Математика. Өткенді қайталау / 3 кл./

Сабақтың тақырыбы:  Математика.  Өткенді қайталау  / 3 кл./

Сабақтың мақсаты: а) оқушылардың математикадан алған білімдерін тереңдету, өткен тақырыптар

бойынша білімдерін пысықтау;

ә) өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін, логикалық ой-өрісін дамыту;

б) ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, ұтқр ойға, ұтымды жауап

беруге баулу.

 

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, семантикалық карта

Түрі: жарыс

Типі: қайталау

Әдісі: топтық жұмыс, ой қозғау, қызығушылығын ояту

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Психологиялық дайындық

Армысың, асыл күн!

Армысың, асыл жыр,

Армысың, көк аспан,

Армысың, жан досым,

Жылуыма жылу қос

Міне, менің қолым бос.

ІІІ. Өткенді қайталау

Енді бүгінгі сабағымызда топқа бөлініп, жарыс түрінде өтеді.


                           І топ

                     Тапқырлар

Біздер тату баламыз,

Өсіп алға барамыз.

Есептерді шығарып,

Білімді шәкірт боламыз.

 

                     ІІ топ.

Ойшылдар

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың салар табылатын қасыңнан.

 

  1. Қызығушылығын ояту.

«Миға шабуыл»   (ауызша)

 

 

 

 

  1. «Кім шапшаң?» ойыны

 

— 0-ді санға көбейткенде неше шығады? (0)

— 10х10 көбейтіндісі?  (100)

— Автобусқа 9 адам мінді, түскенде одан 3 есе артық. Неше адам түсті? (27)

— Көбейту амалының компоненттерін ата

— Бөлу амалының компоненттерін ата

— Тік төртбұрыштың қабырғаларының ұзындығы туралы не білеміз? (тік төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең)

— Шаршының қабырғаларының ұзындығы туралы не білеміз? (шаршының барлық қабырғалары тең)

— Тік төртбұрыштың ауданын қалай есептейміз? (ұзындығын еніне көбейтеміз)

— Тік төртбұрыштың периметрін қалай есептейміз? (барлық қабырғаларын қосамыз)

 

  1. «Тапқыр болсаң, тауып көр»

Теңдіктер тура шығатындай қажетті сандарды алып, орнына қой (орындарынан)

 

         І топ

9 х 8 = 8 х ?

9 х 8 = 9 х 7 + ?

6 х 9 > 5 x 9 + ?

42  >  4 + ?

82  +  62  <  92  + ?

ІІ топ

6 x 8 > 6 x ?

7 x 5 < 5 x ?

24 : 3 > 24 : ?

92  <  9 + ?

52  +  42  >  32  + ?

 

 

  1. «Кім жүйрік?» (тақтада) (кітаптан №4 154бет)

А) Қ.Б. – 6х5

Е.б. – 9х9

Шешуі: 6х5+9х9=111

Жауабы: 111түрлі түсті қағаз парағын сатып алды.

 

Ә) Жұмсады – 5 (п)

Қалды – әрқайсысы 2 (п) қызыл, көк, жасыл

Болды — ?

Шешуі: 5+2+2+2=11

5+2х3=11

Жауабы: 11парақ қағаз

 

Сергіту сәті

Шаршасаңдар балалар,

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар

Қолдарыңды сермеңдер!

Денелерің шынықсын

Саналарың тынықсын.

 

  1. Семантикалық карта

 

931757850941753951
1000 – 49
454 + 299
1000 – 69
459 + 391
1000 – 59
258 + 499

 

 

  1. «Кім ойшыл?»

 

а 1 2 0 5 6 7 8 9
45 + а
а х 8
7 х а

 

  1. «Кім жылдам?» (тақтада) (№2 кітаптан  154бет)

 

 

8х6 – 9=39

8х8+36=100

8х9+28=100

16:2х8=68

60 – 8х4=28

8х7 – 28=28

12+8х5=52

24:8х4=12

72:8+25=34

64:8 – 8=0

48+48:8=54

100 – 56:8=93

 

 

  1. Өзіндік жұмыс (тест тапсырмалары)
  2. Мақтау, бағалау.
  3. Үйге тапсырма №7 (155бет).