Химиялық кеш «Галогендер»
Химиялық кеш «Галогендер»
Кештің жоспары:
- Баяндама
- Галогендер атты әдеби монтаж
- «Химияның қызығы» атты тәжірибелер
- Химиялық викторина сұрақтары
- Концерт, химиялық би.
Көрнекілік кұралдар:
Менделеев таблицасы, атақты химик ғалымдарының портреттері.
Кеш тақырыбына байланысты сөздер жазып ілу.
Баяндама
Фтордың қосылыстары ертеден белгілі болды, бірақ мұны алу жолында талай ғалымдар қаза тапқан. Фтордай зиянын тигізетін ешбір элемент жоқ, оның зерттеуші ғалымдарға келтірген қиындығы толып жатыр. Одан Германия ғалым академиясының мүшесі Томас Нокс мүгедек болып қалды. Нансидің атақты химигі Никле көп ауырып, соның зардабынан ол да қайтыс болды. Францияның атақты ғалымы Гей-Люссак ағылшын ғалымы Дэви фтормен уланған болатын. Осылайша көп ғалымдар соңына түссе де, ұстатпай жүрген фторды ақыры 1886 ж француз химигі Анри Муассон ашты. Фторға ат берген Ампер. Фтор сары жасыл газ. Фтормен істегенде сақтық ережелерін қатаң сақтау керек.
1774 жыл химиялық элементтердің ашылуына сәтті жыл болды. Хлорды таза күйінде 1774 жылы Шиеле алады. Шиеле пиролюзит пен тұз қышқылын қыздырып реакцияластырып, одан шыққан газды жинап оның түсін, иісін әрекетшілдігін тағы басқа қасиеттерін зерттейді. Шиеленің түсінуінше, Хлор жәй зат. Шиеленің мұндай түсінігін сол уақыттағы атақты химиктер Лавуазье, Берцелиус мақұлдамаған. Лавуазье де Берцелиус те заманында прогресшіл болған ғалымдар. Лавуазьенің, Берцелиустің түсіндіруіне сүйеніп, ғалымдар бұл газды тотыққан тұз қышқылы, яғни тұз қышқылының оттекпен қосылысы деп ойлады. Оның құрамынан жаңа элементті айырып алмақ болды.
Сөйтіп химия тарихында Лавуазьенің беделі Шиеленің дұрыс пікіріне қиянат жасады. 1809 жылы Гей-Люссак пен Тенар тотыққан тұз қышқылынан оттегін таппақ болып, оны қызған фарфор түтіктен көмірдің үстінен өткізеді. Алайда түтіктен шыққан газ да, көмір де өзгеріссіз қалады. Дэви бұл тәжибелерді қайталап осыдан келіп тотыққан тұз қышқылы дегеніміз жәй зат деген қорытынды жасап, Дэви оған түсіне қарай хлорин, хлорлы газ деген ат береді. Хлорос – грекше сарғыш жасыл деген сөз. Сөйтіп 1774 жылы ашылған хлор беделге бағынушылықтың әлегінен 36 жыл бойы таласта болып, өзінің правосын кейін женіп алды. Хлордың сілтілік металдармен онай қосылып, Хлоридтер түзу қасиетіне қарап, Швейгер 1811 жылы галоген деген ат ұсынды. Галоген грек аударғанда тұз жасаушы, тұз тудырушы деген мағына береді.
Бромның ашылу тарихы. Бромды 1825 жылы француздың жас ғалымы ашқан А.Ж.Болар. Болар орта мектепті бітіргеннен кейін проф. Ж.Ангаданың қолында жәй препаратор болып қызмет істейді. Бірақ ол жаратылысында түртіншек, әуесқой Адам еді. Әуелде ол шалшықтардың ащы суын зерттейді. Суды суалтып, ас тұзы кристалданып болған кезде, ол суда натрий сульфатының қалғанын байқайды. Сондықтан жас ғалым мұндай қалдық суды зерттеп, оған хлор жіберіп көреді. Сөйтсе, ол қызыл-қоңыр түске боялып кетіпті. Содан кейін Болар теңіз суымен де тәжірибе жасап байқайды, сөйтіп одан да қызықты нәтижелер алады.1825 жылы Болар ашқан жаңалығы жайлы ғылым академиясына хабар жеткізеді. Болардың хабары жетісімен Париж ғылым академиясына тексеру коммисиясын сайлайды. Гей –Люссак, Тенар, Болардың хабарын жан- жақты тексеріп, оның жаңа элемент ашқандығын куәландырады, оған бром деген тын да осы ғалымдар қояды. Немістің атақты химигі Либих Болардың бром ашқандығын естісімен лабораториясында көп уақыт тұрған үстіне хлор мен иодтың қосылысы деп жазылған шөлмектегі сұйықтықты зерттеуге алады, сөйтсе сол екен. Либих бұған уақытында көңіл аудармағанына қатты өкініп, соншалық үлкен ғылыми табыс қолында бола тұра, оның абыройы, атағы бұрын ешкімге белгісіз Боларға бұйырғанына ызаланып «бромды ашқан Болар емес, Боларды ашқан бром» — депті.
Иод бір қызығы бұл элементті сабын қайнатып, селитра жасайтын фабриканың иесі Куртуа 1811 жылы ашқан. XIX ғ басында Наполеонның басқыншылық соғысына көп мөлшерде оқ-дәрі керек болды. Оқ –дәрі жасау үшін калий селитрасы керек еді, оны бұрын үнді елінен алдыратын. Алайда Үнді елінің қоры сарқылған кез еді. Сақар деген бос жатқан тұз емес, оны бір елдерде ағаш күлінен, ал Францияда теңіз балдырынан жинап кептіріп өртеп, оның күлін шаймалап барып алған Куртуа аптека ұстайды екен. Қосымша әуестігі сақар алу болыпты. Ол бірде күл шаймалаған қазанның түбінде жаңа тұз қалғанын байқайды. Оған алдымен күкірт қышқылымен әсер етіп көреді, сөйтсе одан будақтап күлгін түсті бу шығыпты. Бұл жаңа затты Гей-Люссак иод деп атайды.
«Галогендер» атты әдеби монтаж
Периодтық системаның бірінші топшасында орналасқан төрт элемент фтор, хлор, бром , иод . Хлор, фтор –газ, бром-сұйық, иод-қатты.
Бұлар галогендер деп аталады «Галос» тұз түзуші деген сөз шынында бұл төрт элемент металдармен қосылып, тұздар түзеді. Ол тұздардың адам баласының өмірінде зор маңызы бар.
Бастаушы:
Ғалымдар іздеп жаңалық
Элемент ашты сан алып,
Олардың бәрін білеміз.
Тұр кестеде қамалып.
Галогендер қатары
Жақындар бері келіңдер
Таныстырып біздерге
Сыр шертіп бір беріңдер.
Жұрттқа әйгілі кесірі
Галогендер өкілі
Тоғызыншы торға қамалған
Фтор сері мен болам
Иісім күшті, сары түсті
Активтігім керемет
Мендей ылаң, зиян қылған
Болмаған еш элемент
Талай ғалым қиған жанын
Мені табу кезінде
Сутегін мен шын көңілмен
Қосып алам өзіме
Аспанға аттым аспаптарын
Дэви, Нокс,Георгтың
Сөйтіп жүріп, Муассон атты
Ер ғалымға жолықтым,
Тұзымды алып, жолықтым
Электролиз жолымен
Аты шулы, аса улы
Таза заты алынды
Тұрмасын тек, ыдысты жеп
Зығыр қылдым әркімді
Сондықтан мен шыны жеген
Озбыр газбын әйгілі
Баяндадым мен достар
Азды-көпті сырымды
Сөз берейін ендеше
Жетекшіміз сөз ертекте !
Бастаушы:
Жетер фтор!
Күшіңе де ісіңе де
Қауым берер төрелік
Келші, бері хлор енді
Сені тыңдап көрелік
Хлор:
Газбын өткір иісті
Салмағым ауыр ауадан
Өткен талай соғыста
Тұншыққан менен талай адам
Емеспін мен зиянды
Жақтарым көп пайдалы
Білесің бе ас тұзын
Көрдің бе онсыз ас ішіп
Қосылысыммен күміспен
Фото қағаз жасайды
Кальций менен қоспамнан
Кептіргіштер жасайды
Сынапты қоспам бар жерде
Бактерия болмайды
Жерде де, мухитта да, көлде де
Кездесем дала мен шөлде де
Бос жүру жағына осал ем
Қосылам бар жерде металмен
Глаубер де, Шиеле де, Пристли де
Алам деп өзімді бос күйде
Жұмсаған ұзақ жыл еңбегін
Мен де алғаш ешкімге көнбедім
Ақыры ғалымға бағындым
Жап – жасыл газ болып алындым
Түсімнен хлор деп атайды
Көп улы препарат жасайды
Суды мен микробтан тазартттым
Матаны қарайған ағарттым
Қағазды, каучукты, дәріні
Алуда мені адам жараттың
О адам! Бірақ сен кенеттен
Өзіңе жау қылдың аздаған
Мен түзген фосген мен иприттен
Жасадың қырғынның қаруын.
Бастаушы:
Газ күйінде кездесетін
Фтор, хлор сөйледі
Галогеннің сұйық түрі
Бром сөйле, сен енді
Бром:
Айтуға өзім қаймығам
Атым нашар қойылған
Сұйықпын иісім жағымсыз
Ғалымдар маған сондықтан
Сасық деп ерекше ат берген
Талай сыр бар өзімде
Қолданам дәрі дәрмекте
Менің көмегіммен түсірілген
Келеді көп адам
әсерлі киноны көрмекке
Ашуланған адамның зілін басар
Мен әйгілі броммын көңіл ашар
Байсалдылық беремін ашушанға
Болсамдағы сұйықтық иісім нашар
Қосылыс болып кездестік табиғатта
Металменен тұз түзіп әр уақытта
Фото ісінде кең түрде өріс алған
Күміс тұзым сезімтал ақ жарыққа
Мені алғаш бос күйінде Болар алды
Бұл еңбек ерекше бағаланды
Мені шашып АҚШ-та полицейлер
Демонстрация топтарын жазалады.
Бастаушы:
Жеке –жеке галогендер
Қасиетін жыр етті
Осылардың кіші інісі
Тыңдайықшы иодты
Қажет болған ұдайы
Медицина құдайы
Иод енді, сен сөйле!
Иод:Күлгін түсті кристалды денемін
Көп жылдардан пайдаға асып келемін
Соғыста жарақат алған адамнын
Қансыратпай өмірін сақтап қалғанмын
Кездесетін изотопым тым көп-ақ
Еріп жүрген теңіз мухит суыңды
Қыздырсаңыз сұйылмастан бірден-ақ
Айналамын күлгін иод буына
Әсер еткен өсуіне органның
Көремін мен құрамына гормонның
Мен жетпесем, дендерің сау болмайды
Мойыныңа үлкен бейнет орнайды.
Бәрі тұрып, бір дауыспен:
Тұз түзетін элементпіз
Пайдалымыз бәріміз
Тыңайтқышпыз бәріміз
Кейбіріміз дәріміз
Гүлдетеміз бау-бақшаны
Көбейтеміз дәнді біз
Осы тұрған төртеуіміз
Бәріміз де достармыз
Адамға түрлі нәр беріп
Игілігін қоштармыз
Химияның қызығы атты тәжірибелер
- Отсыз түтін
Керекті құралдар: екі цилиндр қақпағымен 25% аммиактың судағы ерітіндісі концентрациялы тұз қышқылы.
Цилиндрдің біреуіне бірнеше тамшы концентрациялы тұз қышқылын құямыз ал екіншісіне аммиак ерітіндісін. Екі цилиндрдің аузын қақпақпен жауып бір-бірінен алысырақ қоямыз. Опытты көрсетер алдында цилиндрдің бос екенін көрсету алдында цилиндрдің бос екенін көрсету керек. Ішінде тұз қышқылы бар цилиндрді алып түбін жоғары қаратып төңкеріп ішінде аммиак бар цилиндрдің үстіне қоямыз. Қақпақты алып тастаймыз осы кезде ақ түтін пайда болады.
- Суда қағаздың жануы
Керекті құралдар: Үлкен фарфор тегеш, натрий асқын тотығы фильтр қағазы.
Форфор тегешке фильтр қағазын натрий асқын тотығымен сулап саламыз да болған қоспаға бірнеше тамшы су тамызамыз осы кезде қағаз түтіндене бастаймыз.
- Сіріңкесіз от жағу
Ағаш үгіндісін натрий асқын тотығымен араластырып мақтаны сулап саусақтың арасына салып көрермендерге білдірмей қоспаның үстіне тамызамыз осы кезде аз мөлшерде қопарылыс беріп түтіндей бастайды.
- Мысты күміске айналдыру
Керекті құралдар: мыс пластинка санап нитратының ерітіндіс форфор тегеш, қысқыш, тазалағыш қағаз.
Мыс пластинканы тазалап фарфор тегешке сынап нитраты ерітіндісін құямыз да, мыс пластинканы салып қоямыз. 1-2 минуттан кейін пластинканы қысқышпен аламыз да, кранның астында сумен жуамыз, пластинканы фильтр қағазбен құрғатып сүртеміз, пластинканың үстіне сынап қонып күміске айналады.
Химиялық викторина
- Қандай жер қарапайымдылар атымен аталады. (инфузор жері)
- Қандай заттың аты бірінші буыны спорттың бір түрін білдіреді (боксит)
- Қандай заттың аты соңғы буыны спорттың бір түрін білдіреді (парафин)
- Қандай химик ғалымдарды білесіңдер?
- Төменде берілген күрделі заттар формуласынан элементтердің валенттілігін анықтаңдар K2Cr2O7, Zn(NО3)2, KMnO4, Al2(SO4)3
Кештің қорытындысында жюри мүшелері викториналық сұрақтарды дұрыс шешкен, химиялық тәжірибелерді шебер орындаған оқушыларға және химиялық ойындар мен химиялық биге белсен қатысқан оқушыларға сыйлықтар тапсырады.