Аралдарға саяхат Сыныптан тыс шара
Аралдарға саяхат
Сыныптан тыс шара
Мақсаты : балаларды шығармашылыққа баулу, ұстаз ,ата-ана мен байланысты нығайту.
Міндеті: шапшаңдыққа, тез ойлау дағдыларын дамыту
Тәрбиелік мәні: ұйымшылдыққа, татулыққа,бірлікке , ұжымдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер :Аралдар аты жазылған қағаз, сайысқа қажетті құрал жабдықтар.
Ұйымдастыру бөлімі: мәжіліс залына жиналған командаларға сайыс шарты түсіндіріледі.
Сайыстың шарты: сайыс үш кезеңнен тұрады. Сынып жетекші,1-ата-ана, 3-оқушы барлығы 5-адам команда құрады.Берілген уақыт ішінде команда әр аралдарға барып тапсырмаларды орындайды…
1-кезең
1 Таныстыру (әр сынып өздерін таныстырады )
2-бөлім Негізгі бөлім
Әр аралға 5-7 минуттан уақыт беріледі. Жалпы 35 минут уақыт беріледі
№ | Аралдар атауы | Тапсырмалар | Өтетін орны | Әділқазы мүшелері |
1 | Театр | Берілген тақырыпқа көрініс құру. | Қазақ тілі кабинеті | Алимова.Г.К Мектеп директоры Урбисенова С.Қ Қазақ тілі пәні мұғалімі |
2 | Білім | Білім сайысы | Кітапхана | Құрматова.Г.Б Оқу ісінің меңгерушісі Идресқалиева Кітапханашы |
3 | Өнер | Өз өнерлерін көрсету | Музыка кабинеті | Хайрова А.Қ Тәрбие ісінің орынбасары Аманбаева Ж.Б Музыка пәні мұғалімі
|
4 | Денсаулық | Спорттық сайыстар | Спорт залы | Ниетқалиев.Т.Б Дене тәрбиесі мұғалімі Мырзағалиев.Е.Т Дене тәрбиесі мұғалімі |
5 | Асхана | Дастархан мәзірі | Мектеп асханасы | Бекетова .А.Ә Техналогия пәні мұғалімі Кубашева С.С Техналогия пәні мұғалімі
|
6 | Болашақ | Болашақ-Қазақстан тақырыбында суретті коллаж жасау | Бейнелеу сабағы кабинеті | Айтымов Е. М Бейнелеу пәні мұғалімі Бекетова .Д.И Психолог
|
7 | Шеберлер | Шығармашылық жұмыстар | Мектеп шеберханасы | Төлегенов М.А Техналогия пән мұғалімі Есқалиев Қ.Ғ АӘД пәні мұғалімі |
.
Сыныптардың тапсырманы орындау кестесі.
2а-сын | 2-б сын | 2ә-сын | 3а-сын | 3б-сын | 4а-сын | 4б-сын |
Болашақ | Шеберлер | Өнер | Асхана | Театр | Білім | Денсаулық |
Денсаулық | Болашақ | Шеберлер | Өнер | Асхана | Театр | Білім |
Білім | Денсаулық | Болашақ | Шеберлер | Өнер | Асхана | Театр |
Театр | Білім | Денсаулық | Болашақ | Шеберлер | Өнер | Асхана |
Асхана | Театр | Білім | Денсаулық | Болашақ | Шеберлер | Өнер |
Өнер | Асхана | Театр | Білім | Денсаулық | Болашақ | Шеберлер |
Шеберлер | Өнер | Асхана | Театр | Білім | Денсаулық | Болашақ |
3-кезең қорытынды марапаттау.
1.Тапсырманы берілген уақытта орындаған командалар мәжіліс залына жиналады.
2.Алғаш келген командаларға ұпай саны қосылады.
- Болашақ аралы бойынша салған суреттерін қорғайды.
4.Әділқазылар мүшесі үздік деп танылған команданы анықтайды, әр арал бойынша (1) медаль тағылады.
5..Тең түскен командаларға қосымша тапсырмалар беріледі.
6..Ең көп медаль жинаған команда жеңіске жетеді.
Күтілетін нәтиже : оқушылардың пәнге қызығушылығы артады, шығармашылық
ізденіске жетелейді.,ата-аналармен тығыз байланыста болады, сыныптың ұйымшылдығы артады.
Аманбаева Ж.Б музыка пәні мұғалімі,өнер әдістеме бірлестік жетекшісі
1-сынып
Сабақтың тақырыбы: Бояу мен мен дыбыстар
Сабақтың мақсаты:музыка тыңдау және ән айту арқылы өзін-өзі тану қабіллеттерін дамыту,балалардың эмоциялық көңіл-күйлеріне ықпал ету,қоршаған ортамен өмір құбылыстары жөнінде түсінігін кеңейту.
Сабақтың міндеті: дүние танымын дамыту,эстетикалық талғамын арттыру,хормен ән айту дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік мәні:балаларды ұйымшылдыққа,бір-біріне қолұшын беруге,қамқоршыл болуға
баулу.
Сабақтың түрі:кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,тыңдау,суреттеу.
Пәнаралық байланыс:музыка,бейнелеу өнері
Көрнекіліктер::Балаларға:А4форматты қағаз, карандаш, кист, бояу,гуаш, ,фламассер,
сулық,су.
Мұғалімге: екі түрлі тақырыпта картина,А4 форматты қағаз,жылы және суық түстер,гүлдің боялмаған суреті алдын-ала беріледі.
Құрал-жабдықтар : үнтаспа, нитирактивті тақта,ионика аспабы.
Сабақтың барысы: амандасу, түгендеу.
Үй тапсырмасы. «Етікші» әнін орындау.
Жаңа сабаққа кіріспе:Экранға «Бояу мен мен дыбыстар» тақырыбы
мен суреті шығады.
Музыка пәнінің мұғалімі :Балалар бүгін бізде ерекше сабақ болмақ.Біздер музыка тыңдап,ән айта отырып сурет саламыз.Қалай ойлайсыңдар музыка мен суреттің қандай байланысы немесе ұқсастықтары бар?
Оқушы :екеуі де өнерге жатады.
Музыка пәнінің мұғалімі :дұрыс-ақ екеуі бірін-бірі толықтырады.
-Айналамызға құлақ түріп,бір сәт көз салып көрейікші?
Табиғат шулу дыбыстар мен түрлі түсті бейнелерге толы.Мысалы:
-Аспанның түсі қандай?( көк )
-Ағаштағы жапырақтардың түсі ше? (жасыл )
-Қандай дыбыстарды естисіңдер? (құстың сайрағаны,судың аққан сылдыры, машина дауысы,поезд т.б )
-Егер осы дыбыстар болмаса,айнала түрлі түске бөленбесе немесе осының бәрі сәт
жойылып кетсе,өмір қандай күйде болар еді?
Музыка тыңдағанда ,түрлі түсті бейнелерді көргенде қандай әсер аласыңдар?
(жауаптары тыңдалады)
-Ал,енді осы музыканы кімдер жазады?Не арқылы жазады?
-Суретті кімдер салады? Нені қолданады?
— Музыканттар музыканы ноталар арқылы жазады.Ал,бүгін біздер түстер арқылы суретті музыка жазамыз.
Бейнелеу пәні мұғалімі: суық және жылы түстерді түсіндіреді.
Сендерге әр түрлі әуендер қойылады,сендер көңіл күйлеріңді алдарыңдағы түстер арқылы көрсете қойыңдар.
(Экраннан Құрманғазы ,жайлау суреттері көрсетіледі)
Музыка тыңдау. Құрманғазы «Сарыарқа»
Музыка пәнінің мұғалімі :Біздің мақтанышымыз,дүние жүзіне танымал,күй атасы — Құрманғазы Сағырбай ұлы бабамыздың «Сарыарқа» күйін тыңдаймыз.Бұл күйді естіген кезде қанымыз қызып,тау суының ағысы, аттың шабысы,кең дархан даланы көргендей боламыз.
1.Қазір көзімізді жұма отырып,күйді тыңдаймыз.
2.Енді күйді қайта тыңдай отырып,көз алдарыңа не елестеді ,соны қағаз бетіне карандашпен түсіре қойыңдар!
(5 минут уақыт беріледі,1,2 оқушының салған суретін әңгімелету.)
Бейнелеу пәні мұғалімі:
Ойлан тап! Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырамын ,жауабын тауып көріңдерші!
1.Жылыт-жылт етеді 2.Түсі мөлдір,үні сылдыр (жауын)
Жылғадан өтеді.( су )
-Қазір бізде жылдың қай мезгілі?
-Жаңбыр жылдың қай мезгілінде көбірек жауады?
-Енді осы жаңбырдың дыбысын салып көрелікші
Сергіту сәті:
Аспанды бұлт торлады (қолдарымен бұлттарды көрсетеді )
Жаңбыр жауды .Жаңбыр сіркіреп жауды(партаға саусақ ұштары арқылы дыбысын салады)
Жаңбыр құйып кетті( қатты жауған жауын дыбысын салады)
Жаңбырдан кейін көк жиектен шығатын түрлі түсті бояулары бар жолақ қалай аталады? -Кемпірқосақ
-Кемпірқосақты көргендерің бар ма ,онда қандай түстер бар?
Ал енді жаңбырдан тығылып,секірген қоянның жүгірісін салып көрелікші.
Оқулықпен жұмыс: Ал енді оқулықтың бетіндегі суретке назар аудара қойыңдар! Қоянды,сәбізді қандай түспен бояр едіңдер ?
Музыка пәнінің мұғалімі :
Ән айту: Сурет сабағы
Музыкасы:К.Қуатбаев Сөзі: О.Әбубәкіров
1.Әнді үйрену барысында қызыл ,сары.жасыл түстерді қолданамыз.
Қызыл түс-қызғалдақ,сары түс-сарғалдақ,жасыл түс-жайлау.
Шығармашылық жұмыс: балалар екі топқа бөлінеді,алдарына екі түрлі картина қойылыды. 1-картина Күз тақырыбы 2-картина Жайлау тақырыбы
Бейнелеу пәні мұғалімі:
1-тапсырма:Картинаға қарай отырып,өздеріңді композитормын деп елестетіп,
картинадағы суреттерді түрлі түстер арқылы жолақтармен белгілеп ,суретті музыка жасаңдар. Әр топтан бір оқушы картинаға ат қойып ,пайдаланған түстері,әсерлері туралы әңгімелейді.(5-минут)
2-тапсырма:Оқушылар алдарындағы гүлдің суретін ұнатқан түстермен бояйды.
Музыка пәнінің мұғалімі :
Қорытындылау
Бүгін сабақта баға қоймаймыз.Өйткені алған суреттерің бағадан да артық тұрады десе бе болады.Ендеше бояған суреттеріңді бір-біріңізге сыйлай қойыңдар.
Үй тапсырмасы: «Сурет сабағы» әнін жаттау,күй бойынша салған суреттерін бояп келу.
«Әрқашан күн сөнбесін!» әнімен аяқталады. Дайындағандар: