезекте ………………………………………………………………………………………….
Жүргізуші:
Поэзия,досым менің күй аңсаған,
Өзімді ,өмірімді қиям саған.
Шағымда шабыттанған,
Шапағың бар шаттығын құяр маған ,- демекші жазушы шығармашыл Мұқағали, Мұхтар ағаларымыз сияқты ағалар жолын қуатын жастар қатары арта берсін.
Жүргізуші:
Өнер, білім үйреніп
Шыңына өмір шығыңдар.
Ата анаңды қуантып,
Мақтаны болып тұрыңдар,- деп бүгінгі сахнада өнер көрсеткен өнерпаздарға рахметімізді айта отырып бүгінгі сайысымыздың қортындысын айтуға әділқазыларға сөз кезегін берелік.