«Бұрымды қыз» 9-11сынып оқушыларына арналған сайыс кеші.
«Бұрымды қыз»
9-11сынып оқушыларына арналған сайыс кеші.
Сайыс кештің мақсаты: Оқушыларды әдемілікке,мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Оқушылардың әртістік қабілетін,досшылдығын,
өзгешіліктерін дамыту.
І жүргізуші: Армысыздар ағайын,құрбы-құрдас!
Бармысыздар жан күйер,әр қауымдас!
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғайық!
ІІжүргізуші: Біздерде ойын-сауық басталады,
Тамаша күй тартылып,ән салады.
Қошеметтеп,қол соғып отыралық,
Ұмытарсыз күн бойғы шаршағанды.
І жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаздай күліп жайрандаған.
«Қыз өссе елдің көркі»деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам- дей отырып
Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Бұрымды қыз» атты байқауға қош келіпсіздер!
ІІ жүргізуші: Шық аруым жарысқа,
Бір-бірінен қалыспа.
Өнерінді байқасын,
Мына отырған халықта- демекші бүгінгі мектеп байқауымыздың аруларын ортаға шақырамыз. (арулар ортаға кезекпен шығады).
І жүргізуші: Сайыс бағдарламасы 6 байқаудан тұрады.
- Өзін-өзі таныстыру
- Шаш үлгісі
- Викторина
- Өнер сайысы
- Модельер
- Ең ұзын бұрым
І жүргізуші: Әділ-қазы береді,
Өздеріне сыйлықты.
Бізге айтып береді,
Кім өнерші? Кім мықты?- дей отырып әділ қазылар алқасымен таныстырайық.
ІІ жүргізуші: Қазағымның салт-дәстүрін сақтаған,
Осындай бір қыздар үшін мақтанам.
Жарасып тұр шашбау таққан бұрымы,
Көргенде ғой сені өсірген ақ мамаң.
І жүргізуші: Қазақ деген халықпыз,
Жиналыппыз жалпымыз.
Атадан қалған дәстүр ғой,
Таныстыру біздің салтымыз-дей отырып аруларымыз өздерің таныстырп өтсін. (арулар кезекпен өздерің таныстырады)
ІІ жүргізуші: Ақ ниетпен нәр алған,
Сенсіз менің өлеңім.
Әнге бөлеп әлемді,
Шымырлатып денемді,-дей отырып әнге кезек берейік.
І жүргізуші: «Қыз еркем,шашымен көркем»-ендігі сайысымыз қыздардың әсемдеп жасаған шаш үлгілерін тамашалайық.(арулар шаш үлгілерін қорғайды)
ІІ жүргізуші: Таусылмасын,ағытылсын ой көші,
Сайыскерлер қысылмасын сөйлесін.
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Арулардың шапшандығын сынайық.
Келесі сайыс «Викторина» (арулар конверт алады, ішіндегі номерлері бойынша жүргізуші сұрақ қояды)
№1 сұрақ А/ Құрлықтағы ең ірі жануар ? (піл)
Ә/ Сізді досыңыз дискотекаға шақырады.Ол сізді сағат 5-те алып кетпекші болады. Бірақ ол 1 сағат кешігіп, сағат 6-да келеді. Сіз не істейсіз? Барасыз ба, әлде бармай қаласыз ба?
№2 сұрақ А/ Бет-аузынан сүйеді,
Сүйген жері күйеді (аяз)
Ә/ Сіз мектепте келе жатқан кезде үстіңізге машина балшық шашып өтеді. Сіз не істейсіз?
№3 сұрақ А/ Тас болып туады,
Күл болып өледі (көмір)
Ә/ Сіз күні бұрын өз сүйікті әншілер тобының концертіне билет алып қойдыңыз. Сол баратын күні сіздің төте бір жақын құрбыңыз үйіне қонаққа шақырады. Сіз не істейсіз?
№4 сұрақ А/ Ұшқаны қызық жалылдап,
Өзі сондай қарқылдақ? (Қарға)
Ә/ Сіздің ата-анаңыз шашынды жаңа сән үлгілері бойынша қидырамыз деп сұлулық салонына апарды. Бірақ сіз шашыңызды қидырғыңыз келмейді, не істейсіз?
№5 А/ Кіп-кішкентай не керек,
Күші бірақ керемет? (құмырсқа)
Ә/ Сізді құрбы қызыңыз туған күніне шақырды.Бірақ,сіздің ата-анаңыз ол қызды ұнатпайды,сізге онда баруға тиым салады? Сіз не істейсіз?
№6 А/ Бәрін көреді,
Бірақ бірін-бірі көрмейді? (көз)
Ә/ Сізді киноға бас рөлге түсуге шақырды,бірақ бір шарты, бұрымынызды қысқарту керек? Сіз не істейсіз?
І жүргізуші: Құлақтан кіріп,бойды алар
Жақсы әнмен, тәтті күй.
Көнілге түркі ой салар,
Әнді сүйсең,менше сүй. (кезек әнде)
ІІ жүргізуші: Он саусақтан өнер тамған шебер болу керемет,
Өлең айтып,биді билеп, жасап жатсаң текемет.
Өнерінді көрсетші құрбыларым,кәнекей,
Аруларға сөз берелік жекелеп.
Келесі байқау «Өнерлі өрге жүзер». Бұл сайыста арулар өз өнерлерін көрсетеді.
І жүргізуші: Модельер болу оңай ма?
Қиналып жатсаң мұнайма.
Әр мамандық өзгеше,
Өз мәнінде ,шырайда,-деп келесі «Модельер»сайысына көшейік.
ІІ жүргізуші: Сіздердің алдарыңызда бірнеше заттар тұр: лента,газет,ақ бет, степлер,қыстырғыштар,гүл,белбеу т.б.. Сіздер 7 минуттың ішінде осы заттардан бас киім жасауларыңыз керек. Сонымен қатар оған ат беріп қорғайсыздар.
І жүргізуші: Ақ найзасы болмаса,
Ерді қайдан таңырсын.
Бұрымы ұзын болмаса,
Қызды қайдан танырсын- деп қазақ айтқандай ортаға аруларымызды шақырып,ақырғы сайысымыз «Ең ұзын бұрым » аруын тандайық.
ІІ жүргізуші: Әділқазылар осы сайыстың жеңімпаздарын анықтағанша, көрермендермен ойын ойнайық.
- Алдымда әр түрінен жібек жіптің,
Аспанға әшекейлеп кесте тікті (кемпірқосақ)
- Жауын жауса тысқа шығады,
Жаумаса оны бұрышқа тығады. (бұлт)
- Бұландаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы бар. (түлкі)
- Әрбір танды көк орманда атырған,
Өмір бойы өзін-өзі шақырған.(көкек)
І жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір-күрес,жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім,жеңілдім деп ренжіміген,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсан сен ұғатұғын.
ІІ жүргізуші: Жастық шақтың біз гүлдерін тереміз,
Бір мектепте бірге оқып,келеміз.
Ден сау болса, 1-2 жыл өткен соң,
Ұстазға бір жақсы жеміс береміз.
І жүргізуші: Ортаға әділ-қазылар алқасын шақырайық.
ІІ жүргізуші: Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шындай берсін,қалыспандар.
Көрерменім көбейсін күннен-күнге,
Келе берсін қонақтар ғарыштан да.
І жүргізуші: Осыменен сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!