«Сандар сырына саяхат» математикалық сайыс

Мақсаты:  Білімділік:  Оқушылырдың  ойлау  қабілітін, ой ұшқырлығын, оқуға  ынтасын  арттыру;

Дамутушылық:   ұйымдастырушылық  қабілетін  дамыту;

Тәрбиелік:  оқушылырды ұйымшылдыққа,  нақты  пәнге  қызығушылыққа,  жауапкершілікке,  өзін — өзі  тәрбиелеуге  тәрбиелеу;

Көрнекілігі:  безендірілген зал,  нақыл  сөздер, карточкалық  тапсырмалар, логикалық  есептер, әр топқа  даярланған  үстел.

Түрі:  топқа  сайыс  сағаты

Типі:  ойын  түрінде

Жоспары:

  1. Викторина
  2. “Бірден сызып шық” ойыны
  3. Жұмбақтар
  4. “Сиқырлы дөңгелек”
  5. Логикалық есептер
  6. Танграмм
  7. “Хоп” ойыны
  8. Даналық дәріс
  9. Қорытынды

Қолданылған  нақыл  сөздер:

  1. Арифметика математиканың,  ал математика  ғылымдардың  патшасы.

( К.Гаусс)

  1. Ақыл – ойды тәртіпке  келтірген  математика.

(М.В.Ломоносов)

  1. Математика – барлық ғылымдардың  тұңғышы және оларға  пайдалы  да, қажет те.

( Р.Бэкон)

Жүргізуші:

Ойнайық, ойнайық та ойнайық!

Қатардан  атта қалып  қоймайық,

Белсенді  болайық  ортада

Уақытты  тектен –текке жоймайық.

Ойнайық, ойнайық та ойнайық!

Білімділік  көрсетейік, сынайық.

Жеңсен де, жеңбесең де, ренішсіз болайық,

Қаймықпай  көңілді болып тарайық!

Қайырлы  күн қадірлі  көрермендер!  Баршаңызға  «Сандар сырына саяхат»  ойынына  қош келдіңіздер! (Бүгінгі  ойын топтық сайыс түрінде  өтеді.)

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

Біреуінің жүрегінің түгі бар

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Біреуінің күмбірлеген күйі бар

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар

Әр команданы ортаға шақырамыз.

5«А»,6 «А» сыныптары ________________________________

5«Ә»,6 «А», 6 «Ә» сыныптары__________________________

5«Б»,6 «Б» сыныптары________________________________

 

Басталық ақыл –ойдың  дара  кешін,

Халайық сендер бізді  жақын  келші,

Математика  ғылымына  ұмтылғандар,

Сен егер кім екенін білгің келсе.

Білеймін деп  қысылма,

Талабың  болса бойыңда.

Өнерлінің  ырысы,

Жарқырап  жатыр жолында.

Матиматика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға  бірге  қатысуға

Шақырамыз сіздерді,

— дей  отырып  сайыскерлеріміздің  білім  мен  өнеріне  баға  беретін әділқазылар  алқасын ортаға  шақырамыз.

(Әділқазы  алқасында  әдістемелік  бірлестігінің  мүшелері  сайланады).  Тақтадан  бүгінгі  кештің  жоспары  таныстырылады.

Жоспары:

  1. Викторина
  2. “Бірден сызып шық” ойыны
  3. Жұмбақтар
  4. “Сиқырлы дөңгелек”
  5. Логикалық есептер
  6. Танграмм
  7. “Хоп” ойыны
  8. Даналық дәріс
  9. Қорытынды

 

Жүргізуші:

Мықты  болсаң – алдағыны басып оз,

Мықты  болсаң – арттағыны  жеткізбе!

Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!

Мықты болсаң – бөгеттерді  бұзып өт,  — деп  келесі  сайысымыз  «Викторина»  сайысына  кезек  береміз.  (Әр топтың басшысы слайдтағы түрлі-түсті сұрақтары бар шаршыны таңдайды. Әр сұрақтын дұрыс жауабына 5 ұпайдан есептеледі)

Жасыл түсті

  1. Құрамында әріптері бар өрнек қалай аталады?

Әріпті өрнек

  1. Екі санның бөліндісін не деп атаймыз?

Қатынас

  1. Р=2(a+b) қандай фигураның формуласы?

Төртбұрыштың периметрі

  1. 24 санының бөлгіштерін ата

1, 2, 3,4, 6, 8, 12, 24

  1. 5 санының бөлгіштік белгісі?

0 және 5-тен аяқталса

  1. 2-ге бөлінетін натурал сандар?

Жұп сандар

  1. Белгілі бір ортақ қасиеттерге ие болып, белгілі бір заңдылықпен біріккен нәрселер, объектілер нені құрайды?

Жиынды

  1. “+” және “-” таңбаларын кім бірінші болып енгізді?

Чех ғалымы Я. Видман

  1. “=“ теңдік белгісін кім?

Р. Рекорт

  1. Тек таңбалары арқылы ажыратылатын сандар?

Қарама – қарсы сандар

 

Қызыл түсті

  1. Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдік қалай аталады?

Теңдеу

  1. Картадағы кескін ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын не дейміз?

Масштаб

  1. S= ab қандай фигураның формуласы?

Тіктөртбұрыштың  ауданы

  1. 27 санының бөлгіштерін ата

1, 3,9, 27

  1. 9 санының бөлгіштік белгісі?

Цифрларының қосындысы 9-ға бөлінсе

  1. 1-ге және өзіне ғана бөлінетін сандар?

Жай сандар

  1. Екі жиынның екеуіне де тиісті элементтерден ғана тұратын жиынды екі жиынның … дейміз?

Қиылысуы

  1. Үтірді математикалық белгі ретінде енгізген кім?

И. Кеплер

  1. Нөл қай елдің не деген сөзі?

Нөл ұғымы V ғасырда Үндістанда шықты. Нөл – жоқ деген сөз.

  1. Оң санның модулі неге тең?

Өзіне

 

Сары түсті

  1. Амалдар таңбалардан, жақшалардан және сандардан ғана құрастырылған жазуды не деп атаймыз?

Санды өрнек

  1. Екі қатынастың теңдігі?

Пропорция

  1. V=abc қандай фигураның формуласы?

Тікбұрышты параллелепипедтің көлемі

  1. 32 санының бөлгіштерін ата

1, 2, 4, 8, 16, 32

  1. 10 санының бөлгіштік белгісі?

0 -ден аяқталса

  1. 2-ге бөлінбейтін натурал сандар?

Тақ сандар

  1. Егер В жиынының әрбір элементі А жиынына да тиісті болса, онда В жиыны А жиынының … деп аталады?

Ішкі жиыны

  1. Көбейту амалының “·” таңбасын ұсынған ғалым?

Г. В. Лейбниц

  1. Теңсіздік (< және >) белгісін кім ұсынды?

Г. Томас

  1. Теріс санның модулі неге тең?

Қарама-қарсы санға тең

 

Әділқазы  алқасынан  ІІ –сайыстың  қортындысын  сұраймыз.

Жүргізуші:

Айыра біл жақсы менен жаманды

Айыра біл, қарындаш пен қаламды.

Айыра біл, соқпағын да  өмірдің,

Айыра  біл тапсырмаңды  алдағы – деп  кезекті  «“Бірден сызып шық”

 ойыны»  сайысына  береміз:

Бұл ойынның шарты, қарындашты көтермей, бір сызықты екі рет қайталамай берілген фигураны бірден сызып шығу керек.

 

 

Мәңгі  бақи  есте  қалар,

Қызықты  бір жиын болсын.

Білімдірек  шәкірт озар,

Сұрақтары  қиын  болсын, — деп келесі  кезекті  «Жұмбақтар»  сайысына  береміз.

Әр  топтың капитаны шығып, әріппен белгіленген шаршыны таңдауы тиіс. Таңдалған шаршы қайталанбауы тиіс. Әр дұрыс тапқан жауапқа 5 ұпайдан беріледі. Егер жауабын капитан таппаса, оның командасы көмектесе алады.

 

 

 

 

Жүргізуші:

Ойланайық азырақ, уақытыңды үнемдеп,

Кім шығады кәнеки, жауабын мен білем деп келесі сайыс кезегі «Сиқырлы  дөңгелек »

Көрсетілген фигурадағы дөңгелекшелерге 2-ден 26-ға дейінгі жұп сандарды әр боялған дөңгелекшенің айналасындағы  6 дөңгелекшедегі  сандардың қосындысы 100-ге тең болатындай етіп орналастыр

 

Жүргізуші:  Келесі  кезекте  «Логикалық есеп»   сайысы.

  1. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп қосу таңбасын қой

4 4 4 4 4 4 4 4 = 500

(444+44+4+4+4 = 500)

  1. Мына 1888 санына екі бөлікке бөліңіз. Оның әр бөлігінде 1000 саны болатын болсын.

1888 санын дәл ортасын сызықпен бөлу керек

  1. Таяқтың екі басы бар.Егер оның бір жағын кессе, таяқтың неше басы қалады? 2
  2. 5 жыл бұрын ағасы мен қарындасы бірге 8 жаста болды. Тағы 5 жылдан кейін олар қанша жаста болады?  18
  3. Бір отбасында екі әкесі және екі ұлы бар. Отбасында неше адам бар?

(3) ата, әке, немере

  1. Ұлы, әкесі, атасы дойбы ойнады. Барлығы 3 партия ойналды. Әрқайсысы неше партиядан ойнады? 2

 

«Танграмм» кезеңі.

Түрлі фигуралардан кенгеру, түйеқұс құрастыру керек. Әрине, бұл фигураны жасау оңай емес. Ол үшін ойлану қажет. Кезінде француз императоры Наполеонды соғыстағы жеңілістерінен кейін «Құдыреті Елена» аралына құғын-сүргінге жіберілді. Ол жерде Наполеон осы танграм ойынымен айналысады. Квадрат бөліктеріне сол кезде полимино деп атаған.

 

 

«Хоп» ойыны

Ойынның шарты:

Әр топтан 3 оқушыдан. 40-қа дейін санау керек, 4-ке бөлінетін сан орнына «хоп» деп айту керек. Қателескен оқушылар ойыннан шығып қалады.

 

«Даналар дәрісі» кезеңі:

Ұлы тұлғалардың айтқан нақыл сөздерін дұрыс тауып, бір-біріне тізбектеп қос

Сандар туралы ғылым — бұл барлық ғылымдардың ішіне кіреді.

Әл — Фараби

Табиғат деп аталатын Ұлы кітаптың тілі — математика.

Г. Галилей

 

Аздап ақындығы болмаған математик, еш уақытта математиканы мейлінше меңгере алмайды.

К. Вейерштрасс

 

Математика — реттікті, симетрияны және анықтықты айқындайды, ал бұлар әдеміліктің маңызды түрлері.

Аристотель

 

Математиканы өте жақсы меңгерей, озық техниканың негізін түсіну қиын.

А.Н. Колмогоров

 

Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін — математика, сондықтан да оны оқу керек.

М. В. Ломоносов

 

Математика — ғылымдар патшасы, ал арифметика — математика патшасы.

К. Гаусс

 

(Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қортындысы сұралады) Музыкалық сәлем.

Осымен кешіміз аяқталды, ат салысып қатысқандарыңа көп рахмет.