Логика әлемі
Тақырыбы: Логика әлемі
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру, алған білімін тереңдету.
Дамытушылық: Оқушылардың ұйымдастырушылық қабілетін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашылық ізденістерін ұштау.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін – өзі тәрбиелеу. Оқушылардың алған білімін өмірде қолдана білуге үйрету.
Көрнекілігі: ребустар, слайд, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Топтық сайыс
Сабақ типі: Ойын түрінде
Жоспары:
1-кезең. Ойлы болсаң озып көр (логикалық сұрақтар)
2-кезең. Білімпаздар еліне саяхат (сөзжұмбақтар шешу)
3-кезең. Бәйге (үй тапсырмасы)
4-кезең. Кім тапқыр? (әр сөйлемнен артық сөзді сызу)
5-кезең. Кім жылдам? ( берілген есептерді есептеп, сөз құрастыру)
6-кезең. Шешуін тап (ребус шешу)
— Қайырлы күн қадірлі көрермендер! Баршаңызға «Логика әлемі» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер! (Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. 1-топ «Тапқырлар», 2- топ «Алғырлар»)
Білеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді,- дей отырып сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын сайлап алайық.
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, — деп алғашқы сайысымыз ойлы болсаң озып көр (логикалық сұрақтар)
1-топ «Тапқырлар»
- Үстел үстіндегі балықтардың үйі –аквариум
- Онсыз тамақтың дәмі жоқ – тұз
- Қыс мезгілінің үшінші айы – ақпан
- 4 тышқанның құлағы нешеу – 8
- Ұшатын көлік қалай аталады – ұшақ
- 1 жылда неше ай бар – 12 ай
2- топ «Алғырлар»
- Ас атасы – нан
- Аулада жүрген қаздардың аяқтарының саны 8. Аулада неше қаз жүр – 4 қаз
- Аяқ киімнен жолда қалған таңба – із
- Пияз аршысаң көзіңнен не ағады – жас
- Сенбіден кейін үш күн өтті. Ол қай күн – бейсенбі
- Екі пілдің құлағы нешеу – 4
2-кезең. Білімпаздар еліне саяхат (сөзжұмбақтар шешу)
1-топ «Тапқырлар»
Қ | О | С | Ы | М | Ш | А | ||||
Т | Ұ | С | Б | А | Ғ | А | Р | |||
Қ | А | Й | Қ | А | У | С | ||||
Ш | А | Р | Ш | Ы | ||||||
Ғ | А | Р | Ы | Ш | ||||||
А | Б | А | Й | |||||||
Б | І | Р | Л | І | К | Т | Е | Н | ||
К | Ө | К | Ж | И | Е | К |
- Түбір сөзге жалғанған бөлік?
- Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал?
- «Ата-ананы құрметтеу туралы» әңгімесінің авторы?
- Барлық қабырғалары тең геометриялық фигура?
- Аспан әлемі?
- «Ғылым таппай мақтанба» кімнің өлеңі?
- Есептеу қай саннан басталады?
- Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік?
2-топ «Алғырлар»
М | Ұ | З | |||||||||
А | З | А | Й | Т | У | ||||||
Ж | Ұ | Р | Н | А | Қ | ||||||
Ф | А | Р | И | З | А | ||||||
Т | О | П | Ы | Р | А | Қ | |||||
С | Ұ | Р | А | У | Л | Ы | |||||
К | Е | С | І | Н | Д | І | |||||
С | М | А | Қ | О | В |
- Судың қатты күйі?
- Қосуға кері амал?
- Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша?
- «Жылу» кімнің өлеңі?
- Жердің бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабат?
- «Сенің атың кім» — бұл қандай сөйлем?
- Екі ұшы шектелген (түйінделген) түзу сызық?
- «Апаның тілін алса егер…» өлеңінің авторы?
3-кезең. Бәйге (үй тапсырмасы)
- М.Мақатаев кім?
- Ол қай жылдар арасында өмір сүрді? (1931-1976 жж)
- Анасының есімі – Нағима
- Әкесінің есімі – Сүлеймен
- Мұқағали Мақатаевтің қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?
(Оқушылар жатқа білетін өлеңдерін айтады)
4-кезең. Кім тапқыр? (әр сөйлемнен артық сөзді сызу)
1-топ «Алғырлар»
- Анар сорпаны тұзбен тұздады.
- Жомарттың жас күшігі бар.
- Бөлмеге күннің күн сәулесі түсіп тұр.
- Жазира қорыққанынан сыбырмен сыбырлап сөйлейді.
2-топ «Тапқырлар»
- Раушан жазумен хат жазды.
- Айдын күшігінің атын атап атымен шақырды.
- Аян апасымен әңгімелесіп әңгіме айтты.
- Айдана шайға қасықпен қант қосты.
5-кезең. Кім жылдам? ( берілген есептерді есептеп, сөз құрастыру)
25+15 (А) 38+18(Н) 54+37(Ш) 100-33(Д)
70-16(Ы) 80-41(Қ) 65-18(Р) 24+28 (А)
39 | 40 | 47 | 54 | 56 | 67 | 72 | 91 |
Қ | А | Р | Ы | Н | Д | А | Ш |
6-кезең. Шешуін тап (ребус шешу)
Жауабы: дуниетану
Қорытынды: Әділ қазы алқаларының шешімі жарияланып, оқушыларға мақтау грамоталары таратылады.