«Тапқыр информатиктер» білім сайысы
«Тапқыр информатиктер» білім сайысы
Ойынның мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді жылдам еске түсіру дағдыларын қалыптастыру
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Лицейімізде өтіп жатқан М.И.Ф. пәндері апталығына байланысты өткізгелі отырған «Тапқыр информатиктер» білім сайысына қош келдіңіздер! Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.
Сайыстың шарты: Сайысқа 2 топ қатысады. Сайыс 7 кезеңнен тұрады: Сайыскерлердің ұпайын есептеп отыратын 1 адам тағайындаймыз.
- «Бәйге»
- «Құрал жабдықтар»
- «Ауыстырмақ»
- «Сиқырлы тізбек»
- «Жеті жұмбақ»
- «Тіл өнер»
- «Ғажайып ұяшық»
Ендеше сайысымызды бастайық.
1-ші кезең: «Бәйге» кезеңі
Жүргізуші: Бәйге деген жүйрік аттар жарысы
Жүйріксіңдер сендер осы жарыста
Жүйрік озып келеді қатарынан
Біреу қалып жатады асығыста
Сайысымыздың шарты бойынша сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады. Бір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Қай бұрын қолын көтерген топ оқушылары жауап береді. Дұрыс жауап бере алмаса сұрақ келесі топқа көшеді. Ол топ дұрыс жауап бере алмаса ешқайсына ұпай берілмейді.
- Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)
- Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (интерфейс)
- Бір байтта қанша бит бар? (8 бит)
- Аты бар бірқатар байттар тізбегі (файл)
- Компьютерде жұмыс жасаған кезде адам экраннан қанша қашықтықта отыруы қажет?
(60-70 см)
- Компьютердің негізгі құрылғылары (монитор, пернетақта, жүйелік блок)
- Компьютердің қосымша құрылғылар (сканер, модем, принтер, тышқан, колонка т .б.)
- Компакт-диск оқу құрылғысы (CD=ROM, DVD=ROM)
- Дүниежүзілік компьютер желісі (интернет)
- Компьютер ауруы (вирус)
2-ші кезең: «Құрал жабдақтар» кезеңі
Құрал жабдықтар суреті салынған карточкаларды суыру арқылы әр топ кезекпен олардың атын атап, қандай қызмет атқаратынын баяндап берулері керек. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
принтер дискеталар пернетақта жүйелік блок
жүйелік блок, монитор, колонкалар сканер монитор
3-ші кезең: «Ауыстырмақ»
Келесі сайысымыздың шарты бойынша әріптерінің орны ауысқан сөздерден дұрыс информатикалық сөз құрастыру қажет. Қай бұрын қол көтерген топ бастап жауап береді. Егер жауап дұрыс болса бір ұпай, егер қате болса сұрақ келесі топқа көшеді.
иакматорфни – информатика
аламрдағба – бағдарлама
ратапқа – ақпарат
чнестреив – винчестер
зертее – терезе
рсутивнаи – антивирус
4-ші кезең: «Сиқырлы тізбек»
Әр топқа ішіне ақпарат өлшемдері жазылып, дөңгелектеніп қиылған 5 дөңгелекше беріледі. Төмендегі ақпараттың өлшем бірліктерін өсу ретімен орналастыру керек. Бірінші болып орналастырған топқа 5 ұпай беріледі. Ал екінші топ жартылай орындаса дұрыс орналастырылған дөңгелекке сай ұпай беріледі.
Бит; байт; килобайт; мегабайт; гигабайт
мега байт
|
гига байт |
кило байт
байт |
байт |
бит |
5-ші кезең: «Жеті жұмбақ»
Бұл кезеңнің шарты бойынша жеті жұмбақ жасырылады. Әрбір жұмбақты дұрыс шешкен топқа 1 ұпайдан беріліп отырады. Шеше алмаса жұмбақ келесі топқа беріледі. Екі топ та шеше алмаса ұпай берілмейді.
- Ақпаратты компьютерден аламын
Бірақ өзім қағазға басып беремін (принтер)
- Компьютерге көмекпін
Жануарға ұқсаймын
Кілемше үстінде тұрамын
Мен қосымша құралмын (тышқан)
- Еселе десең еселеймін
Қи десең қиып аламын
Қой десең қоямын (алмасу буфері)
- Компьютердің миымын
Ақпаратты сақтаймын (процессор)
- Бір бассаң әріптерді бас әріппен жазамын
Тағы бассаң кіші әріппен жазамын (Caps Lock батырмасы)
- Ақпаратты қағаздан мен аламын
Бірақ оны компьтерге енгізем (сканер)
- Компьютерде тұрамын
Ауырса оны емдеймін (вирусты емдейтін бағдарлама)
6-шы кезең: «Тіл өнер» кезеңі
Жүргізуші: “Ана тілім-арым бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте” – деп Қадыр Мырзәлі ағамыз айтқандай, оқушыларымыздың тіл білімін де тамашалайық. Ендеше келесі сайысымыз «Тіл өнер» сайысы. Екі топқа сұрақтар беріледі. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтқан топқа 15 ұпай беріледі. Ал егер екі тілде айтса 10 ұпай беріледі. Дұрыс таппаса сұрақ келесі топқа беріледі. Ол топ та таба алмаса ұпай берілмейді.
- Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер
(ақпарат, информация, information)
- Сәлем ненің патшасы? (сөз, слово, word)
- Кітап ненің бұлағы? (білім, знание, knowledge)
- Бағдарламадағы немесе мәтіндегі терістік (қате, ошибка, error)
- Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы (пернетақта, клавиатура, The keyboard)
- Ас адамның арқауы, ал компьютердің асы не? (тоқ, ток, current )
- Өнер алды қызыл не? (тіл, язык, Language)
- Компьютерде файлдар, құжаттар, бағдарламаларды сақтайтын орын
(қапшық, папка, Folder )
- Компьютерде файлдар, құжаттар, бағдарламаларды жойған кезде оларды уақытша сақтайтын орын (қоржын, корзина, Basket)
7-щі кезең: «Ғажайып ұяшық» кезеңі:
Тақтада бірнеше ұяшықтарға бөлінген кесте берілген. Әрбір ұяшықтағы сұрақтардың күрделілігіне қарай ол ұяшықтарда берілетін ұпайлардың саны көрсетілген. Кезекпен екі топқа ұяшықты таңдатамыз да, сол ұяшықтың сұрағына жауап берсе сондағы көрсетілген ұпайды алады. Егер сұраққа жауап бере алмаса сұрақ келесі топқа көшеді. Сұрақтар екі бөлімге бөлінеді.
Операциялық жүйе |
Microsoft Word | ||||||||||||||||
|
|
Оперативтік жүйе бойынша:
10 ұпай сұрақтары:
- Операциялық жүйе дегеніміз не? (компьютерді басқаруға арналған бағдарлама)
- Windows деген не? (терезе, операциялық жүйе)
20 ұпай сұрақтары:
- Стандартты бағдарламалар дегеніміз не?
(Windows ОЖ-мен бірге орнатылып келетін бағдарламалар)
- Қандай-қандай стандартты бағдарламалар білесіңдер? (блокнот, калькулятор, WordPad, Paint )
30 ұпай сұрақтары:
- Жұмыс үстелі дегеніміз не? (Windows ОЖ жүктелгеннен кейін пайда болатын экран)
- Жұмыс үстелінің негізгі объектілері?
(менің компьютерім, қоржын, менің құжаттарым, желілік орта)
40 ұпай сұрақтары:
- Архивтік бағдарламалар дегеніміз не?
(үлкен көлемді файлды немесе қапшықты қысу арқылы кішірейту)
- Қандай-қандай архивтік бағдарламалар білесіңдер? (Win Rar, Win Zip, ARJ және т.б.)
Microsoft Word бойынша:
10 ұпай сұрақтары:
- Microsoft Word дегеніміз не?
(мәтіндік құжаттарды әзірлеу, қарау, қағазға басып шығаруға арналған қосымша)
- Microsoft Word бағдарламасын қалай іске қосамыз?
(Пуск/Программы/ Microsoft Office/ Microsoft Word )
20 ұпай сұрақтары:
- Microsoft Word бағдарламасына мәтінді қалай енгіземіз?
(жүгіргіні парақтың басына қойып әріптерді теру)
- Microsoft Word-қа қандай объектілерді енгізуге болады?
(сурет, кесте, диаграмма, WordArt нысаналары, автофигаралар және т.б. )
30 ұпай сұрақтары:
- Microsoft Word-та WordArt нысаналары деген не?
(ол кез келген сөзді, сөйлемді әсемдеп жазуға арналған нысаналар)
- Microsoft Word-та батырмасы не үшін қажет? (формулаларды енгізу үшін)
40 ұпай сұрақтары:
- Microsoft Word-та сөзді, сөйлемді, мәтінді еселеу үшін не істейміз?
(оларды ерекшелеп алып копировать-ты басып, керек жерге жүгіргіні қойып вставить батырмасын басамыз)
- Microsoft Word-та W батырмасы не үшін қажет? (кез келген белгілерді енгізу үшін)
Жүргізуші:
Осымен осы ойынды тәмамдасақ,
Бұл жарысты өткізер ме ек жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ!
Сайыстың соңында ең көп ұпай алған топ анықталып, оларға « Тапқыр информатиктер» атағы беріліп марапатталады