«Атажұрт» танымдық ойын сабағы

 

Кемалова Ақнұр Жұмағалиқызы

Сабақ тақырыбы: «Атажұрт» танымдық ойын сабағы

Сабақ мақсаты: оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру, дүниетанымын кеңейту, логикалық ойлау қабілетін датыру, өз ойын ашық айта білуге үйрету.

Көрнекілігі: плакаттар, газеттер, буклеттер, кеспе қағаздар.

Ойын шарты:

  1. Қанат қақты (әр топқа сұрақ қойылады, сұраққа дұрыс жауап берсе ұпай қосылады)
  2. Шырқау (әр топқа 2 сұрақ)
  3. Серпілу (есептер шығару)
  4. Шарықтау (сұрақтар қою)
  5. Жерұйық (мұндағы сұраққа жауап берсе, ұпай екі есе артады, ал жауап бере алмаса ұпай екі есе азаяды)

Сайыс барысы:

Қанат қақты.

  1. Жұлдыздар жүйесін қалай атайды? (Галактика)
  2. Ғарыш айлағы қай жерде? (Байқоңыр)
  3. Бірінші рет ғарышқа кім ұшты? (В. Терешкова)
  4. Егер кеседегі суды түгел ішіп қойсақ, ішінде не қалады? (ауа)
  5. Аспанның нақты шекарасында анықталған белгілі бір бөлігі (шоқжұлдыздар)
  6. Күннің зодиак шоқжұлдыздары бойымен жылдық қозғалысы атқаратын үлкен дөңгелек (эклиптика)
  7. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұз күйінде)
  8. Қандай ыдысқа су құйылмайды? (су толы ыдысқа)
  9. Дененің қозғалыс кезінде болып өткен кеңістіктегі нүктелердің жиынтығы (траектория)
  10. Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған құрал? (Ареометр)
  11. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал (Барометр)
  12. Күн жүйесінің құрамында қанша планета бар? (8)
  13. Күшті өлшейтін құрал (Динамометр)
  14. Бір ағаштың он екі бұтағы бар,

Әр бұтағында отыздан жапырағы бар.

Жапырақтың бір жағы ақ,

Бір жағы қара, қанеки, ойлан тап?     (Жыл, ай, күн мен түн)

  1. Барометр ішіндегі сұйық (сынап)
  2. Алдын – ала мақсат қойып жүргізілетін бақылау (тәжірибе)
  3. Дененің температурасын өлшейтін құрал (термометр)
  4. м/с бірлігімен өлшенетін физикалық шама (жылдамдық)
  5. Қандай планеталар алып планеталар деп аталады? (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун)
  6. Ғылыми болжамға сүйенген дерек қалай аталады? (Гипотеза)

Шырқау.

  1. Ол дүниенің гелиоцентрлік жүйесін қалаған поляк ғалымы.  (Н. Коперник)

Қосымша көмек: Оның 1543 жылы  «Аспан сфераларының айналуы туралы» деп аталатын еңбегі жарық көрді.

  1. «Физика» сөзін орыс тіліне аударған ғалым. (М.В.Ломоносов)

Қосымша көмек: Ол заттың үш күйін анықтауға мүмкіндік берген орыс ғалымы.

  1. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаған кім? (Клавдий Птолемей)

Қосымша көмек:  Ол дүниенің центріне қозғалмайтын Жерді қойды да, оны өзге шырақтар айналып жүреді деді деген біздің заманымыздың ІІ ғасырында өмір сүрген ежелгі александриялық грек ғалымы.

  1. 1961 жылы 12 сәуірде адамның космосқа тұңғыш ұшу сапары ойдағыдай аяқталды. Әлемнің тұңғыш космонавты кім? (Ю. Гагарин)

Қосымша көмек: Ол 1934 жылы 9 наурызда Ресейдің Смоленск облысының Гжатск ауданында дүниеге келген.

  1. Көптеген бақылауларға сүйене отырып, ол сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткіжетінін дәлелдеді. (Блез Паскаль)

Қосымша көмек: Ол француз ғалымы, қысымның өлшем бірлігі сол ғалымның құрметіне берілген.

  1. Ол сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күшті ойлап тапқан грек ғалымы. (Архимед)

Қосымша көмек: Ол «Эврика!» деп Сиракуз көшелерінің бойымен айқайлай жүгірген грек ғалымы.

Серпілу. Әр топ оқушылары есеп шығарады.

Шарықтау.

  1. Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы қалай аталады? (Инерция)

Қосымша көмек: Ол латынша қозғалыссыздық, әрекетсіздік деген мағынаны білдіреді.

  1. 973 жылы Хорезмде дүниеге келген ортаазиялық ғалым-астроном. (Әбу Райхан Бируни)

Қосымша көмек: Ол Жердің қозғалысы мен пішіні, Жер шарының радиусын анықтау тәсілі туралы жазды, Жер гобусын жасады.

  1. Бұл планетаны тұтасқан ақ бұл қабаты қоршап жататындықтан, бұл планетаның табиғаты мен қозғалысын оптикалық бақылаулар арқылы анықтау қиындық келтіруде. Ол қандай планета? (Шолпан)

Қосымша көмек: Ондағы күндік тәулік шамамен Жердегі 118 тәулікке тең.

  1. Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама (температура)

Қосымша көмек: Оны термометр деп аталатын құралмен өлшейміз.

Жерұйық. Екі топқа ортақ сөзжұмбақ беріледі. Қай топ бірінші болып, сөзжұмбақты шешсе, сол топ жеңімпаз атанады.

 

1Ф
2И
3З
4И
5К
6А

 

Сұрақтар:

  1. Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан, ғалым математик. (әл-Фараби)
  2. Аспан әлемін зерттейтін ғылым (астрономия)
  3. Адамдар жұлдыздарды меңгеруді бастаған бақылаудың дамуына ықпал еткен жұлдыздардың бөлігі (Шоқжұлдыздар)
  4. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі (деформация)
  5. Сүттің майлылығын анықтау үшін қолданылатын ареометрлер не деп аталады? (Лактометр)
  6. Шоқжұлдыз (жетіқарақшы)

Сайысты қорытындылау. Сайыста жеңіске жеткен оқушылары марапатталады.