«Күзгі думан» сайысы

 

«Күзгі думан» сайысы

Мақсаты: Оқушыларға табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру, табиғатты сүюге, бағалауға, қоршаған  ортаны таза ұстауға, әдемілікті түсіне, көре білуге баулу.

Көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер, жапырақтар, шарлар т.б.

Барысы:

 

1- жүргізуші:Тамылжып тұр Отанның  «Алтын күзі»

Сәл ғана салғырт тартқан жердің жүзі

Табиғат картасынан қазір көшкен.

Жаздың да жасырынбай жатыр ізі.

2-  жүргізуші:Көрдің бе,секілді бір жасыл барқұыт,

Бергендей бар бояуын түгел сарқып,

Көтеріп күздік егіс көк қанатын.

Құлпырған қырға жібек кілем тартып.

1-жүргізуші:Табиғаттың әр мезгілінің де адам өміріне маңы зы  зор.Әр жылмезгілін де қазақ ерекше

тойлай білген. Мәселен,көктемде –Наурыз мейрамы, кыста- Жана жыл мерекесі, ал күзде –Сабан той жасаған.

2-жүргізуші: Осы жақсы  дәстүрлердің жалғасы болатын  бастауыш сынып оқушылары арасындағы

«Күзгі думан » сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі сайысқа қатысатын топтарымызбен таныссақ:

4-сынып: «Көкөністер» тобы

3-сынып: «Жемістер»тобы

2-сынып: «Күзгі жапырақтар»тобы

1-сынып: «Алмалар»тобы

1-жүргізуші: Сайысымыздың шарттарына тоқталып өтсек:

  • Таныстыру (топ аты,төс белгі,альбом)
  • Кім жылдам?( Жұмбақ шешу)
  • Күлкілі мезет (көрініс көрсеті)
  • Мүсіндеу (ермексазбен жұмыс)
  • Өнерлі өрге жүзер….. (өз өнерін көрсету)
  • Понтомимо (кеспе қағазы арқылы іс-қимыл көрсету)
  • Күзгі сән үлгісі (1 оқушы)

Сайысты сарапшылар бағалайды

2-жүргізуші:  Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін қолдамақ

Сынып намысын қорғамақ

Топтар шықты ортаға,деп сайсымыздың

1-кезеңі: Таныстыру (Әр топ өз тобын таныстырады, төс белгілерін және альбомдарын көрсетеді)

1-жүргізуші:Сайысымыздың 2-кезеңі:Кім жылдам?(кеспе қағаздар арқылы әр топ 5 жұмбақтан шешеді)

2-жүргізуші: Қанаттанса балапан,

Қалайша ол ұшпайды

Әр бір қыз бен әр бала,

Өнерліге ұксайды

Келесі 3-кезең: «Күлкілі мезет» (әр топ күлкілі қойылым көрсетеді)

1-жүргізуші:Сайысымыздың келесі 4-кезеңі: Мүсіндеу (әр топ кеспе қағаздарын алып,  барілген тапсырма бойынша ермексазбен жұмыс жасайды)

2-жүргзуші: Асыл тастан,өнер-жастан

Шығады деп  дарынды,

Халық айтса,халық сөзі,

Әрқашанда нанымды     Келесі 5-кезең: Өнерлі өрге жүзер…  (әр топ өз өнерін көрсетеді)

 

 

 

1-жүргізуші: Думан қызық,көрсетті топ өнерін,

Жатыр не бір айтылып сөз де керім.

Білім бұлағының кайнарынан қанып ішкен,

Көрсетшінші әр тобымыз өз өнерін

Сайысымыздың  6-кезеңі: Пантомимо ( әр топ кеспе қағазын алып , тапсырманы іс-қимылмен көрсетеді)

2-жүргізуші: Арулар неткен сымбатты,

Ғажайып нұрға бөленген.

Алтын күнге үн қатты

Сәнді киім түрімен,деп сайсымыздың   7-кезеңі: Күзгі сән үлгісі.

 

 

 

1-жүргізуші: Мектеп алды дайындық  тобының биін  тамашалайық.

2-жүргізуші:Сайысымыздың төрелігін бағалап отырған  сарапшы ларымызға қорытынды сөз кезегін береміз.

(қортытынды, марапаттау)